ТАЖИЕВА ДАМИРА ӘБДІҒАППАРҚЫЗЫ

ТАЖИЕВА ДАМИРА ӘБДІҒАППАРҚЫЗЫ

Жаратылыстану ғылымдарының магистрі,

география, жерге орналастрыу және кадастр кафедрасының оқытушысы,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де PhD докторант

 Тажиева Дамира Әбдіғаппарқызы 2009 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің бакалавриатын «050116 – География» мамандығы бойынша аяқтады.

2010 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «6М060900-География» мамандығы бойынша магистратураға түсті. 2009-2011 жж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ география факультетінің  экономикалық, әлеуметтік және саяси география кафедрасында маман қызметін атқарды.

2011-2012 жж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ география және табиғатты пайдалану факультетінің  география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасында маман қызметін атқарды.

2011 жылдың шілде айында Sunway университетінде (Куала-Лумпур, Малайзия) жазғы семестрде білім алды.

2012 ж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистратурасын аяқтады, біліктілігі – жаратылыстану ғылымдарының магистрі.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ география және табиғатты пайдалану факультетінің  география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасында 2012 жылдан бастап оқытушы қызметін атқаруда.

2014 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-не 6D060900 – География мамандығы бойынша PhD докторантурасына түсті.

Іргелі және қолданбалы зерттеулер бойынша 2 ғылыми жобаны орындауға қатысады. Ғылыми зерттеулер саласы: экономикалық және әлеуметтік географиядағы ГАЖ, халықтар географиясы, адам дамуы және халықтың өмір сүру сапасы, халықты аумақтық ұйымдастыру, урбандалу.

Ғылыми 11 басылымның авторы.