ОСПАН БЕРДАЛЫ

ОСПАН БЕРДАЛЫ

белгілі мәдениеттанушы

Оспан Бердалы Әсілханұлы 1955 жылы Шымкент қаласында туған. 1973 жылы Шымкент қаласындағы Қарсыбай Сыпатаев атындағы №7 мектепті бітірген. 1973 жылы  Шымкент педагогикалық институтының көркем графика факультетіне түсіп, оны 1978 жылы бітірген. Оспан Бердалы Әсілханұлы республикалық, облыстық және қалалық сурет көрмелеріне қатысқан. Суреттері облыстық, республикалық газет журналдарда және 2008 жылы жарық көрген Оңтүстік Қазақстан облысы суретшілерінің шығармашылығына арналған «Өнерлі өлке суретшілері» атты кітапта жарық көрді.

Б.Ә.Оспан ОҚО тарихи өлкетану мұражайында, бірнеше газеттерде қызмет етті. 1987 жылы «Музей» атты музыкалық топ құрды. 1994 жылы өзі ұйымдастырған «Музей» тобымен КСРО және ТМД елдері республикаларының арасында алғашқы болып Англия мемлекетінің Ливерпуль қаласында  «Битлз» тобы музыкасының   Бүкілдүниежүзілік фестиваліне қатысты. Республикалық «Рокпар» дәстүрлі музыкалық фестивалін ұйымдастырды. Қазақ тілінде жазылған «Жұлдыз болғың келсе» кітабының тараулары «Шұғыла», «Молодежь Узбекистана» газеттерінде және «Керемет» журналында жарияланды.

Б.Ә.Оспанның 2001 жылы орыс тілінде жазған «Как стать звездой» кітабы жарық көрді. «Сорос» қорының грантын ұтып алып, жас сазгерлер мен әншілерге «Жұлдыздар мектебі» жобасын іске асырды. Мәдениет, тарих және қоғамдық мәселелер тақырыбына жазылған мақалалары қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде «Қазақ әдебиеті», «Түркістан», «Шұғыла», «Аdam reader`s», «World discovery Kazakhstan», «Камертон», «Новое поколение» т.б. газет-журналдарда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жариялануда. Қазіргі таңда шығармашылық жұмыспен айналысады. «Қазақ есімдерінің алтын қоры» кітабын жазу үстінде. Бауыржан Момышұлы атындағы «Батыр шапағаты» медалінің иегері.