Институт тарихы туралы

Қазақ жанашыры

Амансыз ба, Оңалбай Аяшұлы!

Инситутыңыздың жаңа сайтымен танысып шығып, мынадай сұрақтарды Сізге жолдауды жөн көрдім:

1. Институт тарихында 2011 жылы ХҚТУ Шымкент бөлімінен кейін ОҚМПИ құрылды деп жазылған. ХҚТУ Шымкент бөлімі (филиалы, институты)  2008 жылы Шымкентте жұмысын тоқтатқаны белгілі. Сонда 3 жылы бойы бұл мекеме заңсыз жұмыс істеп келген бе?

2. Түлектер ассоциациясында Сіздің институтқа қатысы жоқ тұлғалар тізімге енгізіліпті. Себебі Шымкент педагогикалық институты 1954-1993 және 2011 жылдан бастап қазірге дейінгі аралықта жұмыс істеп келеді. 1937-1954 жылдары институт дәрежесінде болмаған. Сайттағы түлектердің арасында ХҚТУ-дың 1993-2008 жылдардағы түлектері кездеседі. Бұл қалай болғаны? Олар туралы мәлімет Түркістан қаласындағы мұрағатта сақталуы керек емес пе? Олардың жоғары білім туралы дипломдары сол университеттен берілді емес пе?      

Уақытыңызды бөліп, нақты жауабын береді деп үміттенемін. Әрине, бұл сұрақты сайт модераторы жарияламай қоюы да мүмкін.

Бірақ теледидардан өзіңізді көргенде "Қара қылды қақ жарып, әділін айтатын" жан деп есептейміз. 

Ответ: 

Құрметті Қазақ жанашыры!

1. Сұрағыңыз дұрыс. 3 жыл баяғы ШПИ жеке меншік Академиялық инновациялық университет болып жұмыс істеді. Елбасының бастауымен бұрынғы ШПИ қайтадан мемлекеттік статуста шаңырақ көтерді. Елбасына алғысымыз шексіз. Сіз де осы ойға қосылады деп үміттенеміз.

2. Өз түлектерімізді қатты қадірлейміз. Мақтан тұтамыз. Мақтанамыз. Ал енді түрлі себептермен басқа тұлғалар еніп кетсе, оның оншалықты оқасы жоқ шығар. Бірақ мәліметтерді тексеріп, нақтылаймыз. Сұрағыңыз үшін үлкен рақмет!