Оңалбай Аяшұлы, ОҚМПИ-да 3 жыл бойы оқып жатырмын

Бегалиев Абай

Оңалбай Аяшұлы, ОҚМПИ-да 3 жыл бойы оқып жатырмын. ЖОО-ны дұрыс таңдадым деп ойлаймын. Бірақ ұстаздық әйелдерге көбірек тән мамандық деп есептегендіктен, жүрегімде жиі күмән туып, техникалық мамандық алғаным дұрыс, басқа оқу орнына ауыссам ба екен деп көп ойланатын едім. Қазіргі таңда, ұстаз болу – мен үшін өзекті, қажетті мамандық екеніне көзім жетті. ОҚМПИ-да оқитынымды мақтан тұтамын.

Ответ: 

Абай! Түсінгеніңе рақмет! Тәрбие тізгіні ер жігіттерде болғаны дұрыс.

Алып анадан туса, білім алыптары ер жігіттерден бастау алады.