САДЫҚОВ ЖАРЫЛҚАСЫН

САДЫҚОВ ЖАРЫЛҚАСЫН

педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

Садықов Жарылқасын 1945 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданының Қостөбе ауылында дүниеге келген.

1951-1958 жылдары Совет орталау мектебінде, ал 1958-1961 жылдары Ленгер қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы №2 қазақ орта мектебінде оқып, орта мектепті күміс медальмен бітірген. Н.Крупская атындағы  Шымкент педагогикалық институтының физика-математика факультетінде 1961-1965 жылдары оқыған. 1965 жылдан 1979 жылға дейін Ленгер қаласындағы №2 қазақ орта мектебінде физика пәнінің мұғалімі, Кеңес әскері қатарында, Ленин аудандық комсомол комитетінде мектеп бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған.

1979 жылдан 1991 жылға дейін Әл-Фараби атындағы педагогикалық мәдениет  институтында кабинет меңгерушісі, оқытушы, аға оқытушы, доцент қызметтерін атқарды.

1973-1976 жылдары Н.Крупская атындағы Халықтар Достығы орденінің иегері Ленинград Мәдениет институтының аспиранты болып, 1982 жылы педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады.

  1991-1996 жылдары Шымкент педагогикалық дене тәрбиесі институтының Педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. 1997-2002 жылдар аралығында Қазақ-араб институтының проректоры, Әлеуметтік және Ашық университеттерінің деканы  қызметтерінде болды. 2002 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік университетінде доцент қызметін атқарады.