Байтанаев Бауыржан Әбішұлы

Байтанаев Бауыржан Әбішұлы.Тарих ғылымдарының докторы, профессор

Байтанаев Бауыржан Әбішұлы 1962 жылы дүниеге келген. 1984 жылы Шымкент педагогикалық институтын  тарих  және педагогика мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Отырар ауданындағы мемлекеттік археологиялық мұражай қорығының аға ғылыми қызметкері болып бастаған.

1987-1993 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайында  аға ғылыми  қызметкер жұмысын атқарды.

1993 жылы  кандидаттық диссертациясын қорғап, тарих ғылымдарының кандидаты, 2006 жылы доцент ғылыми атақтарын алды.1995 жылдан ҚР гуманитарлық академиясының  корреспондент  мүшесі.

2000-2006 жылдар аралығында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеттің археология, этнология және мұражай ісі  кафедрасының  меңгерушісі,сонымен бірге осы университеттің археологиялық  энциклопедиясының  жетекшісі,2007 жылдан археологиялық ғылыми-зерттеу  орталығының директоры қызметтерін атқарды.

          ҚР білім және ғылым министрлігінің іргелі  және қолданбалы  зерттеу бағдарламасы  шеңберіндегі  «Испиджаб аумағы қала  мәдениетінің     пайда  болуы мен  кенттену дамуын    зертеу» жобасының   жетекшісі, мемлекеттік «Мәдени мұра»  бағдарламасын «Шымкент  қала жұрты»  тақырыбы  бойынша  орындаушы, Юнесконың  халықаралық «Керуенсарай»  жобасын орындаушы, ҚР білім және ғылым министрлігінің  А.Х.Марғұлан атындағы археология институтының  далалық комитетінің мүшесі қызметтерін атқарды.

         Жүзден аса ғылыми еңбектердің  авторы. Оның ішінде «А.Диваевтың өмірі мен қызметі», «Көне Испиджап»  деген аса маңызды  еңбектерін атауға болады.

         Қазіргі таңда Б.Ә.Байтанаев ҚР БжҒМ Ә.Марғұлан атындағы Археология және этнология институтына басшылық етіп,  директор қызметін атқаруда.