Жаңалықтар

Үйірме ашылды

10.03.20

Университетте  «Жалындаған әлеуметтік педагогика» үйірмесі ашылды. Педагогика-гуманитарлық факультеті, педагогика кафедрасының ұйымдастыруымен жасқатлған үйірме бәсекеге қабілетті, сұранысқа ие маман қалыптастыруды көздейді. Оған Жеңіскүл Нұрманова жетекшілік етеді. Үйірменің ашылу салтанатында ұлы кемеңгер Абай Құнанбайұлының туылғанына 175 жыл толуына орай өткелі жатқан республикалык байқауға манерлеп оқудан, көркем-суреттен үздік білімгерлер іріктелді.

Ұлт ұстазы -ұлы Абай

10.03.20

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде  ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай  “Ұлт ұстазы -ұлы Абай” атты әдеби апталық  өтпек. Шараны филология факультеті, қазақ тілі мен әдебиеті кафедарасы ұйымдастыруда. Апталықтың ашылу салтанаты 2020 жылдың 10 наурызы күні сағат 14.00-де оқу ордасының "С" ғимаратындағы 221 дәрісханада өтеді.

Құрметті ұстаз-аналар, ару қыздар!

06.03.20

Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын.

Табиғаттың оянуы мен жаңаруы – көктемнің аналар мерекесінен бастау алатыны тегін болмаса керек. Себебі :

Әйел –өмір, әйел – көңіл, әйел –жыр,

Әйел –бақыт, әйел – шаттық, әйел – сыр!

Әйел – тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға емес, ол мемлекеттік мәселелерге және саяси өмірге белсене араласатын белді қоғам мүшесі.

Қазақ әйелі ұлы даламызды қорғап, ер-азаматтармен бірге ерлік жасаған.

Әріптестеріміз "Жыл үздігі" атанды

05.03.20

Университетіміздің оқытушылары  Шолпан Арзымбетова мен Әлия Оралбекова "Оқу ордасының 2019 жылдағы ең үздік ұстазы" мәртебесіне ие болды.  Мұндай атақ еліміздегі 48 оқу орнында жұмыс істеп жатқан 200 педагогқа берілді. Байқау комиссиясы оларды жұмыс сапасы мен жетістіктеріне қарай іріктеп алды. Жеңімпаздарды марапатымен құттықтаймыз!

Жастардың ынтасын оятқан өзгеріс

05.03.20

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен ЖОО студенттерін қолдау мақсатында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бакалавриат, магистратура және докторантура студенттерінің шәкіртақысы 25 % пайызға көтерілді.

Университетте үздік оқитын студенттерге, жетім немесе мүгедек, көпбалалы отбасыдан шыққан студенттерге жеңілдіктер де қарастырылған.

Абай мұрасы – халық қазынасы

05.03.20

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде  «Абай мұрасы – халық қазынасы» тақырыбында дәстүрлі Байтанаев оқулары аясында  халықаралық  ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Іс-шара Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай ұйымдастырылған.

Тазалық талаптары күшейтілді

04.03.20

Жылдам таралатын вирусты инфекцияның алдын алу мақсатында университеттің жатақханаларында дезинфекциялау  жұмысы жүріп жатыр. Сондай-ақ бөлмелерде  тазалық талаптарын сақтаудың қосымша шаралары да күшейтілді. Бұл іске студенттердің өздері де белсенді араласып, қолғабыс етуде.  Мамандар тазалық, гигиена, сақтық шаралары туралы жастарға кеңес берді. Медицина қызметкерлері бөлмелерді жиі-жиі желдетіп тұруға және ылғалды шүберекпен тазарту керектігін айтты.

Рәміздер-елдігіміздің белгісі

03.03.20

Университетте «Мемлекеттік рәміздерді ұлықтау – әрбір азаматтың міндеті» атты танымдық-тәрбиелік шара өтті. Онда мемлекеттік рәміздерге байланысты деректі фильм көрсетіліп, сол бойынша студенттерге танымдық сұрақтар қойылды. Тәрбиелік шара педагогика-гуманитарлық факультетінің деканы, филология ғылымдарының кандидаты Э. Оразбаеваның жетекшілігімен ұйымдастырылды. Жиын барысында «Рухани жаңғыру» орталығының басшысы, т.ғ.к. Ұ.С.Анарбаев «Қазақ қоғамының рухани жаңғыруындағы мемлекеттік рәміздердің алатын орны.

Білімді ұрпақ тәрбиелеудегі еселі еңбек

03.03.20

Университетіміздегі химия кафедарасының  ұжымы білімді, бәсекеге қабілетті маман даярлау ісінде толайым жетістіктерге жетуде. Студенттерге ғылым докторлары мен ғылым кандидаттары, магистр-оқытушылар дәріс береді. Жалпы алғанда  кафедраның ғылыми әлеуеті 75 процентке жеткен. Студенттердің жоғары әрі заман талабына сай білім  алуы үшін 4 химиялық зертхана қажетті қондырғылармен, 2  кабинет ғылыми-әдістемелік құралдармен және электронды оқулықтармен жабдықталған. Кафедрадағы  ғылыми зерттеу жұмыстары  екі бағыт бойынша жүргізіледі.

Әлемдік стандартқа сай білім беру жолы үйретілді

02.03.20

Университеттің Білім беру бағдарламаларын әдістемелік қамтамасыздандыру бөлімінің басшысы Айгүл Айтбаева Алматы қаласындағы КИМЭП университетінің базасында  өткен «Әлемдік стандарттың қазіргі білім беру тәжірибелері» тақырыбындағы семинар-тренингке қатысты. екі күнге созылған басқосуда  еліміздегі  жоғары оқу орындарында акакдемиялық тәжірибенің тиімділігін арттыру үшін кәсіби дағдылар мен құзыреттіліктерді дамыту жайы талқыланды.  ЖОО-ның академиялық каталогын жасаудағы озық тәжірибелері айқындалды.

Беттер

Subscribe to RSS - Жаңалықтар