Жаңалықтар

"Айка" фильмін тамашалады

22.02.19

ОҚМПУ-і студенттері "Канн" кинофестивалінің жүлдесіне ие болған "Айка" көркем фильмінің Шымкент қаласында өткен тұсаукесер көрсетілімін тамашалады. Олар көрсетілімнен соң фильмнің басты кейіпкерін сомдаған актриса Самал Еслямовамен  жүздесіп, ықылас гүлін сыйлады. Сондай-ақ фильм режиссері Сергей Дворцевоймен де пікірлесті. Әңгіме барысында студенттер туындыны түсіру кезеңдері, шығарманың көркемдік шешімі, актерлардың шеберлігі жайына қанықты.

ОҚМПУ ректоры Оңалбай Аяшев Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің Алғыс хатымен марапатталды

31.01.19

ОҚМПУ ректоры Оңалбай Аяшев Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің Алғыс хатымен марапатталды.  "Цифрлы Қазақстан жағдайында үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесін модернизациялау: өзекті мәселелер және шешу жолдары" атты  республикалық ІІ педагогикалық  оқуларында Оңалбай Аяшевтың өзі басқарып отырған ұжымды белсене ұйымдастыруы және креативтілігі  жоғары бағаланды.

Университетте "Саналы ұрпақ" кеңсесі ашылды

24.01.19

Салтанатты рәсімге Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Саналы ұрпақ" республикалық жобалық кеңсесінің басшысы Тоқышев Қайыржан Ахметбекұлы және Шымкент қаласы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Көмекбаев Әли Амантайұлы

Университетіміздің студенттері, магистранттары мен докторанттары Жастар жылын жариялауға байланысты Мемлекет басшысының қатысуымен өтіп жатқан "Тәуелсіздіктің ұрпақтары" тақырыбындағы салтанатты жиынды ұйып тыңдауда.

23.01.19

Университетіміздің студенттері, магистранттары мен докторанттары Жастар жылын жариялауға байланысты Мемлекет басшысының қатысуымен өтіп жатқан "Тәуелсіздіктің ұрпақтары" тақырыбындағы салтанатты жиынды ұйып тыңдауда.

Құттықтаймыз!

10.01.19

ОҚМПУ-нің ректоры, ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі, педагогика ғылымының докторы, профессор Оңалбай Аяшев Түркістан облысы Сарыағаш қаласының құрылғанына 50 жыл толған мерейтолық медалімен марапатталды. Білім ордасының басшысын марапатымен құттықтаймыз!

Жаңартылған орта білім беру мазмұнының ерекшеліктері

09.01.19

Университетте  «Жаңартылған орта білім беру мазмұнының ерекшеліктері және одан туындайтын ЖОО міндеттері» тақырыбында  семинар  өтті.«Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер» кафедрасының ұйымдастыруымен өткен басқосуда жаңартылған орта білім беру мазмұнының ерекшеліктері  және мамандарды даярлаудағы жаңа міндеттер туралы сөз болды.  Семинарда «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген ҚР-да орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде педагог кадрларды дарлайтын жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамының біліктілігін артт

Қазақ тарихын зерттеудегі жаңашылдықтар

03.01.19

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің профессоры, т.ғ.д. А.С. Мусағалиева  университетімізде «Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер» кафедрасы  тарих және дінтану мамандығы студенттерімен семинар өткізді.

Беттер

Subscribe to RSS - Жаңалықтар