Пошаев Дәнебек Қолдасұлы

Пошаев Дәнебек Қолдасұлы

12.02.1950 ж. Оңтүстік Қазақстан облысы, Келес ауданында туылған. ҚР Білім беру ісінің үздігі. ҚР Білім және ғылым министрлігі және облыстық кәсіподақ Кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапатталған (2012 ж., 2013 ж);.ЖОО үздік оқытушысы (2015 ж).

1972 жылы Шымкент педагогика институтына оқуға түсіп, оны 1977 жылы «Жалпытехникалық пәндер, физика және еңбек» мамандығы бойынша бітірді. Институт жолдамасымен ӨзбекССР, Ташкент облысының шалғай ауылдық №31 мектебінде физика мұғалімі қызметін атқарды. Онда білікті маман ретінде танылып, коммунистік партия құрамына кандидат етіп қабылданды. Өзі бітірген институт шақыртуымен, 1979 жылы «Жалпытехникалық пәндер» кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, факультет партия ұйымының хатшысы қызметтерін атқарды.

 1983-1988 жылдары Мәскеу қаласында КСРО Педагогика ғылымдары академиясының «Еңбекке баулу және кәсіби бағдар беру» ғылыми-зерттеу институтының стажер-зерттеушісі, аспиранты. 1988 жылы аталған иститутта «Кәсіби оқытудың политехникалық негіздері» тақырыбына педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі диссертациясын қорғады. Кеңес одағы мектептерін реформалауға байланысты (1984 жыл) Одақ бойынша 5–7 сыныптарда «Еңбекке баулу», 8-10 сыныптарды «Кәсіби оқыту»  бағыты бойынша 3 - бағдарламаларының авторы болды.

            1993 жылдан педагогика доценті ғылыми атағының иегері, 1988-1996 жж. Шымкент педагогикалық институтының «Жалпытехникалық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы, доценті, кафедра меңгерушісі қызметін атқарды.    1996-2000 жж. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің «Жаратылыстану – педагогикалық» факультетінің деканы, қазіргі кезде Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының «Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері» кафедрасының профессор м.а.,  қызметінде.

            Ұлттық білім беру мазмұнын қалыптастыру бағытында ізденушілерге басшылық жасай отырып бірнеше құнды мақалалар мен ұсыныстарды жариялады. Білімгерлердің білім сапасын басқару, олардың педагогикалық, ақпараттық мәдениетіне бағытталған әрекеттерін қалыптастыру мәселелері бойынша ізденушілерге ғылыми басшылық жасай отырып, халықаралық деңгейде бірнеше мақалалар, оның ішінде рейтингісі жоғары «импакт-фактормен» Австрия, Исландия, Индия және Ресей басылымдарында жариялап келеді. «Үздіксіз білім  жүйесіндегі  оқыту мазмұнын мәдениет контекстінде қалыптастырудың тероиясы және практикасы» тақырыбы бағытында педагогикалық ғылыми зерттеулер және ғылыми Жобалар жүргізуде.   Оқыту мазмұны және үдерісін жетілдіру бағытында алға тартып отырған, бірқатар концептуальді  мәселелері, оның ішінде, білімді меңгертуді басқару теориясына негізделген – «оқытудың бірыңғай технологиясы» (Абдуллина Г. - PhD докторлық, Абдуллаев Қ.- магистрлік диссертация ), «оқыту мазмұнының мәдениет қалыптастырушы функциясы» (А.Қожамқұлава, Айнаходжаева Л –магистрлік диссертация), «мәдениеттің функциональдық моделі тұрғысындағы оқыту үдерісі» (Кененбаева Р, Халмуратов Н және т.б.), әдістемелік бағыттағы «оқытудың детерминистік принципі» (Ұзахова А.- кандидаттық диссертация ), «оқытудың генетикалық тәсілі» (Ұзахова А., Ахтанова С - кандидаттық диссертация), «оқу материалдарының құрылымдық - мазмұндық сипаты» (Қозыбақов М.Ж. – монография) бағыттары бойынша бірқатар ғылыми зерттеу еңбектерінде басшылыққа алынды. Ғылыми педагогикалық қызметі барысында: 2 монография;   6 - ЖОО негізі білім стандарттарының, 6-арнаулы оқу орны, 6 - мектеп бағдарламасының, 13 -ЖОО типтік бағдарламаларының, 23 - ҚР БҒМ

білім беру саласын бақылау Комитеті ұсынған жорналдарда; 2 – авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы Куәлік (2015 ж);    Импакт-факторы нольдік емес жорналдарда – 4; 2- алыс шетелдік, 4-жақын шетелдік ғылыми жорналдарда; 180-ге жуық ғылыми  мақалалар, 10- Республикалық  оқу –әдістемелік кеңесі (РУМС)  ұсынған оқу құралдарының авторы. Оның ішінде: «Жалпытехникалық терминдердің орысша-қазақша сөздігі – 10,0 б.т. «Автоматика, электроника және электротехника терминдерінің түсіндірме сөздігі» - 22,7 б.т., «Ғылыми-педагогикалық зерттеу негіздері» - 16,4 б.т., «Мамандыққа кіріспе» - 14,6 б.т., «Педагогика, педагог және заман талабы» - 6,0 б.т., «Мамандық таңдау негіздері» - 6,1 б.т. «Технология» пәнін оқыту әдістемесі – 24,0 б.т., «Арнайы пәндерді оқыту әдістемесі»- 10.0 б.т. «Кәсіптік бағдар беру теориясы  және практикасы» – 27 б.т.және   т.б. жарыққа шықты,  Қазақстан Республикасының бірқатар жоғары оқу орындарының оқыту үдерісіне ендірілді.