БАЙСЕИТОВА НУРИЛА МАКУЛБЕКОВНА

БАЙСЕИТОВА НУРИЛА МАКУЛБЕКОВНА

 Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты

«Жаратылыстану»  факультеті  «Биология»  кафедрасының доценті, биология ғылымдарының кандидаты

         Байсеитова Нурила Макулбековна 1963 жылы 15-желтоқсанда   Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданында дүниеге келді. Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын «Химия және биология»  пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша аяқтады.  

      1989 жылы М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтының «Химия-биология» факультетінің  «Жалпы биология» кафедрасына оқытушы болып қабылданып, қазіргі уақытта Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты болып қайта құрылған осы оқу орнынның «Биология» кафедрасында доцент қызметін атқарады.  1994-1998 жылдары Әл-Фараби атындағы  Қазақ Ұлттық университетінің   аспирантура бөлімінде оқыды. 2001 жылы осы университеттің Диссертациялық Кеңесінде кандидаттық диссертациясын сәтті қорғап, биология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды. 2007 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің қадағалау және аттестаттау Комитетінің шешімімен доцент ғылыми атағы берілді.  Қазіргі кезеңге дейін  200-ге жуық  оқу әдістемелік құралдары мен ғылыми мақалалары жарыққа шықты. Оның ішінде 1 монографиясы,  8 оқу құралы, электронды оқыту құралдары мен  бірнеше оқу-әдістемелік құралдары бар.  Ғылыми мақалалары шет елдерде (Германия, Польша, Турция, Ресей) және Республикалық   ғылыми басылымдарында жарияланды. 2011 жылғы Республикалық «Химия және биология пәні мұғалімдерінің 1-съезінің» делегаты. 2012 жылғы «ЖОО-ның үздік оқытушысы» конкурсының грант иегері. 2013 жылы Туркия мемлекетіндегі Гази университеті мен Кырыккале университетінде  ғылыми-зерттеу зертханаларының ұйымдастырылуы және ғылыми-зерттеу әдістерін меңгеру бойынша тағылымнамада болды.

       Байсеитова Нурила Макулбековна осы жоғары оқу орнында 28 жылдан астам қызмет етіп, оқу ісімен қатар деканның орынбасары, декан қызметтерін  атқарды. Студенттерге рухани-ағартушылық тәрбие берудегі жетістіктері мен  ғылыми-зерттеу жұмыстарын игілікті басқарғаны үшін,  оқу-әдістемелік,  ғылыми және тәрбие жұмыстарындағы басқа да жетістіктері үшін бірнеше алғыс хаттармен марапатталған. Марапатталған наградалары мен алғыс хаттары:

- «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы - 2012» медалімен наградталды. –Астана, 2012ж.

- Білім беру саласына сіңірген еңбегі үшін Республикалық «НҰР Отан» қоғамдық-саяси партиясының  алғыс хатымен марапатталды.  –Астана, 2012ж.

- ОҚМПИ-ның Ректорының алғыс хатымен білім және ғылым  саласындағы еңбектері үшін марапатталды, 2012 ж.

- Ғылым және білім саласындағы жетістіктері үшін Облыстық мәслихат төрағасының алғыс хатымен марапатталды, 2013ж.

- Ғылыми жобалар байқауларына үздіксіз қатысып, оқушыларды ғылыми жұмыстарға баулудағы еңбектері үшін  білім басқармасының бастығы Ж.Тажиеваның алғыс хатымен марапатталған, 2013ж.

- ЖОО-да білім беру жүйесі мен ғылымды дамытуға сіңірген көп жылдық  еңбектері үшін ОҚМПИ-ның Ректорының алғыс хатымен марапатталған, 2013ж.

 - «ЖОО-ның Үздік оқытушысы-2012» сертификатын иеленді.

- CERTIFICATE has attended Oxford Professional Seminar 24 October, 2012.

- CERTIFICATE FOR COMPLETION of theoretical and practical course “Analysis of Criminal Behavior and work with the Polygraph”. 2013.

- ZERTIFIKAT hat am Kongress vom 04.06-05.06.2013 zum Thema: Advanced methods of diagnosis, treatment and prophylactics. Hannover, 2013.