Қыдырбаева Айгүл Елемесқызы

Қыдырбаева Айгүл Елемесқызы,

ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент

Қыдырбаева Айгүл Елемесқызы   1970 жылы  Алматы қаласында туылған.

1987-1992 жылдар аралығында М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтының «Химия-биология» мамандығы бөлімін бітірген. 

2004 жылы Оңтүстік Батыс ауыл шаруашылығы ғылыми өндірістік орталығының диссертациялық кеңесінде “Қазақы сұр түсті қаракөл қозыларының тері-жүн жабындысының гистоморфологиялық ерекшеліктері” деген тақырыпта «06.02.01- Ауыл шаруашылығы малын өсіру, олардың селекциясы, генетикасы және көбеюі» мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғаған.

 1994 жылдан Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Шымкент институтының “Биология” кафедрасында оқытушы, 2004 жылдан аға оқытушы, 2009 жылдан доцент міндетін атқарушы қызметтерін атқарды.

            А.Е. Қыдырбаева молекулалық биология, эволюция ілімі, биология, биофизика пәндерінен лекция оқып, практикалық және лабораториялық сабақтарды жүргізіп келеді.

Ғалым ретінде 45-тан астам ғылыми–әдістемелік еңбектердің авторы.