Түлекті жұмысқа орналастыру туралы

Ата-ана

Маған Есенбекова Салатанат қызымның болашақ жұмыс орны туралы жолдаған хаты ой салды. 2015 жылы ОҚО мектептері бойынша 64 қана орын министрлікке бос деп беріліпті (Осы құжат бойынша: Заявка № 2/1586 "ГУ ""Управление образования Южно-Казахстанской области"" о вакантых рабочих местах  в государственных медицинских организациях, расположенных в сельской местности" от 08.04.2015г.). Облысымызда 1000-нан аса мектепке 64 қана мұғалім қажет болған. Онда да толық жүктемеге емес! Сіздердің оқу орындарыныңыз бітіретін түлектерден болашақ жұмыс орныңнан анықтама әкел деп талап етіп жатыр екен. Мынадай заманда, жұмыс істеп жатқандардың өзі қысқарып жатыр. Қолында әлі дипломы жоқ түлекке кім жұмыс бере қояды. Осы мәселені оң шешіп берсеңіз. 

Ответ: 

Біз бар түлектерді жұмысқа орналастырып келе жатырмыз. Бірақ ол үшін бізбен түлек тығыз байланыста болу керек. Сіздің қызыңыз туралы мәлімет аз. Қысқаша айтқанда, институттың «Кәсіптік бағдар және бітірушілерді жұмыспен қамту» басқармасының басшысы Арзымбетова Шолпан Жақсылыққызына хабарлассын.

Телефоны: 8 (725) 2 -21-29-21