Жаңалықтар

Қазақстандықтарға білім беру интернет-ресурстарына тегін кіруге мүмкіндік беріледі

20.03.20

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Қазақстандықтарға білім беру интернет-ресурстарына тегін кіруге мүмкіндік беріледі

Білім беру сайттарын тегін пайдалануға болады. Ынтымақтастық туралы тиісті меморандумға Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари, Цифрлық даму вице-министрі Дарын Тұяқов, сондай-ақ «Қазақтелеком» АҚ, «Транстелеком» АҚ, «Кар-Тел» ЖШС, «Кселл» АҚ, «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС, «Astel» АҚ сияқты байланыс операторларының басшылары қол қойды.

Студенттер онлаин режимде білім алуға көшті

17.03.20

Вирусты инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті дистанционды оқыту жүйесіне көшті. Білім ордасында «Univer 2.0». ақпарттық оқыту порталы  жұмыс істейді.  Бұл бағдарлама оқытушылар мен білім алушыларды, бөлімшелер қызметін,  барлық  ақпараттық оқыту жүйесін бір орталыққа топтастырады. Әбір мұғалім мен студент   жеке web-парақшасы арқылы қашықтықтан оқыту жүйесіне  қосылу мүмкіндігіне ие.

Пәндік Олимпиадада жеңімпаз атанды

13.03.20

Жоғары оқу орындары арасында өткен XII республикалық студенттік пәндік Олимпиадада ОҚМПУ-нің бірнеше студенті  жеңімпаз атанды.  Білім сайысы Т. Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясында өтті.  Олимпиадада кəсіптік- шығармашылық факультетінің студенттері: С. Хайдилла, А Елбасы киім дизайны номинациясында алғыс хат алды.  Ал кескіндеме, графика бағытында   М. Тəңірбергенов, Б. Қасмырзаев Б. Махаш, А. Жақсыбек   бағытында III дәрежелі дипломмен марапатталды.

Жаңартылған білім мазмұны-заман талабы

13.03.20

Университетте «ЖОО-ғы жаңартылған білім мазмұны-бәсекеге қабілетті маман дайындаудың негізі» атты семинар  өтті.  Оған Назарбаев зияткерлік мектептері ДББҰ   Педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері, Назарбаев Зияткерлік  мектебі мен Шымкент қаласындағы жалпы орта мектептерінің мұғалімдері, кафедра оқытушылары және «Тарих-Дінтану», «Тарих» мамандығының 3 курс  студенттері қатысты. Олар бәсекеге қабілетті маман дайындаудағы проблемалар  мен перспективаларын талқылады.

Әйел-өмірдің мәні

12.03.20

Университеттегі ер азамат ұстаздар ұжымдағы қыз-келіншектерді көктемнің шуақты мерекесімен құттықтады. Осыған орай концерттік шара ұйымдастырылды. Қыз-келіншектердің құрметіне әуезді ән шырқалып, сахналық қойылым көрсетілді. Сонымен бірге университет ректорының міндетін атқарушы Гүлжан Сүгірбаева еңбек озаттарына мерейтойлық медаль табыстады.

"Жүрегімнің түбіне терең бойла"

11.03.20

ОҚМПУ-де  қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Ұлт ұстазы –  ұлы Абай» атты апталықтың салтанатты ашылуы өтті. Кеште кемеңгер ойшылдың өмірі мен шығармашылығы туралы сахналық қойылым көрсетіліп, магистратурада оқитын айтыскер  студенттер  арнау жыр айтты. Көрермен көпшілік жастардың орындауындағы Абай әндеріне тебіреніп, поэзия әлеміне бойлай енді. Апталық әрі қарай да осындай тағылымды іс-шаралармен жалғасын табатын болады.

Web of Science​ және Scopus​ базасындағы журналдарда мақала жариялаудың жолдары үйретіледі

11.03.20

ОҚМПУ-де профессор-оқытушылар, PhD докторанттары мен ғылыми қызметкерлер үшін  "Web of Science​ және Scopus​ базасындағы журналдарда мақала жариялаудың жолдары" атты семинар өтеді. Семинарды университетіміздегі  Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, PhD доктор,

Web of Science​ және Scopus​ базасындағы «Millî Folklor»​ журналының Қазақстандағы өкілі және редакциялық алқа мүшесі Бекарыс Нұриманов өткізеді. Семинар 11 наурыз күні оқу ордасының бас ғимаратында  сағат 15.00.-де өтеді.

Айболдың алтын медалі

10.03.20

Университетіміздің 3 курс студенті Айбол Нысаналы дзюдодан жасөспірімдер арасындағы республикалық турнирдің бас жүлдесін жеңіп алды. Тараз қаласында өткен спорт додасы аса тартысты өтті. Үздіксіз дайындық пен тыңғылықты дайындықтың арқасында Айбол алтыннан алқа тақты. Оған алдағы жарыстарда да жүлдегерлер тұғырынан көрінуді тілейміз.

Беттер

Subscribe to RSS - Жаңалықтар