Алпамысова Гүлжайна Байғонысқызы

Алпамысова Гүлжайна Байғонысқызы

ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты

Алпамысова Гүлжайна Байғонысқызы 1971 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданында дүниеге келді. Созақ ауылындағы орта мектепті 1988 бітірген соң,  М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтына оқуға қабылданды. 1994 жылы аталған жоғары оқу орнын «Химия және биология» пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша аяқтады.

1994 жылы М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтының «Бастауыш сыныпта жаратылыстану пәндерін оқыту әдістемесі» кафедрасына оқытушы қызметіне қабылданды.

1996 –2002 жылдары «Сырдария» университетінде оқытушы, декан орынбасары қызметтерін атқарды.

 2002 жылы Шымкент әлеуметтік - педагогикалық университетінде аға оқытушы,  2003 –2005 жылдары оқу бөлімінің бастығы қызметін атқарды.

 2004 жылы Оңтүстік Батыс ауылшаруашылығы ғылыми - өндірістік орталығының диссертациялық кеңесінде «Әр түсті қаракөл қойының постнатальды даму кезеңіндегі жамылғы жүн түсінің өзгеруі» деген тақырыпта 06.02.01 – «Ауылшаруашылығы малын өсіру, олардың селекциясы, генетикасы және көбеюі» мамандығынан кандидаттық диссертациясын қорғады.

2005–2009 жылдары Халықаралық гуманитарлы – техникалық университетінде оқу бөлімінің бастығы қызметін атқарған.

2009–2011 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ – түрік университетінің биология кафедрасының аға оқытушысы болып қызмет етті.

Қазіргі кезде Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының география кафедрасының  меңгерушісі. Осы уақытқа дейін Г. Алпамысованың 50 ғылыми еңбегі жарыққа шықты.

Алпамысова Гүлжайна Байғонысқызы жоғары оқу орнында 20 жылдан астам жуық қызмет етіп, өскелең ұрпаққа заман талабына сай білім мен тәрбие берумен қатар, оқу орнындағы қоғамдық жұмыстарға да белсене араласып келеді.