МОЛДАБЕКОВА НҰРЖАМАЛ

МОЛДАБЕКОВА НҰРЖАМАЛ

педагогика ғылымдарының кандидаты

 Молдабекова Нұржамал Сейдалықызы 1972 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Қарасу елді мекенінде дүгиеге келген. 1993 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент институтының бастауышты оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығын үздік бітірген.

Еңбек жолын 1993 жылы Шымкент педагогикалық дене тәрбиесі институты, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің педагогика және психология  кафедрасының оқытушысы болып бастады. 1999-2004 жылдары Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінде аға оқытушы,  жастар ісі жөніндегі комитеттің төрайымы қызметтерін атқарды. 2004-2006 жылдары Шымкент әлеуметтік-педагогикалық университетінде аға оқытушы, кафедра меңгерушісі және практика бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған. 2006-2011 жылдар аралығында  Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент институтында және  Академиялық инновациялық университетінде аға оқытушысы, декан орынбасары қызметтерін атқарған.

2009 жылы Алматы қаласы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде  «Сауат ашудың әліппе кезеңін оқытудың әдістемелік негіздері» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған / (13.00.02 – Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім жүйесіндегі қазақ тілі).

30-дан аса ғылыми - әдістемелік еңбектердің авторы.

2011 жылдың қыркүйек айынан Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты психология кафедрасының аға оқытушысы қызметін атқарады.