ҚАЙЫРБЕКОВА ҰЛБАЛА

ҚАЙЫРБЕКОВА ҰЛБАЛА

филология ғылымдарының кандидаты

Қайырбекова Ұлбала Жұматқызы 1964 жылы Түлкібас ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын Ә.Науаи атындағы орта мектептен бастаған. 1991ж. М.О.Әуезов атындағы  Шымкент педагогика институтын үздік дипломмен бітірген. 1991 жылдан бастап Шымкент педагогика институты, кейінірек Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ ШИ және 2008 жылдан АИУ қазақ тілі кафедрасының оқытушысы болып қызмет атқарды. 1998-2001 жылдар аралығында Қ.А.Ясауи атындағы  ХҚТУ-дың аспирантура бөлімінде білім алып, ғылыми-зерттеу жұмысын жазумен айналысты.

 2003ж.  ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында ф.ғ.д., профессор Н.Авазбаевтың жетекшілігімен «Түркі лексикасын компонентті талдау (қазақ, түрік, өзбек тілдері материалдары негізінде)» деген тақырыпта 10.02.06- түркі тілдері мамандығы бойынша кандидаттық  диссертациясын қорғады.

2011 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педогогикалық институтының Қазақ тілі және қазақ әдебиеті кафедрасына аға оқытушы қызметіне қабылданды. Мамандықтың оқу жоспарын жасауда, студенттердің ғылыми жұмыстарына жетекшілік жасау және т.б. қоғамдық жұмыстарды атқаруда белсенділік танытып келеді. 4 магистрлік диссертацияға жетекшілік жасап, ғылыми бағыт-бағдар берді.

Ұ.Ж.Қайырбекова «Тіл білімі: теориялық және практикалық мәселелері» (2007), «Тілдік қатынас негіздері» (Шымкент, 2007), «Тіл біліміне кіріспе», «Когнитивті лингвистика», атты оқу құралдарының, 40-қа жуық ғылыми мақалалардың авторы.

«Қазақ тілінің семантикасы», «Қазіргі қазақ тілі» (лексикология), «Әлеуметтік лингвистика», «Ономастика мәселелері», «Іскерлік қазақ тілі», «Орфография және пунктуация», «Қазақ тілінің тарихи грамматикасы», «Қазақ тілінің стилистикасы», «Көркем мәтінге лингвистикалық талдау», «Жалпы тіл білімі», «Қазақ жазуының тарихы» пәндерінен дәріс береді.