КАМАЛОВ ЮСУБАЛЫ

КАМАЛОВ ЮСУБАЛЫ

педагогика ғылымдарының кандидаты

Камалов Юсубалы Назымұлы 1956 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Көмешбұлақ ауылында дүниеге келген.

Шымкент педагогикалық институты физика-математика факультетінде оқып, 1978 жылы  жалпы техникалық пәндер, еңбек және физика мамандығы бойынша бітірді.

 1989 жылы  КСРО педагогика ғылымдарының академиясында педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. ҚР ЖАК шешімімен доцент атағын алды. Жаратылыстану ғылымдары академиясының корреспендент-мүшесі.

Қызмет  істеген орындары: Шымкент педагогикалық институты, 1991-1993 жылдары «Еңбек» мамандығы бойынша республикалық оқу-әдістемелік орталығында декан қызметінде болды. 1994-1996 жылдары «Еңбек технологиясының теориясы» кафедрасының меңгерушісі, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік Гуманитарлық университетінде 1996-1998 жылдары «Кәсіпке баулудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінде 1998-2000 жылдары «Кәсіпке баулудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды.

2000-2001 жылдары  Жаратылыстану педагогикалық факультетінің деканы қызметінде болды. 2001 жылдың қараша айынан бүгінге дейін «Кәсіпке баулудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, облыстық кәсіподақ Кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.

Барлығы 160-тан астам ғылыми-әдістемелік жұмыстардың авторы. Солардың ішінде 2005-2011 жыл аралығында «Еңбек» және «Кәсіптік оқыту» мамандықтары бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының авторлары құрамында 7 оқу-әдістемелік құралы жарық көрген.