Әбубәкіров Сағынғали Сандыбайұлы

Әбубәкіров Сағынғали Сандыбайұлы.Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент

            Әбубәкіров Сағынғали Сандыбайұлы 7 ақпан 1948 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласында туылған.

            1966 жылы Түркістан қаласындағы Н.Төреқұлов атындағы орта мектепті бітірген соң, еңбек жолын Сауран ауылындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепте бастады.

            1968 жылы Шымкент мемлекеттік педагогика институтының   тарих факультетіне түсіп, оны 1973 жылы тарихшы мамандығы бойынша үздік дипломмен бітіріп шықты. Студент кезінде Бүкілодақтық В.И.Ленин атындағы арнайы стипендияның иегері болды.

            1974 жылы Кеңес Армиясының қатарында болды. 1974-1977  жылдар  аралығында Шымкент облыстық партия комитетінің құжаттар бөлімінде ғылыми қызметкер: 1978-1980 жылдары Шымкент  педагогика институты тарих факультетінің оқытушысы; 1980-1983 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық академиясы Ш.Уәлиханов атындағы тарих институтының аспиранты; 1984-1988 жылдар аралығында Шымкент педагогикалық инстиуты КСРО тарихы кафедрасының аға оқытушысы; 1988-1991 жылдар Шымкент педагогикалық институты партия комитетінің хатшысы; 1991-1993 жылдар аралығында Шымкент педагогикалық институтының тәрбие жұмыстары  жөніндегі проректоры; 1994-1996 жылдары аға ғылыми қызметкер; 1996-1998  жылдар аралығында ХҚТУ Шымкент бөлімшесі «Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі, 1998-2003 жылдары ХҚТУ Шымкент бөлімшесі тарих факультетінің деканы; 2003-2004 жылдар аралығында «Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарды. Түркістан қаласының «Құрметті азаматы».

            1984 жылы Қазақстанда инженер-техник мамандарының қалыптасу тарихы (1946-1960 жылдар аралығы)» деген тақырыпта тарих ғылымы саласы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғап шыққан.

           3 ғылыми монографиясы, 5 оқу құралы, 5  әдістемелік нұсқалары мен  100-ге жуық ғылыми  мақалалары жарық көрген.

            С.С. Әбубәкіров «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» (1998 ж.), Оңтүстік Қазақстан облыстық Кеңесінің, Онтүстік Қазақстан облысы Әкімінің грамоталары мен алғыс хаттарын иеленген.  2005 жылы білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» медалімен  марапатталған. 2005 жылдың қорытындысымен Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің шешімімен «Ең үздік тәлімгер» номинациясын және «Шымкент қаласын дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін» медалін иеленіп, 2006 жылы «Мәдениет қайраткері» төс белгісімен марапатталды. Оңтүстік Қазақстан обылысы әкімінің жанындағы ономастикалық комиссиясының мүшесі. 2011 ж. 8 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің «Алғыс хатымен» марапатталған.

2004-2011 жж. Қ.А. Ясауи ХҚТУ Шымкент институты директорының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары, проректор  болып қызмет атқарды. 2011-2012 оқу жылынан бастап Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтында тәрбие ісі жөніндегі проректоры қызметін атқарды.

            2012 ж. ақпан айында ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен республикалық 2013-2020 жылдарға арналған жастар тәрбиесінің кешенді бағдарламасын дайындайтын жұмыс тобының құрамында болды.