АЙТАЙ БАҚАДЫР

АЙТАЕВ БАҚАДЫР

тарих ғылымдарының кандидаты

Айтаев Бақадыр Сатыбалдыұлы 1972 жылы Өзбекстан Республикасының Ташкент облысы, Орта Шыршық ауданында туды. 1979-1989 жылдары сол аудандағы №31 қазақ орта мектебінде оқыды.

1989 жылы Ташкент қаласындағы Низами атындағы мемлекеттік педагогикалық институтының тарих мамандығына емтихан тапсырып, арнайы іріктеу бойынша М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтына тарих-педагогика мамандығы бойыншы оқуға ауыстырылды. 1994 жылы М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтының (кейіннен Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Шымкент институты) тарих-педагогика факультетін  тәмамдады.

Еңбек жолын 1994 жылы Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан араб тілі институында тарих пәнінің оқытушысы болып бастады. 1994-2007 жылдары аталған жоғары оқу орнында аға оқытушы, тарих факультетінің деканы, тәрбие істері жөніндегі проректор қызметтерін атқарды. 1998 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық келісім басқармасында бас маман болып істеді.

2004 жылы Р.Б.Сүлейменов атындағы Алматы шығыстану институтының шығыстық деректану, Шығыс халықтарының тарихы және мәдениеті бөлімінің ізденушісі болып қабылданады. 2007 жылы 6 сәуірде 07.00.09 – Тарихнама, деректану және тарихи зерттеудің әдістері мамандығы бойынша тарих ғылымының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін «А.Г.Серебренников мұрағаты – патшалық  Ресейдің Түркістан өлкесін отарлау саясатының тарихи дереккөзі (1840-1870 жж.)» деген тақырыпта Р.Б.Сүлейменов атындағы Алматы шығыстану институтында диссертация қорғады. Ғылыми жетекшісі – тарих ғылымдарының докторы, профессор Көшім Лекерұлы Есмағамбетов.

2007 жылы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Шымкент институтына аға оқытушы болып қабылданды. Екі оқу құралы, тарих, дін және қоғам мәселелеріне қатысты 60-тан астам ғылыми, публицистикалық мақалалары жарық көрген. «А.Г.Серебренников мұрағаты – патшалық Ресейдің Түркістан өлкесін отарлау саясатының тарихи дереккөзі (1840-1870 жж.)» атты еңбегі 2011 жылы жарық көрді. 2005 жылы АҚШ мемлекеттік департаменті қаржыландыратын «Легаси интернешнл» атты халықаралық ұйымының білім грантын жеңіп алып, Вирджиния, Нью-Йорк, Мэриленд штаттарына іссапармен білім және діни ұйымдарының жұмысы туралы тәжірибе алмасып қайтты.

Облыс әкімшілігі, Шымкент қаласының білім бөлімі және жоғары оқу орындарының басшылығы тарапынан бірнеше алғыс хат, мақтау грамоталарымен марапатталған.

2011-2012 оқу жылынан бастап Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының  Қазақстан және әлем тарихы  кафедрасында аға оқытушы қызметін атқаруда.

Мақалалар:

Б.П.ТРИЗНА - АҚСУ-ЖАБАҒЛЫ ҚОРЫҒЫН ҚҰРУШЫ ӘРІ ДАМЫТУШЫ

ӘЛІБИ ЖАНГЕЛДИН НЕДЕН ЖАҢЫЛДЫ?

ӘЛІМҚҰЛ ХАСАНБИҰЛЫ ӘМІРЛАШКЕР

ӘНУАР ПАША КІМ ЕДІ?

ТЕРРОРИЗМ ТАРИХЫ

ЕСІМ ХАН

ОРЫС СЕЛОЛАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛУ ТАРИХЫНАН

ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ – ӨЗБЕК ТАРИХНАМАСЫНДА

Биыл айтулы тұлға Тұрар Рысқұловтың туғанына 120 жыл

ТАШКЕНТ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАҢАБАЙЛАРЫ

Қадірлі Төрежан аға! Жатқан жерің жайлы, жаның жұмақта болсын!

«ҰЛЫ ҚАЗАН» ТӨҢКЕРІСІНЕ 100 ЖЫЛ: ФАЛЬСИФИКАЦИЯСЫ МЕН ШЫНДЫҒЫ

ХАН ҚОРҒАН

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫН ОРЫСТАРДЫҢ БАСЫП АЛУЫ. 1864 ЖЫЛ ШІЛДЕ АЙЫ.