Жаңалықтар

Болашақ ғалым

05.04.20

Университетіміздің 3-курс студенті Әбжапбар Оразкүл қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының PhD  докторы Ақбілек Мыңбаеваның жетекшілігімен Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай білім беру ұйымдарының педагогтары мен білім алушылары арасында өткен "Абай мұрасы - Қазақтың қасиетті қазынасы" атты халықаралық  байқауының жеңімпазы атанды.

Білім алуымызға ешқандай кедергі жоқ

31.03.20

Мен, Арын Айсұлу Дәулетбекқызы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті филология факультеті  қазақ тілі және әдебиеті мамандығының 117 - 17 оқу тобының студентімін. Қазіргі уақыттағы қиын жағдайға қарамастан студенттердің білім алуына жан-жақты жағдай қарастырылуда. Қашықтықтан оқыту бойынша «Zoom» бағдарламасы арқылы білім алып жатырмыз. Оқытушыларымыз өз мамандығының шебері. «Zoom» бағдарламасы арқылы күнделікті онлайн жүйесімен сабақ өтіп, тапсырмаларды универ жүйесіне салып отырамыз. Лекцияны да, семинар сабақтарды да осы бағдарлама арқылы өтудеміз.

Барлық ынта-ықыласымыз сабақта

31.03.20

Мен, Мәуіз Мерей Ардақбайұлы, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті «Дене шынықтыру және спорт"  факультетінің 2 курсында оқимын. 108-18 оқу тобының үздік студентімін. Қазіргі таңда «Қашықтықта оқыту»  бойынша "Zoom" бағдарламасымен оқып жатырмыз. Оның бізге көп пайдасы тиіп жатыр, мұғалімдер сабақты уақтылы, өз деңгейінде өтеді. Онлайн жүйеде оқып жатсақ та мұғалімдер сабақты жақсы түсіндіріп жеткізуде. Өзім кәсіби спортшымын. Өкінішке орай қазір жаттығу болып жатқан жоқ. Есесіне барлық ынты ықыласымыз сабақта.

Ел тарихында алғаш рет жарияланған төтенше жағдай ешкімді де бей-жай қалдырмады.

30.03.20

 Мен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педогогикалық университетінің, Физика –Математика факультеті, Информатика кафедрасы Математика-информатика мамандығының ІІ курс студентімін. Осы орайда біздің оқу ордамыз да төтенше жағдайға байланысты қашықтықтан оқыту жүйесіне көшті. Білім ордамызда "Univer 2.0" ақпараттық оқу порталы жұмыс істейді. Оқытушыларымыз сабаққа қатысты видео-лекцияларды, презентацияларды Univer жүйесіне ендіріп қойған. Сабақтың бәрі сабақ кестесі бойынша Zoom платформасы арқылы жүргізіледі.

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті студентінің күнделігінен.

30.03.20
Мен, Дартаева Мөлдір, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті «Дене шынықтыру және спорт » мамандығының  2курс студентімін.  108-18 оқу тобының топ басшысымын. Эпидемиялық ахуалға байланысты қазір біз «Қашықтықта оқыту" жүйесі бойынша Zoom  бағдарламасымен  оқып жатырмыз. Бұл бағдарламаның бізге көп пайдасы тиюде. Мұғалімдер сабақты уақтылы әрі өз деңгейінде өтіп жатыр. Онлайн жүйеде оқып жатсақ та   дәрісіміз қызықты, тағылымды. Тобымызда шет елдік студенттер да бар, мен де шет ел азаматымын.

Польшаның Лодзь оқу ордасында білім алып жүрген ОҚМПУ-нің жеті студенті елге аман есен оралды

30.03.20

Польшаның Лодзь оқу ордасында білім алып жүрген ОҚМПУ-нің жеті студенті елге аман есен оралды. Олар вирусологиялық сынақтан өтіп,  Қарағанды төңірегіндегі профилактикалық санаториге орналасты. Қуаныштысы, студенттердің ағзасы тест қорытындысы бойынша індеттен ада екенін растады.

Халықаралық онлайн конференция өтті

27.03.20

"Данагөйлердің сөзін ұғынып, есте сақтап қалған  адам әрі қарай кемелдене түседі." Осындай тақырыппен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде ұлы Абайдың 175 жылдығына орай халықаралық онлайн конференция өтті. Челлендж түріндегі басқосуға Түркияның Анкара университеті студенттері де қосылды. Қос университеттің студенттері  челленджге белсенді қатысты. Олар Абай шығармаларын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жатқа айтып берді.  Абай кестелі сұлу сөздің иесі, көркем әдебиеттің темірқазығы, өшпейтін жарық жұлдызы.

Беттер

Subscribe to RSS - Жаңалықтар