Сартаева Халима Мамаджановна

Сартаева Халима Мамаджановна Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтта 1988 жылдан бастап жұмыс атқаруда, 2011 жылы Алматы қаласындағы  ҚР Білім және Ғылым министрлігінің зоология институтындағы Диссертациялық Кеңесте 030008-зоология мамандығы бойынша биология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне ие болды. ҚР Білім және Ғылым министрлігінің Білім және Ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті 2006 жылы 3 қарашада (№12 хаттама) биология мамандығы бойынша доцент ғылыми атағы берілді.

         2004-2005 оқу жылынан бастап қазірге дейін Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ ШИ, 2008 жылдан АИУ-да, 2011 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан мемелекеттік педагогикалық институтта биология кафедрасының  меңгерушісі қызметін сәтті  жүргізді. Аталған кафедраны оқу,  әдістемелік, жаңашыл инновациялық тәсілдерді қолдану, ғылыми-зерттеу, тәрбие жұмыстары  және сапа менеджмент жүйесі талаптары  бойынша жоғары деңгейде жүргізіп келді. 2011 жылы 10 ақпаннан бастап Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының тіркеу басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды. 2009 жылы білім мен ғылым саласына сіңірген көп жылғы жемісті еңбегі және жоғары жетістіктері үшін Оңтүстік Қазақстан облыстық маслихатының мадақтамасымен марапатталған.

Ғылыми – педагогикалық өтілі – 30 жыл.,205 ғылыми-әдістемелік еңбектері жарияланған, оның ішінде 3 монография, 45 оқу-әдістемелік  құралдар және нұсқаулар, 145 ғылыми мақалалар (Италия, Чехословакия, Қытай, Германия, ТМД елдерінде) және соңғы Macromedia Flach, Deiphi, HTML, Visual Basic программалау тілдерімен жасалған 12 мультимедиялық электронды құрал. Биология мамандығы бойынша жоғары курстағы бакалавриат, магистратурадағы жүргізілетін кәсіптік пәндердің (герпетология, орнитология, таксидермия, жануарлар экологиясы және т.б.)  авторы.

        Ғылыми жұмыстарының бір бөлігі Оңтүстік Қазақстан облысында тіршілік ететін қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың географиялық таралуына, систематикалық, репродуктивтік жағдайын анықтауға, қоршаған ортаның аталған жануарларға әсерін зерттеуге және оларды қоршаған ортаның биоиндикаторы ретінде маңызын анықтауға арналған. Оңтүстік Қазақстандағы мекен ететін қосмекенділермен бауырыменжорғалаушылардың экологиялық жағдайын зерттеп, олардың мекен ететін орталарындағы су, топырақ, өсімдіктердің және аталған жануарлардың пробаларына рентген-спектральды, атом-адсорбциялық, химиялық зерттеулер жүргізді. Сонемен қатар Оңтүстік Қазақстан облысында туіршілік ететін қосмекенділер мен бауырыменжорғалаушылардың фондық тұрлерінің кадастрын жасаған және таксономиясына ревизия жасаған. Бүл жұмыстардың нәтіжелері Х.М.Сартаеваның ғылыми жетекші жасаған дипломдық, кандидаттық, магистрлік диссертацияларында және   монографияларында жарияланған.

Өзінің біліміділігі, ізденімпаздығы арқасында 2007 жылы Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің “Жоғары оқу орынының үздік оқытушысы” мемелекеттік грантына ие болды.

 

    2009 жылы    «Разработка комплексной системы экологического просвещения на уранодобывающих предприятиях НАК Казатомпром» ғылыми жобаның жетекшісі болды. Ғылыми жобаны жүргізу барысында Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданының Созақ, Шолаққорған, Сызған, Таукент елді-мекендерінде болып халықтың көзқарасымен танысып, «Казатомпром» ҰАК-да қолданылатын қауіпсіз-экологиялық технологияларды зерттеп, жергілікті тұрғындарға насихаттау туралы іс-шаралар жүргізген.

       2011 жылы 28 сәуірде Сартаева Х.М  БҰҰ Экология және Тіршілік қауіпсіздігі Халықаралық Ғылым академиясының (MAHЭБ-Санкт-Петербург) корреспондент-мүшесі дипломына ие болды.

2011 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша «Жылдың үздік тәлімгері» номинациясының иегері.

         2011 жылы Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының екінші рет иесі болды.

 Сартаева Х.  2012-2014 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігінің гранттық қаржыландыру нәтіжесі бойынша «Уран өндірісін қоршаған ортаға әсері» тақырыбындағы ғылыми жобаға ғылыми жетекшілік жасады. Ғылыми жобада  уран өндірісінің аймағында тіршілік ететін  тірі ағзалардың радиациялық мониторингі жасалды. Ғылыми зерттеу нәтіжесінде уран өндірісіне жақын орналасқан  ОҚО техногенды зоналары анықталды; жануарлар  мен өсімдіктердің мекен ететін орталарының жақсарту әдістері мен технологиялары ұсынылды; радиациялық ластануға тұрақты биоиндикаторлар анықталған;   жергілікті халықты радиациядан қорғау маркетинг және инновациялық менеджменті ұсынылды.

2013 жылы ғылыми еңбектері ушін Сартаева Х.М. «Қазақстан Республикасының ғылымының дамытуға сіңірген еңбегі ушін» төсбелгімен марапатталды. 2016 жылы Сартаева Х.М. ғылыми ізденістерге ерекше қызметі ушін Европалық Жаратылыстану Академияның ғылыми кеңес шешімімен (Ганновер) Готфильд Вильгельм Лейбниц медалимен марапатталды.