"Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

"Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 маусымдағы № 370 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 шілдеде № 11627 тіркелді

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған «Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті (С.Е. Жолдасбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуді;
      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты ресми жариялауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    А. Сәрінжіпов

Қазақстан Республикасы   
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 9 маусымдағы  
№ 370 бұйрығымен бекітілген

«Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) № 11107 нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік Реестрінде тіркелген «Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды мемлекеттік есепке алу қағидаларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 206 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде жүзеге асырады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі тіркеу күні мен нөмірі көрсетілген құжаттарды қабылдау туралы анықтама болып табылады.

2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы.

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастау үшін көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағына сәйкес конкурстық құжаттар (бұдан әрі – конкурстық құжаттар) ұсынуы негіз болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсетудің құрамына кіретін әр рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны:
      1) Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі конкурстық құжаттарды қабылдайды, тіркейді және оларды Ғылыми-техникалық саясат басқармасына күнтізбелік 30 күн ішінде жолдайды;
      2) Қызмет берушінің Ғылыми-техникалық саясат басқармасы конкурстық құжаттарды конкурс жарияланған кезден бастап 30 күнтізбелік күн ішінде қабылдайды және тіркеу журналына тіркейді.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі өзара іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде қызмет көрсетуге келесі бөлімшелер қатысады:
      1) Қызмет көрсетушінің кеңсесі;
      2) Қызмет көрсетушінің Ғылыми-техникалық саясат басқармасы;
      7. Қызмет көрсетушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) арасындағы рәсімдеудің (іс-қимылдардың) тізбектілік сипаттамасы.
      1) Қызмет көрсетушінің кеңсесі конкурстық құжаттар қабылдайды, тіркейді және оларды күнтізбелік 30 күн ішінде Ғылыми-техникалық саясат басқармасына жолдайды;
      2) Қызмет көрсетушінің Ғылыми-техникалық саясат басқармасы конкурстық құжаттарды қабылдауды іске асырады және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін күнтізбелік 30 күн ішінде береді. 

 

Четверг, 24 декабря 2015, 6:33 +03:00 от Gulnur Askerbekkyzy <gulnur_96_92@mail.ru>:

 

"Білім беру қызметіне лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 2 маусымдағы № 357 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 шілдеде № 11563 тіркелді

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкесБҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған «Білім беру қызметіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
      2. «Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 20 маусымдағы № 235 бұйрығының 1-тармағы 5) тармақшасының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9604 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2014 жылғы 30 қазанда № 212 (28435) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (С. Нюсупов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң осы бұйрықты ресми жариялауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    А. Сәрінжіпов

Қазақстан Республикасы    
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 2 маусымдағы   
№ 357 бұйрығымен бекітілген

«Білім беру қызметіне лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «Білім беру қызметіне лицензия беру» мемлекеттік қызметін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің аумақтық департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).
      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 204 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11120 болып тіркелген) бекітілген «Білім беру қызметіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 10-тармағында көзделген жағдайда және негіздер бойынша берілген лицензия және/немесе оған қосымша, қайта ресімделген лицензия және/немесе оған қосымша, лицензияның және/немесе оған қосымшаның телнұсқалары не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі
өзара іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттармен бірге электронды сұранысты беруі негіз болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны:
      1) лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны беру, заңды тұлға-лицензиатты бөлу немесе шығару нысанында қайта ұйымдастыру кезінде онда бар лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу:
      1-процесс – 1 (бір) жұмыс күні ішінде порталда электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұранысын) тіркеу және сұранысты өңдеу;
      2-процесс – 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруі; 
      3-процесс – 24 (жиырма төрт) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына және лицензия беру негіздеріне сәйкестігін көрсетілетін қызметті берушінің тексеруі;
      4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 10-тармағында көзделген лицензия беру негіздеріне сәйкес келмеуіне байланысты сұраныс түскен қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру; не көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына және лицензия беру негіздеріне сәйкес келуіне байланысты көрсетілетін қызмет нәтижесін қалыптастыру. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасын қолдану арқылы 4 (төрт) жұмыс күні ішінде қалыптасады.
      2) лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу:
      1-процесс – 4 (төрт) сағат ішінде порталда электрондық құжатты (қызмет алушының сұранысын) тіркеуі және сұранысты өңдеу;
      2-процесс – 4 (төрт) сағат ішінде көрсетілетін қызметті берушінің ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруі; 
      3-процесс – 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының лицензияны қайта ресімдеу талаптарына және негіздеріне сәйкестігін көрсетілетін қызметті берушінің тексеруі;
      4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына және Стандарттың 10-тармағында көзделген лицензия беру негіздеріне сәйкес келмеуіне байланысты сұраныс түскен қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру; не көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына және лицензия беру негіздеріне сәйкес келуіне байланысты көрсетілетін қызмет нәтижесін қалыптастыру. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасын қолдану арқылы 1 (бір) жұмыс күні ішінде қалыптасады.
      3) лицензияның және/немесе оған қосымшаның телнұсқасын беру:
      1-процесс – 4 (төрт) сағат ішінде порталда электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұранысын) тіркеу;
      2-процесс – 4 (төрт) сағат ішінде көрсетілетін қызметті берушінің лицензияның бар екендігін тексеруі; 
      3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының портал қалыптастырған қызмет нәтижесін (электрондық лицензия) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасын қолдану арқылы 1 (бір) жұмыс күні ішінде қалыптасады.
      6. Келесі рәсімді (іс-қимылдарды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижесі:
      1) тіркелген өтініш;
      2) электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрондық құжат нысанында берілген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап;
      3) лицензия және/немесе оған қосымша, қайта ресімделген лицензия және/немесе оған қосымша, лицензияның және/немесе оған қосымшаның телнұсқалары.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне мынадай құрылымдық бөлімшелер қатысады:
      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінде (бұдан әрі – Комитет):
      1) кеңсе қызметкері;
      2) лицензиялау, нострификациялау және апостильдеу басқармасының қызметкері;
      3) лицензиялау, нострификациялау және апостильдеу басқармасының басшысы;
      4) төраға орынбасары;
      5) білім беру қызметін лицензиялау жөніндегі комиссия;
      6) төраға;
      Комитеттің аумақтық департаменттерінде (бұдан әрі - Департамент):
      1) кеңсе қызметкері;
      2) білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің қызметкерлері; 
      3) білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы;
      4) әкімшілік және қаржы жұмыстары бөлімінің басшысы; 
      5) білім беру қызметін лицензиялау жөніндегі комиссия;
      6) Департамент басшысы.
      8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі құрылымдық бөлімшелер арасындағы мынадай рәсімдерден тұрады: 
      Комитетте:
      1) лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны беру, заңды тұлға-лицензиатты бөлу немесе шығару нысанында қайта ұйымдастыру кезінде онда бар лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу:
      1-рәсім – 2 (екі) сағат ішінде кеңсе қызметкері электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұранысы) порталда тіркейді және төрағаға жолдайды;
      2-рәсім – 2 (екі) сағат ішінде төраға қарар жазады және көрсетілетін қызметті алушының сұранысын төраға орынбасарына жолдайды;
      3-рәсім – 2 (екі) сағат ішінде төраға орынбасары қарар жазады және көрсетілетін қызмет алушының сұранысын лицензиялау, нострификациялау және апостильдеу басқармасының басшысына жолдайды;
      4-рәсім – 2 (екі) сағат ішінде лицензиялау, нострификациялау және апостильдеу басқармасының басшысы лицензиялау, нострификациялау және апостильдеу басқармасының қызметкерлері қатарынан жауапты орындаушыны тағайындайды;
      5-рәсім – лицензиялау, нострификациялау және апостильдеу басқармасының қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттардың толықтығын тексереді, 22 (жиырма екі) жұмыс күні ішінде Стандарттың 10-тармағында көзделген лицензия беру негіздеріне сәйкестігін тексереді, соның ішінде тексерілетін тұлғаға бару мүмкіндігі арқылы жүзеге асырады, сараптамалық қорытынды әзірлейді және оны білім беру қызметін лицензиялау жөніндегі комиссияның қарауына ұсынады.
      6-рәсім – 2 (екі) жұмыс күні ішінде білім беру қызметін лицензиялау жөніндегі комиссия сараптамалық қорытындыны қарастырып, шешім қабылдайды;
      7-рәсім - 1 (бір) жұмыс күні ішінде білім беру қызметін лицензиялау жөніндегі комиссияның шешімі негізінде электрондық шешім қалыптастырады (электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап; лицензия және/немесе оған қосымша) және шешімді тексеру үшін басқарма басшысына жолдайды;
      8-рәсім – 1 (бір) жұмыс күні ішінде лицензиялау, нострификациялау және апостильдеу басқармасының басшысы шешімді тексереді және келісу үшін төраға орынбасарына жолдайды;
      9-рәсім – 1 (бір) жұмыс күні ішінде төраға орынбасары шешімді тексереді және қол қою үшін төрағаға жолдайды;
      10-рәсім – 1 (бір) жұмыс күні ішінде төраға шешімді тексереді және электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып қол қояды.
      2) лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу:
      1-рәсім – 1 (бір) сағат ішінде кеңсе қызметкері электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұранысы) порталда тіркейді және төрағаға жолдайды;
      2-рәсім – 1 (бір) сағат ішінде төраға қарар жазады және көрсетілетін қызметті алушының сұранысын төраға орынбасарына жолдайды;
      3-рәсім – 1 (бір) сағат ішінде төраға орынбасары қарар жазады және көрсетілетін қызмет алушының сұранысын лицензиялау, нострификациялау және апостильдеу басқармасының басшысына жолдайды;
      4-рәсім – 1 (бір) сағат ішінде лицензиялау, нострификациялау және апостильдеу басқармасының басшысы лицензиялау, нострификациялау және апостильдеу басқармасының қызметкерлері қатарынан жауапты орындаушыны тағайындайды;
      5-рәсім – 4 (төрт) сағат ішінде лицензиялау, нострификациялау және апостильдеу басқармасының қызметкері құжаттардың толықтығын тексереді, 1 (бір) жұмыс күні ішінде қызмет алушының лицензия қайта ресімдеу негіздеріне сәйкестігін тексереді және шешім қалыптастырады (электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап; қайта ресімделген лицензия және/немесе оған қосымша) және шешімді тексеру үшін басқарма басшысына жолдайды;
      6-рәсім – 4 (төрт) сағат ішінде лицензиялау, нострификациялау және апостильдеу басқармасының басшысы шешімді тексереді және келісу үшін төраға орынбасарына жолдайды;
      7-рәсім – 2 (екі) сағат ішінде төраға орынбасары шешімді тексереді және қол қою үшін төрағаға жолдайды;
      8-рәсім – 2 (екі) сағат ішінде төраға шешімді тексереді және электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып қол қояды.
      3) лицензияның және/немесе оған қосымшаның телнұсқасын беру:
      1-рәсім – 1 (бір) сағат ішінде кеңсе қызметкері электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұранысы) порталда тіркейді және төрағаға жолдайды;
      2-рәсім – 1 (бір) сағат ішінде төраға қарар жазады және көрсетілетін қызметті алушының сұранысын төраға орынбасарына жолдайды;
      3-рәсім – 1 (бір) сағат ішінде төраға орынбасары қарар жазады және көрсетілетін қызмет алушының сұранысын лицензиялау, нострификациялау және апостильдеу басқармасының басшысына жолдайды;
      4-рәсім – 1 (бір) сағат ішінде лицензиялау, нострификациялау және апостильдеу басқармасының басшысы лицензиялау, нострификациялау және апостильдеу басқармасының қызметкерлері қатарынан жауапты орындаушыны тағайындайды;
      5-рәсім – 1 (бір) жұмыс күні ішінде лицензиялау, нострификациялау және апостильдеу басқармасы қызметкері лицензияның бар болуын тексереді және шешім қалыптастырады (электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап; лицензияның және/немесе оған қосымшаның телнұсқалары) және шешімді тексеру үшін басқарма басшысына жолдайды;
      6-рәсім – 1 (бір) сағат ішінде лицензиялау, нострификациялау және апостильдеу басқармасының басшысы шешімді тексереді және келісу үшін төраға орынбасарына жолдайды;
      7-рәсім – 1 (бір) сағат ішінде төраға орынбасары шешімді тексереді және қол қою үшін төрағаға жолдайды;
      8-рәсім – 1 (бір) сағат ішінде төраға шешімді тексереді және электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып қол қояды.
      Департаменттерде:
      1) лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны беру, заңды тұлға-лицензиатты бөлу немесе шығару нысанында қайта ұйымдастыру кезінде онда бар лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу:
      1-рәсім – 1 (бір) күн ішінде кеңсе қызметкері электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұранысы) порталда тіркейді және Департамент басшысына жолдайды;
      2-рәсім – 1 (бір) күн ішінде Департамент басшысы қарар жазады және көрсетілетін қызметті алушының сұранысын әкімшілік және қаржы жұмыстары бөлімінің басшысына жолдайды;
      3-рәсім – 1 (бір) күн ішінде әкімшілік және қаржы жұмыстары бөлімінің басшысы қарар жазады және көрсетілетін қызмет алушының сұранысын білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысына жолдайды;
      4-рәсім – 1 (бір) күн ішінде білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің қызметкерлері қатарынан жауапты орындаушыны тағайындайды;
      5-рәсім – білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттардың толықтығын тексереді, 22 (жиырма екі) жұмыс күні ішінде Стандарттың 10-тармағында көзделген лицензия беру негіздеріне сәйкестігін тексереді, оның ішінде тексерілетін тұлғаға бару мүмкіндігін қарастыра отырып, сараптамалық қорытынды әзірлейді және оны білім беру қызметін лицензиялау жөніндегі комиссияның қарауына ұсынады.
      6-рәсім – 2 (екі) жұмыс күні ішінде білім беру қызметін лицензиялау жөніндегі комиссия сараптамалық қорытындыны қарастырып, шешім қабылдайды;
      7-рәсім - 1 (бір) жұмыс күні ішінде білім беру қызметін лицензиялау жөніндегі комиссияның шешімі негізінде электрондық шешім қалыптастырады (электрондық цифрлық қолтаңба (ескертпе орындаушыда ЭЦҚ жоқ) қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап; лицензия және/немесе оған қосымша) және шешімді тексеру үшін білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысына жолдайды;
      8-рәсім – 1 (бір) жұмыс күні ішінде білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы шешімді тексереді және келісу үшін әкімшілік және қаржы жұмыстары бөлімінің басшысына жолдайды;
      9-рәсім – 1 (бір) жұмыс күні ішінде әкімшілік және қаржы жұмыстары бөлімінің басшысы шешімді тексереді және қол қою үшін Департамент басшысына жолдайды;
      10-рәсім – 1 (бір) жұмыс күні ішінде Департамент басшысы шешімді тексереді және электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып қол қояды.
      2) лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу:
      1-рәсім – 1 (бір) күн ішінде кеңсе қызметкері электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұранысы) порталда тіркейді және Департамент басшысына жолдайды;
      2-рәсім – 1 (бір) күн ішінде Департамент басшысы қарар жазады және көрсетілетін қызметті алушының сұранысын әкімшілік және қаржы жұмыстары бөлімінің басшысына жолдайды;
      3-рәсім – 1 (бір) күн ішінде әкімшілік және қаржы жұмыстары бөлімінің басшысы қарар жазады және көрсетілетін қызмет алушының сұранысын білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысына жолдайды;
      4-рәсім – 1 (бір) күн ішінде білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің қызметкерлері қатарынан жауапты орындаушыны тағайындайды;
      5-рәсім – 1 (бір) күн ішінде білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің қызметкері құжаттардың толықтығын тексереді, 1 (бір) жұмыс күні ішінде қызмет алушының лицензия қайта ресімдеу негіздеріне сәйкестігін тексереді және шешім қалыптастырады (электрондық цифрлық қолтаңбасы (ескертпе орындаушыда ЭЦҚ жоқ) қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап; қайта ресімделген лицензия және/немесе оған қосымша) және шешімді тексеру үшін білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысына жолдайды;
      6-рәсім – 1 (бір) күн ішінде білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы шешімді тексереді және келісу үшін әкімшілік және қаржы жұмыстары бөлімінің басшысына жолдайды;
      7-рәсім – 1 (бір) күн ішінде әкімшілік және қаржы жұмыстары бөлімінің басшысы шешімді тексереді және қол қою үшін Департамент басшысына жолдайды;
      8-рәсім – 1 (бір) сағат ішінде Департамент басшысы шешімді тексереді және электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып қол қояды.
      3) лицензияның және/немесе оған қосымшаның телнұсқасын беру:
      1-рәсім – 1 (бір) сағат ішінде кеңсе қызметкері электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұранысы) порталда тіркейді және Департамент басшысына жолдайды;
      2-рәсім – 1 (бір) сағат ішінде Департамент басшысы қарар жазады және көрсетілетін қызметті алушының сұранысын әкімшілік және қаржы жұмыстары бөлімінің басшысына жолдайды;
      3-рәсім – 1 (бір) сағат ішінде әкімшілік және қаржы жұмыстары бөлімінің басшысы қарар жазады және көрсетілетін қызмет алушының сұранысын білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысына жолдайды;
      4-рәсім – 1 (бір) сағат ішінде білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің қызметкерлері қатарынан жауапты орындаушыны тағайындайды;
      5-рәсім – 1 (бір) жұмыс күні ішінде білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің қызметкері лицензияның бар болуын тексереді және шешім қалыптастырады (электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап; лицензияның және/немесе оған қосымшаның телнұсқалары) және шешімді тексеру үшін білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысына жолдайды;
      6-рәсім – 1 (бір) сағат ішінде білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы шешімді тексереді және келісу үшін әкімшілік және қаржы жұмыстары бөлімінің басшысына жолдайды;
      7-рәсім – 1 (бір) сағат ішінде әкімшілік және қаржы жұмыстары бөлімінің басшысы шешімді тексереді және қол қою үшін Департамент басшысына жолдайды;
      8-рәсім – 1 (бір) сағат ішінде Департамент басшысы шешімді тексереді және электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып қол қояды.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет
көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті
берушілермен өзара іс-қимыл жүргізу, сондай-ақ ақпараттық
жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы

      9. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының халыққа қызмет көрсету орталығына және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілерге жүгіну мүмкіндігі көзделмеген.
      10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Порталдың функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы Регламентке 1-қосымшада келтірілген.
      11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылының және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің толық сипаттамасы: 
      1) лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны беру, заңды тұлға-лицензиатты бөлу немесе шығару нысанында қайта ұйымдастыру кезінде лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында;
      2) лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде осы Регламентке 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында;
      3) лицензияның және/немесе оған қосымшаның телнұсқасын беру осы Регламентке 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.

«Білім беру қызметіне лицензия 
беру» мемлекеттік көрсетілетін 
қызмет регламентіне    
1-қосымша         

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Порталдың
функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы

«Білім беру қызметіне лицензия 
беру» мемлекеттік көрсетілетін 
қызмет регламентіне     
2-қосымша        

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің
анықтамалығы (лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны беру,
заңды тұлға-лицензиатты бөлу немесе шығару нысанында қайта
ұйымдастыру кезінде онда бар лицензияны және/немесе лицензияға
қосымшаны қайта ресімдеу)

«Білім беру қызметіне лицензия 
беру» мемлекеттік көрсетілетін 
қызмет регламентіне     
3-қосымша         

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
(лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу)

«Білім беру қызметіне лицензия 
беру» мемлекеттік көрсетілетін 
қызмет регламентіне      
4-қосымша         

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
(лицензияның және/немесе оған қосымшаның телнұсқасын беру)

 

Четверг, 24 декабря 2015, 6:28 +03:00 от Gulnur Askerbekkyzy <>:

Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 212 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 маусымда № 11820 тіркелді

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының білім, ғылым органдарынан және оқу орындарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Білім беру туралы құжаттарды тану және нострификациялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Қазақ тілін білу деңгейін бағалау (ҚАЗТЕСТ)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (С. Нюсупов) белгіленген заңнамалық тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң осы бұйрықтың ресми жариялануын;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Т.О.Балықбаевқа жүктелсін. 
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Білім және ғылым министрі А. Сәрінжіпов

     «КЕЛІСІЛДІ»
     Қазақстан Республикасының 
     Инвестициялар және даму министрі
      ____________ Ә.Ө. Исекешев
      2015 жылғы «___»________________

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының 
      Ұлттық экономика министрі 
      _______________Е.А. Досаев
      2015 жылғы 4 мамыр

Қазақстан Республикасы   
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 16 сәуірдегі   
№ 212 бұйрығына       
1 қосымша         

«Қазақстан Республикасының білім, ғылым органдарынан және оқу
орындарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1.«Қазақстан Республикасының білім, ғылым органдарынан және оқу орындарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірлеген.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдау және нәтижесін беру:
      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және байланыс комитетінің республикалық мемлекеттік кәсіпорны құқығындағы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» (бұдан әрі - ХҚО) арқылы;
      «Электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      Астана қаласының ХҚО және портал үшін 5 (бес) жұмыс күні; 
      Басқа аймақтардағы ХҚО үшін – 30 (отыз) күнтізбелік күн. 
      ХҚО құжатты қабылдаған күн, пошта байланысы көрсетілетін мерзімге енбейді. 
      2) ХҚО құжаттар топтамасын тапсыру кезінде кезек күтудің барынша рұқсат етілген уақыты - 15 минут;
      3) ХҚО көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілген уақыты - 15 минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:
      ХҚО – «апостиль» мөртаңбасы қойылған дайын құжаттарды қағаз тасымалдағышта беру;
      порталда – өтініштің қабылданғаны туралы құжаттың апостильдену күні және уақыты көрсетілген хабарлама алу.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.
      7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – қызметті алушы) ақылы түрде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес мемлекеттік баж төленген күнге белгіленген 0,5 айлық есепті көрсеткішті құрайтын мемлекеттік баж алынады. 
      Мемлекеттік бажды төлеу қолма-қол және қолма-қол ақшасыз екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жеке түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
      Портал арқылы электронды сұраныс жасалғанда төлем «электронды үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады. Алдын ала төленген жағдайда төлемақы құжатының электронды көшірмесі қоса тіркеледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      ХҚО – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мейрам күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, бекітілген кесте бойынша түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін. 
      Қабылдау «электронды» кезек арқылы, көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша жүзеге асады, жедел қызмет көрсету қарастырылмаған, портал арқылы алдын ала кезекке қою мүмкіндігі бар.
      Порталда – жөндеу жұмыстарына байланысты жүргізілетін техникалық үзілістерді есептемегенде, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталған соң, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мейрам күндері өтініш білдірген жағдайда өтінішті қабылдау және нәтижесін беру келесі жұмыс күнімен жүзеге асады). 
      9. Көрсетілетін қызметті алушы немесе оның сенім білдірген өкілі өтініш білдірген кездегі мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттар тізбесі:
      ХҚО:
      Осы мемлекеттік стандарттың 1-қосымшасына сәйкес, үлгіге сай өтініш;
      жеке куәлігін растайтын құжат (салыстыру үшін);
      апостильдеуге ұсынылған құжат (түпнұсқа);
      мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртек (түпнұсқа).
      Порталда:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭСҚ қойылған электронды түрдегі сұранысы;
      апостильдеуге ұсынылған құжаттың электронды көшірмесі.
      Жеке куәлігін растайтын құжаттар, бюджетке мемлекеттік баж ЭҮТШ арқылы төленген жағдайдағы төлем туралы мәліметі көрсетілетін қызметті беруші порталдың тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйесінен уәкілетті адамның ЭСҚ-мен расталған электронды құжаттар нысанынан ала алады.
      Мемлекеттік қызметті көрсету барысында көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылмаған ақпараттық жүйедегі құпия деректерден тиісті деректерді алуға келісімін жазбаша түрде жазып береді.
      ХҚО дайын құжатты қабылдау барысында берілген қолхат негізінде жеке куәлігін немесе сенім білдірген адамы сенімхатты көрсеткен кезде бере алады.
      ХҚО бір ай ішінде дайын құжатты сақтай алады, мерзімі өткен соң көрсетілетін қызметті алушы келмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті берушіге әрі қарай сақтау үшін жолдайды. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш білдірген жағдайда, ХҚО сұранысы негізінде көрсетілетін қызмет беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжатты ХҚО көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жолдайды.
      Портал арқылы өтініш білдірген жағдайда «Жеке кабинетке» өтініштің қабылдану, өңделуі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттің қызметтің нәтижесін алатын күні, уақыты, мекен-жайы көрсетілген хабарлама жіберіледі.
      Порталда электронды сұраныс «Жеке кабинеті» арқылы жүзеге асады.
      10. Көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 9 тармақшасына сәйкес құжаттар топтамасын толық тапсырмаған жағдайда ХҚО өтінішті қабылдаудан бас тартып, осы мемлекеттік стандарттың 2 қосымшасына сәйкес қолхат береді.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін
қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің, не оны алмастырушы адамның атына жазбаша түрде беріледі. 
      Шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі және орны көрсетіліп, шағымның көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) оның қабылданғанын растау болып табылады. 
      ХҚО қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 16-тармағында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша ХҚО басшысының атына беріледі. 
      ХҚО кеңсесіне қолма-қол және пошта арқылы түскен шағымның қабылдануын растау оның тіркелуі (шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатта мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні қойылады) болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны анықтау және тиісті шара қабылдау үшін ХҚО басшысына жолданады. 
      Сондай-ақ, көрсетілетін қызметті берушінің, ХҚО қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 16-тармағында көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы алуға болады.
      Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің немесе ХҚО-ның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымның қаралу нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жіберіледі көрсетілетін қызметті берушінің немесе ХҚО кеңсесінде қолма-қол беріледі.
      Портал арқылы шағымды қарау тәртібі туралы ақпаратты осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 16-тармағындакөрсетілген мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны бойынша алуға болады. 
      Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинеті» арқылы көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отыратын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады. 
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жүгіне алады. 
      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады.
      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық форматта көрсетілетін қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
      1) Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында (Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, 11 кіре-беріс);
      2) көрсетілетін қызметті берушінің control.edu.gov.kz интернет-ресурсында (Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, 11 кіре-беріс);
      3) ЦОНа: www.con.gov.kz интернет-ресурсында;
      4) порталда орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушы белгіленген заңнамалық тәртіпке сәйкес толық немесе ішінара еңбекке қабілеттілігінен айырылған жағдайда немесе өзіне қызмет көрсету, өз бетінше қозғалу, іс-әрекет жасау мүмкіндігін жоғалтқан жағдайда 1414 бірыңғай байланыс телефондары арқылы байланысқа шығу арқылы ХҚО қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтінішті олардың мекен-жайларына барып қабылдайды. 
      15. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу тәртібінде порталдағы «жеке кабинеті», көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
      16. Көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің control.edu.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған, сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

«Қазақстан Республикасының    
білім, ғылым органдарынан және 
оқу орындарынан шығатын      
ресми құжаттарға апостиль қою» 
мемлекеттік қызмет стандартына 
1-қосымша           

Қазақстан Республикасы       
Білім және ғылым министрлігі    
Білім және ғылым саласындағы бақылау
комитетінің төрағасына       
кімнен: ____________________________
тегі, аты әкесінің аты    
(бар болса) көрсетіледі     
мекенжайы ______________________________
________________________________________
байланыс телефоны         
________________________________________
ұйымның телефоны/факсы      
________________________________________
________________________________________
Жұмыс немесе оқу орны     

ӨТІНІШ

      Менің білім туралы құжатымды апостильдеуді өтінемін (керегін сызыңыз):
      1. оқу бағдарламасы,
      2. табель,
      3. аттестат,
      4. колледж, лицей, училище бітіргені туралы диплом,
      5. жоғары білім туралы диплом,
      6. сертификат ЕНТ, КТА,
      7. анықтама
      8. басқалары
      кету елі ____________________________

      Құжаттардың мынадай көшірмелері тапсырылды:
      1) Білім туралы құжаттың түпнұсқасы;
      2) Диплом қосымшасының түпнұсқасы;
      3) Құжаттардың көшірмелері;
      4) Жеке куәлік (көшірмесі және түпнұсқасы).

      Күні                               Өтініш білдіруші 

_____________________________________________________________________

 

Қанша құжат тапсырылды:

Төлемақы жасау реквизиттері:
Апостиль – Сарыарқа ауданы
БИН: 981140001115
БИК: ККМFKZ2A
КБК: 108113
КНП: 991
Мемлекеттік баж: 991 тенге бір құжатқа

 

Ақпараттық жүйелердегі сақталған құпия құжат деректерімді пайдалануға
келісемін _____________ «____» ___ 20 ___ жылы (қолы).

«Қазақстан Республикасының    
білім, ғылым органдарынан және 
оқу орындарынан шығатын      
ресми құжаттарға апостиль қою» 
мемлекеттік қызмет стандартына 
2-қосымша           

__________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі - Т.А.Ә.)
немесе ұйымның атауы)          
__________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» (мекенжайын көрсету) РМК филиалының № ______________ бөлімі ______________________ (мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
      Жоқ құжаттардың атауы:
      1) _______________________________________;
      2) _______________________________________;
      3) ….

      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалған.
      Т.А.Ә. (бар болса) (ХҚО қызметкері) (қолы)

      Орындаушы: Т.А.Ә. (бар болса) ______________
      Тел. _____________
      Алдым: ___________________________________
        (көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә./қолы

                        «____»___________ 20____ жылы

Қазақстан Республикасы   
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 16 сәуірдегі  
№ 212 бұйрығына      
2-қосымша       

«Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметі беруші), «Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – орталық) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
      1) орталық;
      2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері орталыққа және ХҚО-ға жүгінген кезде:
      көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 4 (төрт) айдан аспайды (ХҚО жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді);
      Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі мынадай жағдайда 1 (бір) айға ұзартылады: 
      1) егер білім туралы құжат Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпығаміндетті білім беру стандарттарын (бұдан әрі - ҚР МЖБС) сәйкес келмеген жағдайда, қарау мерзімі көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарына тестілеуден өтуі үшін 1 (бір) айға ұзартылады;
      2) егер білім туралы құжатты берген білім беру ұйымы Орталықтың көрсетілетін қызметті алушының білім туралы құжаттарының түпнұсқалығын растау бойынша жолданған ресми өтінішіне жауап бермеген жағдайда, қарау мерзімі 1 (бір) айға ұзартылады.
      Құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;
      көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – білім туралы құжаттарды тану/нострификациялау туралы қағаз жеткізгіштегі куәлік немесе оның телнұсқасы.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
      7. Мемлекеттік қызмет ақылы түрде жеке тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушыны). 
      Мемлекеттік қызметті көрсету құны «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңынасәйкес осы көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымшасында келтірілген кеткен шығындарды ескере отырып, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетімен келісім бойынша орталық айқындайды.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет құнын төлеу қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
      8. Жұмыс кестесі:
      орталықта:
      өтініштер қабылдау және көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығында түскі үзіліспен сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін;
      Көрсетілетін қызметті алушыны алдын ала жазу және оған жеделдетіп қызмет көрсету қарастырылмаған;
      ХҚО-да: еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен сенбі аралығында, түскі үзіліссіз, сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін.
      Қабылдау «электронды» кезек тәртібімен, жеделдетіп қызмет көрсетусіз, өтініш білдірушінің таңдауы бойынша жүзеге асырылады, портал арқылы кезекті брондауға болады.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі: 
      орталыққа:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім туралы құжаттарды тану/нострификациялау туралы өтініш; 
      2) білім туралы құжаттың және оған мынадай ақпараттары бар қосымшаның нотариалды куәландырылған көшірмесі (білім туралы құжаттың және оған қосымшаның мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге): оқу пәндерінің тізбесі, өтілген оқу пәндері мен практикаларының сағат/кредит көлемі, алған қорытынды бағалары, курстық және оқу бітіргендегі біліктілік жұмыстары, басқа да оқу процесін құрайтын қосымша (бар болған жағдайда);
      Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақтың 2) тармақшаларында көрсетілген білім туралы апостильденген не заңдастырылған құжаттарын немесе оқығанын және білім туралы құжат алғанын растайтын оқу орнынан мұрағаттық анықтама ұсынады;
      3) бiлiм туралы құжат иесiнің жеке басын растайтын куәлігі (жек басын сәйкестендіру үшін);
      Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғалар үшін білім туралы құжат иесінің жеке басын растайтын құжаттың нотариалды расталған көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге).
      Егер білім туралы құжат иесі оны алғаннан кейін тегін, атын немесе әкесінің атын ауыстырса, тегін, атын немесе әкесінің атын ауыстырғаны туралы немесе неке туралы немесе некені бұзу туралы акт жазбасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынуы қажет (түпнұсқа салыстырған соң қайтаруға жатады);
      4) оқу орнының мөрімен расталған білім туралы құжатты (негізгі орта, жалпы орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды қоспағанда) берген оқу орнын аккредиттеу туралы куәліктің және/немесе лицензияның көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге). Оқу орнының лицензиясының және/немесе аккредиттеу туралы куәлігінің көшірмесі болмаған жағдайда, білім туралы құжатты берген білім беру ұйымы туралы ақпаратты (сайттарға немесе басқа да дереккөздерге сілтеме жасай отырып) ұсыну қажет; 
      5) уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжаты (сәйкестендіру үшін) және өкілдікке өкілеттілікті куәландыратын құжат – көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде;
      6) төлем туралы түбіртек.
      ХҚО-ға:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім туралы құжаттарды тану/нострификациялау туралы өтініш; 
      2) білім туралы құжаттың және оған мынадай ақпараттары бар қосымшаның нотариалды куәландырылған көшірмесі (білім туралы құжаттың және оған қосымшаның мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге): оқу пәндерінің тізбесі, өтілген оқу пәндері мен практикаларының сағат/кредит көлемі, алған қорытынды бағалары, курстық және оқу бітіргендегі біліктілік жұмыстары, басқа да оқу процесін құрайтын қосымша (бар болған жағдайда);
      Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақтың 2) тармақшаларында көрсетілген білім туралы апостильденген не заңдастырылған құжаттарын немесе оқығанын және білім туралы құжат алғанын растайтын оқу орнынан мұрағаттық анықтама ұсынады;
      3) бiлiм туралы құжат иесiнің жеке басын растайтын куәлігі (жек басын сәйкестендіру үшін);
      Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғалар үшін білім туралы құжат иесінің жеке басын растайтын құжаттың нотариалды расталған көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге).
      Егер білім туралы құжат иесі оны алғаннан кейін тегін, атын немесе әкесінің атын ауыстырса, тегін, атын, әкесінің атын ауыстырғаны туралы немесе неке туралы немесе некені бұзу туралы акт жазбасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынуы қажет (түпнұсқа салыстыру үшін, қайтаруға жатады);
      4) білім туралы құжатты (оқу орнының мөрімен расталған негізгі орта, жалпы орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды қоспағанда) берген оқу орнын аккредиттеу туралы куәліктің және/немесе лицензияның көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге). Оқу орнының лицензиясының және/немесе аккредиттеу туралы куәлігінің көшірмесі болмаған жағдайда, білім туралы құжат берген білім беру ұйымы туралы ақпаратты (сайттарға немесе басқа да дереккөздерге сілтеме жасай отырып) ұсыну қажет;
      5) уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжаты (салыстыру үшін) және өкілдікке өкілеттілікті куәландыратын құжат – көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде;
      6) төлем туралы түбіртек.
      Телнұсқаны алу үшін өтініш беруші орталыққа немесе ХҚО-ға мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) телнұсқа беру туралы өтініш;
      2) бiлiм туралы құжат иесiнің жеке басын растайтын құжатты (жек басын сәйкестендіру үшін);
      Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғалар үшін білім туралы құжат иесінің жеке басын растайтын құжаттың нотариалды расталған көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге).
      3) Қазақстан Республикасы мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған жоғалғаны туралы ақпарат;
      4) уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжаты (жек басын сәйкестендіру үшін) және өкілдікке өкілеттілікті куәландыратын құжат – көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде;
      5) төлем туралы түбіртек.
      Телнұсқа түпнұсқада көрсетілген тегіне, атына, әкесінің атына (бар болған жағдайда) ресімделеді. Берілген куәлік бланкісінің оң жақ жоғары бұрышына «Телнұсқа» деген мөртабан басылады.
      Телнұсқаны беру туралы өтінішті қарау мерзімі 1 (бір) айды құрайды.
      Телнұсқа көрсетілетін қызметті алушының өзіне немесе оның сенім-хаты бойынша басқа тұлғаға орталық немесе тұрғылықты жерінде орналасқан ХҚО арқылы беріледі.
      ХҚО арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу кезінде көрсетілетін қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ХҚО ұсынған нысан бойынша ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді. 
      Мемлекеттік ақпарат жүйелерінде қамтылған жеке басын куәландыратын құжаттар, неке туралы немесе оны бұзу туралы куәліктер (2008 жылдан кейін берілген) туралы мәліметтерді ХҚО уәкілетті тұлғаның электронды цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжаттар нысанында ХҚО ақпараттық жүйелері арқылы тиісті мемлекеттік ақпарат жүйелерінен алады.
      Құжаттарды қабылдау кезінде ХҚО қызметкері құжаттардың түпнұсқасын мемлекеттік ақпараттық жүйелерден ұсынылған мәліметтермен және құжаттардың жасалған электрондық көшірмелерімен салыстырады, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
      ХҚО-да дайын құжаттарды беру құжаттарды қабылдағанын растайтын қол хат негізінде жеке басын растайтын куәлігін көрсеткен жағдайда (немесе уәкілетті өкілдің наториалды куәландырылған сенімхаты негізінде) жүзеге асады.
      ХҚО қорытындыны өзінде бір ай бойы сақтайды, содан кейін көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін жолдайды. Бір ай ішінде хабарласқан жағдайда, ХҚО сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін бір күн ішінде ХҚО-ға жолдайды. 
      10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, орталық немесе ХҚО қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3 және 4 қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 15-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің, не оны алмастырушы адамның атына жазбаша түрде беріледі. 
      Шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі және орны көрсетіліп, шағымның көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) оның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны анықтау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолданады. 
      ХҚО қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 15-тармағында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша ХҚО басшысының атына беріледі. 
      ХҚО кеңсесіне қолма-қол және пошта арқылы түскен шағымның қабылдануын растау оның тіркелуі (шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатта мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні қойылады) болып табылады.
      Сондай-ақ, көрсетілетін қызметті берушінің, ХҚО қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 15-тармағында көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы алуға болады. 
      Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің немесе ХҚО-ның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымның қаралу нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе ХҚО кеңсесінде қолма-қол беріледі.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға өтінішпен жүгіне алады. 
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Заңнамада белгіленген тәртіппен өзін-өзі қарап күту, өздігінен жүріп-тұру, бағдалай алу қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе ішнара айырылған көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуді тұрғылықты жері бойынша Біріңғай байланыс орталығына 1414 телефонына хабарласқан жағдайда ХҚО қызметкерлері көрсетілетін қызметті алушының тұратын жеріне бару арқылы жүргізеді.
      14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің: control.edu.gov.kz ((Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, 11 кіре-беріс); 
      2) орталықтың: www.naric-Kazahstan.kz (Астана қаласы, Бейбітшілік, 14, «Шахназ» СҮ); 
      3) ХҚО-ның: www.con.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған. 
      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтері, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      16. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Білім беру туралы құжаттарды
тану және нострификациялау»  
мемлекеттік көрсетілетін   
қызмет стандартына     
1-қосымша         

Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау бойынша мемлекеттік қызмет көрсету құны

 

№ п/п

Қызмет атауы

1 дана қызметтің құны (тенге)

1

Негізгі және жалпы білім туралы құжатты тану

10 256

2

Техникалық және кәсіптік білім туралы құжатты тану

13 252

3

Жоғары және жоғары білім туралы құжатты тану

18 017

4

Негізгі және жалпы білім туралы құжатты нострификациялау

12 117

5

Техникалық және кәсіптік білім туралы құжатты нострификациялау

20 393

6

Жоғары және жоғары білім туралы құжатты нострификациялау

26 299

7

Куәліктің телнұсқасын жасау

5 765

 

«Білім беру туралы құжаттарды
тану және нострификациялау» 
мемлекеттік көрсетілетін  
қызмет стандартына     
2-қосымша        

Қазақстан Республикасы      
Білім және ғылым министрлігі    
Білім және ғылым саласындағы   
бақылау комитетінің төрағасына     
кімнен: ___________________________
тегі, аты әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі
мекенжайы __________________________ 
____________________________________
байланыс телефоны         
____________________________________
ұйымның телефоны/факсы      
____________________________________
____________________________________
Жұмыс немесе оқу орны    

                               Өтініш

      Сізден ____________________________________ мамандығы бойынша
___________________________________________________________ берген
       құжатты берген білім беру ұйымы көрсетіледі
___________________________________________________________құжатты
              аттестат, диплом, куәлік көрсетіледі
___________________________________________________________сұраймын. 
             тану, нострификациялау көрсетіледі
Оқыған елі__________________________________________________________
                             көрсетіледі

Ақпараттық жүйелерінде қамтылған заңмен қорғалатын құпия жеке
мәліметтерді пайдалануға келісім беремін «____»_____ 20__ жылы ______
_________________
  жеке қолы

      Ескертпе: Өтініш иесі ұсынылған мәліметтердің дұрыстығына жауапты болады.

«Білім туралы құжаттарды     
тану және нострификациялау туралы»
мемлекеттік көрсетілетін    
қызмет стандартына       
3-қосымша          

__________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі - Т.А.Ә.)
немесе ұйымның атауы)
__________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы» (мекенжайын көрсету) ______________________ (мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атауы:
      1) _______________________________________;
      2) _______________________________________;
      3) ….

      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалған.

      Т.А.Ә. (бар болса) (ХҚО қызметкері) (қолы)

                         Орындаушы: Т.А.Ә. (бар болса) ___________
                         ____________________
                         Тел._________________

                              Алдым:______________________

«Білім туралы құжаттарды    
тану және нострификациялау туралы»
мемлекеттік көрсетілетін   
қызмет стандартына      
4-қосымша          

_________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі - Т.А.Ә.)
немесе ұйымның атауы)
_________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» (мекенжайын көрсету) РМК филиалының № ______________ бөлімі ______________________ (мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атауы:
      1) _______________________________________;
      2) _______________________________________;
      3) ….

      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалған.

      Т.А.Ә. (бар болса) (ХҚО қызметкері) (қолы)

      Орындаушы: Т.А.Ә. (бар болса) ___________
      Тел.____________________
      Алдым:______________________
      (көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә./қолы
                    «____»___________ 20____ жылы

Қазақстан Республикасы   
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 16 сәуірдегі   
№ 212 бұйрығына       
3 қосымша        

«Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін
аккредиттеу» мемлекеттік қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі.
      2. Мемлекеттік қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірлеген.
      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі беру қызметі беруші арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері көрсетілетін қызметті алушының өтініш тапсырған сәтінен бастап:
      1) заңды тұлғалар - ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар - күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде;
      2) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар - ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын ғылыми ұйымдармен, жоғары оқу орындарымен еңбек қатынастарында тұратын ғылыми, инженерлік-техникалық және өзге де қызметкерлер, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті дербес жүзеге асыратын ғалымдар – күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде;
      3) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты және (немесе) заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері өзгерген жағдайда аккредиттелген субъектілер көрсетілетін қызметті беруші осы мемлекеттік қызмет стандарттың 10-тармағына сәйкес мәліметтерді растайтын құжаттармен бірге аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу туралы өтініш береді - күнтізбелік 20 (жиырма) күн ішінде;
      4) аккредиттеу туралы куәлік жоғалған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші аккредиттелген субъектінің жазбаша өтініші бойынша аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын береді - күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде;
      5) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыру кезек күтудің уақыты рұқсат ең ұзақ - 25 минут;
      6) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ - 25 минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі - осы мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аккредиттеу туралы куәлік.
      Мемлекеттік қызмет нәтижелерінің тұсаукесері: қағаз. 
      7. Көрсетілетін қызметті беруші аккредиттеу туралы куәлік алған, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурстарында орналастырылған куәліктердің қолданысын тоқтатқан аккредиттелген субъектілердің деректер базасын қалыптастырады. 
      8. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (әрі қарай – қызмет алушы) тегін көрсетіледі.
      9. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығында көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағ. 9.00-ден 18.00 дейін.
      Көрсетілетін қызметті алушыны алдын ала жазу және оған жеделдетіп қызмет көрсету қарастырылмаған.
      10. Аккредиттеу туралы куәлік осы мемлекеттік қызмет стандарты 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бес жыл мерзімге беріледі. Аккредиттеу туралы куәлік көрсетілетін қызметті алушыға немесе оның уәкілетті өкіліне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес заңды тұлғаның атынан берілетін сенімхат немесе жеке тұлғаның атынан нотариалды расталған сенімхат негізінде қол қою арқылы беріледі.
      11. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      1) Жеке тұлғалар:
      осы мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; 
      жеке куәліктің, жоғары білім туралы дипломның, магистр дипломының, ғылыми дәреже беру туралы дипломның, ғылыми атақ беру туралы аттестаттың (дипломның) көшірмелері немесе нотариалды расталған көшірмелері.
      2) Заңды тұлғалар:
      осы мемлекеттік қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      осы мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субъектінің рейтингтік парағы;
      құрылтай құжаттарының нотариалды расталған көшірмелері: ұйым жарғысы, ұйымды заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлік немесе анықтама, ұйымның бизнес-сәйкестендіру нөмірі көшірмелері немесе нотариалды расталған көшірмелері;
      рейтингілік парақта көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері.
      Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған көшірмелерді түпнұсқалармен салыстырады (сәйкестендіру үшін талап етіледі), содан кейін қызмет алушыға қайтарады. Тұпнүсқаны салыстыру үшін ұсынылмаған жағдайда, құжаттарының нотариалды расталған көшірмелерді үсынылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін
қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының
шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін: шағымды жазбаша түрде министрлік басшысының немесе оны алмастырушы адамның атына осы мемлекеттік қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекен-жайға жазады;
      көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына осы мемлекеттік қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекен-жайға жазады.
      Қызмет алушының арызында көрсетіледі:
      жеке тұлғалардың - тегі, аты, жөні, мекен жайы көрсетіледі;
      заңды тұлғалар – оның аты, мекен жайы, шығыс нөмері және күні көрсетіледі. Өтініште қызметті алушының қолы болуы тиіс.
      Шағымның қабылдануын растау шағымды қабылдаған тұлғаның аты-жөні, берілген шағымға жауапты алу мерзімі және орны көрсетілген көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) тіркеуі болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің мекен-жайына түскен көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күнінің ішінде қаратуға жатады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күнінің ішінде қарауға жатады.
      13. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптары

      14. Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекен-жайлары интернет-ресурстарында орналасқан:
      1) Министрліктің: www.edu.gov.kz (Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, 11 кіре-беріс);
      2) қызметті берушінің www.control.edu.gov.kz (Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, 11 кіре-беріс).
      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпараты қашықтықтан қол жеткізу режимінде көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі, анықтама қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
      16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74-23-66, 8 (7172) 74-23-99. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-777, 1414.

«Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық
қызметтің субъектілерін аккредиттеу»  
мемлекеттік қызмет стандартына     
1-қосымша               

Аккредиттеу туралы куәлік

Астана қаласы                         «____» __________» 20____ жылы

      «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабына сәйкес
__________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы/жеке тұлғаның Тегі, Аты, Әкесінің аты (болса)
__________________________________________________________________
ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде
аккредиттеледі. Куәлік Қазақстан Республиканың мемлекеттік бюджет
қаражаты есебінен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметі
конкурсына қатысу үшін беріледі.

      Уәкілетті орган
      М.О.

      Серия ______                         № ____________

«Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық
қызметтің субъектілерін аккредиттеу»  
мемлекеттік қызмет стандартына     
2-қосымша               

__________________________
__________________________
Тегі, Аты, Әкесінің аты (болса)

Өтініш
(жеке тұлғалар үшін)
Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде

____________________________________________________________________
өтініш берушінің Т.А.Ә.)

аккредиттеу өткізуді сұраймын.
қосымша:

 

Құжаттың атауы

Бар екендігі туралы белгі

1
 

Жеке куәліктің, жоғары білім туралы дипломның; магистр дипломының; ғылыми дәреже беру туралы дипломның; ғылыми атақ беру туралы аттестаттың (дипломның) нотариалды расталған көшірмелері.

 

 

      20___ жылы «____» «_____________»
      _________________________________
     (Қолы) Тегі, Аты, Әкесінің аты (болса)

Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалған құпия ақпараттарды пайдалануына рұқсат етемін 20___ жылы «____» «_____________» (қолы)

«Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық
қызметтің субъектілерін аккредиттеу»  
мемлекеттік қызмет стандартына     
3-қосымша               

____________________________
____________________________
(субъектінің толық атауы)
___________________________

Өтініш
(заңды тұлғалар үшін)

Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде
___________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы)

аккредиттеу өткізуді сұраймын.

Қосымша:

 

Құжаттың атауы

Бар екендігі туралы белгі

1.

2.
 
 
 

3.

4.

Субъектінің рейтингтік парағы.

құрылтай құжаттарының нотариалды расталған көшірмелері: ұйым жарғысы, ұйымды заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлік,

ұйымның бизнес-сәйкестендіру нөмірі.

рейтингтік парақта көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері.

 

 

20___ жылы «____» «_____________»

Басшы
        _________________________________________________
(Мөр орны) (Қолы)     Тегі, Аты, Әкесінің аты (болса)

Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалған құпия ақпараттарды пайдалануына рұқсат етемін 20___ жылы «____» «_____________» (қолы)

«Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық
қызметтің субъектілерін аккредиттеу»  
мемлекеттік қызмет стандартына     
4-қосымша               

Субъектің рейтингтік парағы
(заңды тұлғалар үшін)

_______________________________________________________
(субъектінің атауы, заңды мекенжайы, телефон, факс,
құрылған жылы, web-сайт, е-mail)

 

р/с №

Көрсеткіштердің мазмұны

 

1-блок. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет (мемлекеттік, салалық және нысаналы бағдарламаларға сәйкес)

1.

ҒЗЖ-на қаржыландырудың жалпы көлемі: 
5000 АЕК-ке дейін ........
5000 - 25000 АЕК-ке дейін.............
25000 АЕК-тен жоғары...........

2.

Инновациялық жобалардың саны………….

3.

Басқа ғылыми ұйымдардың материалдары бойынша рецензиялардың саны:
-аяқталған ҒЗЖ туралы есеп...................
-аралық ҒЗЖ туралы есеп.....................
-монография, оқулық.......
-әдістемелік, нормативтік, директивалық құжаттар, диссертациялардың авторефераты.........(канд./докт.)
-ақпараттық парақ, мақала және т.б.,........

4.

Қазақстан Республикасы Заңының жобалары бойынша жүргізілген ғылыми сараптамалардың саны.......

 

ЖИЫНЫ:

 

2-блок. Ғылыми әлеуеттің сапалық және сандық көрсеткіштері

5.

Диссертациялық кеңестердің саны:
- философия докторы (PhD).....
- бейіні бойынша доктор.............

6.

Ғылыми дәрежесі бар қызметкерлер саны:
- ғылым докторлары........
- ғылым кандидаттары.......
- философия докторы (PhD).....
- бейіні бойынша доктор.............

7.

Ғылыми дәреже алуға (ҒҰ қызметкерлерінің басшылығымен) Қазақстан Республикасының басқа ұйымдарының ізденушілері қорғаған (КСРО ЖАК, ҚР ЖАК және ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті бекіткен) диссертациялардың саны: 
- философия докторы (PhD).....
- бейіні бойынша доктор.............

8.

Субъектілер кеңесінде азаматтар қорғаған диссертациялардың саны:
-алыс шетел азаматтары.........
-ТМД азаматтары.........

9.

Ғылыми дәрежесін алуға диссертациялар бойынша рецензиялардың саны: 
-философия докторы (PhD).....
-бейіні бойынша доктор...

10.

Диссертациялар субъекті қызметкерлерінің оппонент болу саны:
-философия докторы (PhD).....
-бейіні бойынша доктор.........................

11.

Ұлттық ғылыми кеңес құрамындағы ғылыми қызметкерлер саны:

12.

Біліктілігін көтеру курстарынан өткен қызметкерлердің саны: 
-халықаралық деңгейде........................
-республикалық деңгейде........................

13.

Қызметінің бағыты бойынша ғылыми ұйымның жанындағы курстарда, семинарларда, циклдерде оқитын ғылыми қызметкерлердің саны.........................

14.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған тиісті жабдығы бар зертханалардың саны
-зерттеу жұмыстарына арналған зертхананың болуы........ 
-сертификатталған немесе аттестатталған (аккредиттелген) зертхананың болуы:
-халықаралық деңгейдегі.......
-республикалық деңгейдегі...................

15.

Сертификатталған немесе аттестатталған талдау, бақылау және т.б. әдістемелердің саны:
-халықаралық деңгейде............. 
-республикалық деңгейде...................

 

ЖИЫНЫ:

 

3-блок. Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелері

16.

Өнертабысына алынған патенталды құжаттар саны........

17.

Оң шешім алған патенталдылардың саны......

18.

Өнертабысқа берілген өтінімдер саны........

19.

Зияткерлік меншік объектісін тіркеу туралы алынған куәліктердің саны.................

20.

Мерзімді басылымдардағы мақалалардың, шолулардың саны:
-алыс шетелдерде..................
-жақын шетелдерде............... 
-Қазақстанда.................(ҚР БҒМ БҒСБК ғылыми басылымдарының бекітілген тізбесінде)

21.

Баспа қызметі.
Баспадан шыққан: 
-монографиялар..................
-оқулықтар............
-оқу құралдары, әдістемелік құжаттар көрсеткіштері………..
-ақпараттық парақтар, басқа басылымдар саны.......................

22.

Съездерге, конференцияларға және т.б. дайындалған баяндамалардың саны:
-халықаралық деңгейдегі.......
-республикалық деңгейдегі.......
-өңірлік деңгейдегі........

23.

Съездерде, конференцияларда басып шығарылған баяндама тезистерінің саны:
-халықаралық деңгейдегі.......
-республикалық деңгейдегі.......

 

ЖИЫНЫ:

 

4-блок. Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу

24.

Әзірленген бағдарламалар саны.......

25.

Әзірленген және бекітілген директивалық, нормативтік құжаттар саны..................

26.

Жоғары тұрған инстанцияға дайындалған ресми анықтамалар саны:

27.

Жоғары тұрған органдарға ғылыми ұйым қызметінің жекелеген бағыттарын реформалау жөнінде дайындалған және ұсынылған құжаттардың саны:
-өз бетінше.............
-басқа органдармен және мекемелермен авторлықта...............

 

ЖИЫНЫ:

 

5-блок. Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері (ұйымдардың бухгалтерлік балансы қоса беріледі)

28.

Негізгі қаражаттың өсімі +/-:
-5 %....................
-10 %...............
-20 %..................

29.

Игерілген қаражаттың орташа жылдық құны:
-10000 АЕК-ке дейін..........
-10000-нан 20000 АЕК-ке дейін...........
-20000 АЕК-тен жоғары..............

30.

Жоспардан ауытқу +/-:
-5%............
-10%............
-20%.......................

 

ЖИЫНЫ:

 

6-блок. Қоғамдық іс-шараларға қатысу және БАҚ

31.

Халықаралық деңгейдегі съездердің, конференциялардың, симпозиумдардың, семинарлардың жұмысына қатысатын қызметкерлер саны:
-төраға............
-ұйымдастыру комитетінің мүшесі...........
-бағдарламалық баяндама......... 
-сөз сөйлеу, стендтік баяндама.........................

32.

Өңірлік деңгейдегі съездердің, конференциялардың, симпозиумдардың, семинарлардың жұмысына қатысушылардың саны:
-төраға.......................
-ұйымдастыру комитетінің мүшесіне.......................
-бағдарламалық баяндама.......................
-сөз сөйлеу, стендтік баяндама.......................

33.

Халыққа арнап теледидарда, радиода сөз сөйлеу, лекция оқу саны.........

34.

Тұрақты жұмыс істейтін түрлі комитеттерге, кеңестерге, қауымдастықтарға, академияларға және т.б. мүшелігі:
-халықаралық деңгейде............ 
-республикалық деңгейде.................

 

ЖИЫНЫ:

 

7-блок. Жақын және алыс шетелдердегі ғылыми ұйымдармен ынтымақтастық 

35.

Ашылған жаңалықтарды беруге жасалған лицензияланған келісімдердің саны.........................

36.

Шығармашылық ынтымақтастық, ғылыми жетістіктерді енгізу туралы жасалған шарттардың саны:
-шетелдік мекемелермен...............
-республикалық мекемелермен..........

37.

Қызметкерлер әзірлеген, енгізген ғылыми-техникалық өнертабыстардың саны:
-шетелдік мекемелерде....
-республикалық мекемелерде.......

38.

Мыналарды:
-халықаралық деңгейін..............
-республикалық, өңірлік деңгейін көрсететін қойылған экспонаттар саны.......

39.

Наградалар, сыйлықтар саны: 
-халықаралық деңгей (медаль, орден, мемлекеттік сыйлық).............
-республикалық деңгейде (медаль, орден, мемлекеттік сыйлық)................... 
-халықаралық және өңірлік деңгейде (белгі, грамота, марапаттау қағаздары, атақ)...................

 

ЖИЫНЫ:

 

БАРЛЫҒЫ:

 

Субъектінің рейтингін анықтау үшін жоғарыда
келтірілген деректердің дұрыстығын растаймын

Басшы

М.о. _____________ ________________________________
                       Қолы, Тегі, Аты, Әкесінің аты
                                 (болса)

Қысқарған сөздердің түсіндіру ескертепесі:
* АЕК - Айлық есеп көрсеткіші
* ҒЗЖ - ғылыми-зерттеу жұмысы
* КСРО ЖАК - КСРО Жоғары аттестаттау комитеті
* ҚР БҒМ БҒСБК – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті

Қазақстан Республикасы   
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 16 сәуірдегі  
№ 212 бұйрығына      
4-қосымша        

«Қазақ тілін білу деңгейін бағалау (ҚАЗТЕСТ)» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Қазақ тілін білу деңгейін бағалау (ҚАЗТЕСТ)» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірлеген.
      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы;
      2) «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап – 25 минут;
      2) құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің барынша рұқсат етілген уақыты – 20 минут;
      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілген ұзақтығы 3 (үш) сағат;
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: - электронды және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Рееспубликасының Мемлекеттік стандарттарына сәйкес қазақ тілін меңгеру деңгейлерінің бірі: қарапайым, базалық, орта, ортадан жоғары және жоғары деңгейлері бойынша тілді меңгергендігін растайтын мемлекеттік сертификат.
      Порталда мемлекеттік қызмет көрсетуді қарау нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат форматында жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алу үшін өтініш берген жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, қағазға басып шығарылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.
      7. Мемлекеттік қызмет ақылы түрде жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – қызмет алушы) көрсетіледі. 
      Мемлекеттік қызмет көрсету құнын «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңынасәйкес қызмет беруші Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің келісімі бойынша осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес шығыстар есебін есепке алып айқындайды.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет құнын төлеу қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер, банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы іске асырылады. 
      Мемлекеттік қызметті алу үшін электронды сұраныс жіберілген жағдайда, төлем электронды үкіметтің «төлем шлюзі» (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады. 
      8. Жұмыс кестесі:
      1) қызмет берушіде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, өтінішті қабылдау және көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесін беру белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жүзеге асырылады.
      Алдын ала жазылу осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайы бойынша жүзеге асырылады.
      2) портал - тәулік бойы жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілісті қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс күні аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінгенде өтініш қабылдау және көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
      9. Көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
      2) жеке басын растайтын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі); 
      3) төлемді растайтын құжат.
      порталға:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сұрау;
      Қызмет алушының жеке басын растайтын құжаттардың, қызметті алушының төлемді растаған құжатының мәліметін (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда) «электрондық үкіметтің» шлюзы арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы барлық қажетті құжаттарды берген кезде «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызмет нәтижесін алу үшін күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге сұраудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ хабарлама-есеп жіберіледі.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызмет берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жазбаша түрде көрсетілетін қызметті берушінің басшысының не оны алмастырушы тұлғаның атына осы мемлекеттік қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша беріледі.
      Шағымның қабылдануын растау оның шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіліп, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны анықтау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің мекен-жайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
      Портал арқылы жүгінгенде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты 1414 бірыңғай байланыс-орталығы бойынша алуға болады.
      Шағым портал арқылы жолданғанда қызмет берушінің шағымды өңдеу барысында жаңартылған жүгінгені туралы ақпарат «жеке кабинетте» қол жетімді (жеткені, тіркелгені, орындалғаны, қаралғаны не қараудан бас тартқаны туралы белгі).
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күн ішінде қарауға жатады. 
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып
қойылатын өзге де талаптар

      12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің: интернет-ресурсында (Астана қаласы, Победа көшесі, 67, 2 этаж);
      2) порталда орналасқан.
      13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      14. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметінің байланыс телефондары: 8 (7172) 51-83-06, 8 (7172) 51-83-10. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 8-800-080-777, 1414.

«Қазақ тілін білу деңгейін бағалау
(ҚАЗТЕСТ)» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына 1-қосымша  

Нысан          
      Өтінішті толтырған күні
______          

Серия ______               СЕРТИФИКАТ                № __________

      Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ

      Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері
бойынша ________ деңгейін меңгергендігін және тест бөліктерінен
мынадай нәтижелер көрсеткендігін растайды.
      Бөліктер ____________ Дұрыс жауаптардың пайыздық көрсеткіші
      1. Тыңдалым (30 тапсырма)                   ____балл____%_
      2. Лексика-грамматика (70 тапсырма)         _____балл____%_
      3. Оқылым (50 тапсырма)                     ____балл____%_
      4. Жазылым (3 тапсырма)                     _____балл____%_
      ___________________________________________________________
      Барлығы                                     _____балл____%_

                                                            М.О

      Ұлттық тестілеу
      орталығының өкілі:______________________ 20 жылы _______

      Тұлғаны куәләндыратын құжат болған     Жарамды мерзімі – 2 жыл
      жағдайда күші бар.
      Действителен при предъявлении
      документа, удостоверяющего личность.

«Қазақ тілін білу деңгейін бағалау
(ҚАЗТЕСТ)» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына 2-қосымша  

Нысан      

«Қазақ тілін білу деңгейін бағалау (ҚАЗТЕСТ)»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының құны 

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының атауы

Бағасы

«Қазақ тілін білу деңгейін бағалау (ҚАЗТЕСТ)»

4841 теңге

 

      «Ұлттық тестідеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының білім беру ұйымдарында білім деңгейін тесттік бақылау өткізу кезінде қосымша көрсетілетін қызметтерге арналған бағалар прейскурантымен анықталған. Бағалар прейскуранты уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетімен келісілген.

«Қазақ тілін білу деңгейін бағалау
(ҚАЗТЕСТ)» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына 3-қосымша  

ӨТІНІШ

Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі - ҚАЗТЕСТ бойынша тестілеу (қызмет түрі)

      1. Тестіленушінің Т.А.Ә. (әкесінің аты бар болса) _____________

      2. Ұлты _______________________________________________________

      3. Туған жылы _________________________________________________

      4. Жұмыс орны, лауазымы _______________________________________

      5. Байланыс телефондары _______________________________________

      6. Тестілеу түрі:

      Деңгейді анықтау:                     Деңгейді бағалау: 

      Жалпы менгеру                     Қарапайым 

                                             Базалық  

                                       Орта           

                                       Ортадан жоғары 

                                       Жоғары         

      7. Сынақтан өтетін мерзімі, уақыты:

                Күні      Айы      Жылы 

                        сағат минут

      Ескертпе ______________________________________________________

                              Қолтаңба ____________

Өтінішті қабылдаған қызметкер
______________________________________________
      ( Т.А.Ә. әкесінің аты  бар болса)

 

 

 

Четверг, 24 декабря 2015, 6:27 +03:00 от Gulnur Askerbekkyzy <>: