Жаңалықтар

Студенттер алғыс айтты

02.03.20

Университетіміздің педагогика-гуманитарлық факультетінің ұйымдастыруымен  1 наурыз- Алғыс айту күніне арналған тәрбиелік іс-шара өтті. Салтанатты жиын барысында факультетке қарасты мамандықтарда оқитын өзге ұлт өкілдері өз ана тілдерінде және қазақ тілінде қазақ халқына, ОҚМПУ ұстаздарына алғыстарын білдірді.

Ерлік-ұрпаққа ұран!

28.02.20

Университетіміздің спорт және денешынықтыру факультетінде Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өтті. Денешынықтыру және алғашқы әскери дайындық кафедрасы ұйымдастырған жүздесуде студенттер интернационал жауынгерлердің соғыс және оның зардаптары туралы естелік әңгімелерін тыңдап, әскери тақырыпта пікірлесті. Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін шараның басты мақсаты жастарды Отанды сүюге баулу, патриоттық сезімін ояту және азаматтық жауапкершілігін арттыру. Басқосу соңында студенттер соғыс ардагерлерімен естелік суретке түсті.

Әлемдік деңгейдегі журналдарға    мақала жариялаудың жолдарын үйретті

28.02.20

"Web of Science" ресурстар базасынын маманы Инеш Кенжина ОКМПУ-нің профессорлық оқытушылар құрамына жоғары импакт факторлы басылымдарда қалай мақала жариялауға болатынын түсіндірді. Білікті маман бүгінгі таңдағы әлемдік деңгейдегі журналдар мен оның авторлар туралы жан-жақты мәлімет берді. Шетелдік басылымдарда тегін мақала жариялау жолдарын үйретті. Семинар қорытындысында профессорлық оқытушылар құрамына сертификат табыс етілді.

Университет спортшылары тағы да жеңіске жетті

27.02.20

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті спортшылары тағы да жеңіске жетті. Денешынықтыру және спорт факультетінің студенттері Бекет Айтбек пен Медет Әуесбек гир көтеру және армрестлинг спорты бойынша өткен Қазақстан чемпионатында  бірінші орынды еншіледі. Сондай-ақ  Есболат Қаржау жүлдегер атанып, күмістен алқа тақты.  Ақтөбе қаласында өткен бәсекеге еліміздің барлық өңірлерінен білекті жігіттер қатысты. Спортшыларымызға толағай табыстар мен жеңістер тілейміз!

Арман өнерімен биік асуларды бағындырмақ

26.02.20

ОҚМПУ-і кәсіби шығармашылық факультетінің студенті  Арман Бейсенбаев "Ұлы Дала ұрпағы" атты республикалық байқаудың жеңімпазы атанды.  Өнер  сайысында ол қазақтың халық күйлерімен қоса өзбек композиторларының шығармаларын да асқан шеберлікпен орындап шықты. Арман-Қарақалпақ  жерінің  түлегі. Университетіміздегі музыкалық білім кафедрасының меңгерушісі Алена Доспанбетова дарынды жастың өнер жолындағы болашағы жарқын екеніне сенімді.

Тоғызқұмалықшылар  жеңіске жетті

26.02.20

Түркістан облысының құрама командасы сапында өнер көрсеткен ОҚМПУ-нің спортшылары тоғызқұмалақтан Тараз қаласында өткен республикалық жарыста жеңіске жетті.  Әлемнің екі дүркін чемпионы Лина Каримова мен Гүлден Тұрғымбекова бұл жолы да өздеріне қарсылас шақ келтірмеді.  Спортшы қыздар аса қызықты саналатын тоғызқұмалақ ұлттық спорт ойыны  жастардың да ерекше қызығушылығын оятатынына сенімді.

«NUR OTAN партиясы «JAS OTAN» жастар қанатының төрағасы Елнұр Бейсенбаев студенттермен кездесті

25.02.20

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде  «NUR OTAN партиясы  «JAS OTAN» жастар қанатының төрағасы Елнұр Бейсенбаевпен кездесу өтті. Кездесу барысында  жастар көкейлерінде жүрген сауалдарға жауаптар алып, өз ұсыныстарымен бөлісті. Елнұр Бейсенбаев  жастарға шабыт берер ой тұжырымдарын жеткізді.

Мұнан кейін ол университетіміздің №1 студенттер үйіне барды. Жастардың тыныс-тіршілігімен танысып, студенттер үйінде орналасқан 11 үйірменің жұмысымен танысты.

Еселі еңбек еленген күн

25.02.20

Университет ғылыми кеңесінің кезекті мәжілісінде бірқатар оқытушылар  құрмет грамотасы және медальдармен марапатталды. Ағарту саласындағы ерен еңбегі мен жас ұрпаққа  тәлім беру ісіндегі қажырлы жұмысы үшін  педагогика ғылымдарының кандидаты, еңбек ардагері Ерке Бәйдібекова мен тарих  ғылымдарының кандидаты Сағынғали Әбубәкіровке "Ыбырай Алтынсарин" медалі табысталды.

ҰЛТ ТАРИХЫНЫҢ ТАРЛАНЫ

24.02.20

Шымкент қаласындағы «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасында ғалым, қазақтан шыққан тұңғыш тарих ғылымының докторы, «ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан» еңбегінің авторы Ермұқан Бекмахановтың туғанына 105 жыл толуына орай «Қазақ халқының көрнекті тарихшысы» тақырыбында ғылыми конференция өтті. Келелі басқосуда тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Бахадыр Айтай тарихшының тағдырына тоқтала келе, «Нағыз ғалым өзі үшін емес, ғылым үшін күреседі» тақырыбында  баяндама оқыды.

Бишілер топ жарды

24.02.20

ОҚМПУ-нің бишілер тобы еліміздегі ең үздік өнерпаздары болып танылды. Елордада өткен "Талапқа сай би" фестивалінде университетіміздің "Яссы" тобы бас жүлдені иеленді. Түрлі факультетте оқитын 10 бойжеткен студентіміз сахнада өз шеберліктерін жан-жақты көрсете білді. Өнер сайысын өткізуге халықаралық хореография ассамблеясы ұйытқы болды. Оның мақсаты таланатты бишілерді табу, олардың өнерін дамытуға қолдау білдіру және хореографиялық шеберліктерін шыңдау.

Беттер

Subscribe to RSS - Жаңалықтар