ТАУТАЕВА ГҮЛДАРИҒА

ТАУТАЕВА ГҮЛДАРИҒА

педагогика ғылымдарының кандидаты

 Таутаева Гүлдариға Батыршақызы Қазығұрт ауданы, Жаңабазар елдімекенінде дүниеге келген. 1994 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент институтын бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша қызыл дипломға бітірген. 1994 жылдан аталмыш университетте қызмет атқарады.  2010 жылы Абылай хан атындағы Халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетінің диссертациялық кеңесінде 13.00.02 - Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім беру жүйесіндегі ақпараттандыру) бойынша бастауыш мектепте «Интернет-ресурстарды пайдаланудың әдістемесі» тақырыбында педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындаған диссертациясын қорғап шықты.