Исабек Баршагүл Қашқынқызы

Исабек Баршагүл Қашқынқызы

Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент

                Исабек Баршагүл Қашқынқызы 1973 жылдың 28 мамырында Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Қараспан кеңшары, Мақташы ауылында дүниеге келген.1980 жылы Мақташы мектебіне барып, 1990 жылы Жамбыл орта мектебін  медальмен бітірген.

              1990 жылы М.О.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтына түсіп, 1995 жылы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Шымкент институтының тарих мамандығын  үздік дипломмен бітірді.

               1995-1998 жылдар аралығында Қ.А.Ясауи атындағы  ХҚТУ ШБ-нің «Қазақстан тарихы» кафедрасында  машықтанушы-ізденуші; 1998-2002 жылдар аралығында  «Бүкіл әлем» тарихы кафедрасында оқытушы, аға оқытушы; 2000-2002 жылдары тарих факультеті деканының  орынбасары; 2002-2003 оқу жылында  Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі; 2003-2004 оқу жылында сырттай оқу факультеті  деканының орынбасары; 2004 жылдан тарих факультетінің деканы қызметін атқарып келеді.

            1999 жылы Алматы қаласындағы Ш.Уәлиханов  атындағы Тарих және этнология институтында «Академик Р.Б.Сүлейменов: Қазақстан тарихын  зерттеудегі үлесі және ғылыми-ұйымдастырушылық қызметі» деген тақырыпта  кандидаттық диссертациясын қорғап шықты.

             «Академик Рамазан Сүлейменов» атты зерттеу монографиясы, 7 оқу құралы, 10-нан астам оқу-әдістемелік құралдардың және 60-тан астам ғылыми мақалалардың авторы.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің  2006-2008 жылдардағы  Дарынды жас ғалымдарға арналған стипендия иегері болды. 2008 жылы ҚР БжҒМ «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері атанды.

 Дайындаған студенттері екі рет «Қазақстан тарихы» пәнінен өткен Республикалық Олимпиада жүлдегері, бірнеше рет Республикалық студенттік ғылыми конференциялардың жүлдегері және «Болашақ» бағдарламасының  иегері болды. Қоғамдық және шығармашылық еңбектері бағаланып, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің, қала әкімінің алғыс хаттарымен марапатталған.

2004-2008 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Шымкент институты Тарих факультетінің, 2008-2011 жылдары Тарих және заң факультетінің деканы қызметін атқарды.

            2011-2012 оқу жылынан бастап Исабек Баршагүл Қашқынқызы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының Тарих және педагогика факультетінің деканы қызметін атқарды. 2012-2013 оқу жылынан бастап ОҚМПИ Тәрбие ісі жөніндегі проректор қызметін атқарды. 2014-2015 оқу жылынан бастап  Исабек Баршагүл Қашқынқызы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының Бірінші проректор – оқу ісі жөніндегі проректор қызметін атқаруда.