ҚОЗЫКЕЕВА РАЙХАН

ҚОЗЫКЕЕВА РАЙХАН

техника ғылымдарының кандидаты, доцент

Қозыкеева Райхан Әбілдақызы  1965 жылы Оңтүстік  Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Алтынтөбе ауылында дүниеге келген. 1983 жылы Шымкент қаласындағы  Қ.Сыпатаев атындағы №7 орта мектепті бітірді.   

1989 жылы М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтына оқуға түсіп, 1994 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік университеті Шымкент институтының жаратылыстану факультетін химия және биология мамандығы бойынша бітіріп шықты. Сол 1994 жылы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Шымкент бөлімінің  физикалық және коллоидты химия  кафедрасына аға лаборант қызметіне қабылданды.

1995 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің аспирантурасына түсіп, 1999 жылы коллоидты химия мамандығы бойынша ”Метакрил қышқылы және тиомочевина негізінде суда еритін полиэлектролиттің алу әдістемесі мен технологиясын өңдеу” тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады.

1999 -2010 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік университеті Шымкент институтының органикалық және физикалық химия кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарды.  Р. Қозыкееваға 2006 жылы ҚР ЖАҚ шешімімен  доцент ғылыми атағы берілді.

2010-2011 оқу жылында  жаратылыстану факультеті деканының орынбасары қызметінде болды.

Р. Қозыкеева – 57 ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде 2 авторлық куәлігі, 4 оқу құралы, 3 электрондық оқу құралы, 12 оқу-әдістемелік нұсқауы бар.