Жаңалықтар

Марафонға қатысып, жүлде жеңіп ал

15.04.20

"ОҚМПУ-Хабаршы" ғылыми -әдістемелік журналы "Үйде мақала жазамыз» атты байқауға қатысуға шақырады. Редакция алқасы үздік деп таныған 4 мақала басылымда тегін жарияланады. Және авторларға жүлдеге 15 мың теңге қаламақы беріледі. Марафонның мақсаты – «Біз біргеміз» ұстанымына үн қоса отырып, жаңа қырымызды ашу, ғылыми зерттеушілік қабілетімізді шыңдау.
Байқау шарттары:
1.Facebook парақшасындағы «ОҚМПУ Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы» тобына жазылу:
2. @philology_faculty инстаграм парақшасына тіркелу;

Қашықтықтан оқыту-бүгінгі күн талабы

14.04.20

Әлемдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты  қашықтықтан білім беру-бүгінгі күн талабы болып отыр. Осы орайда Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті педагогика кафедрасының меңгерушісі,  PhD аға оқытушысы  Алия Оралбекова өз тәжірибесімен бөлісті.

Coursera онлайн ресурсының сертификатын алды

13.04.20

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің доценті, педагогика ғылымдарының докторы Роза Қадырбаева Coursera (Курсера) онлайн-ресурсының сертификатына ие болды. Coursera (Курсера)-да алгебра пәні бойынша әлемдік деңгейдегі жоғары оқу орындарындағы өзгерістер  туралы  тегін курстар ұсынылды. Роза Қадырбаеваның айтуынша әлемдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты дүниежүзілік онлайн ресурс  өз оқырмандарына  барлық мүмкіндігін ұсынды. Ғалым-математик қашықтықтан оқытудың тиімділігі арқасында осындай жетістікке жетті.

Елбасы мақаласы сын сағатта халқымыздың ертеңге сенімін арттырды – ректор Барлық құқықтар қорғалған

10.04.20
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Қауіп-қатермен бетпе-бет келген Қазақстан халқы осындай сын сағатта ішкі бірлігін көрсетіп, өзара жанашырлығын танытып отыр. Шымкенттік ОҚМПУ ректоры, тарих ғылымдарының кандидаты Гүлжан Сүгірбаева Елбасы Н. Назарбаевтың мақаласы сын сағатта халқымыздың төзімі мен сенімін арттырғанын айтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Педагогика-гуманитарлық факультеті педагогика және психология мамандығының студенттері тұрғындарды үйден шықпауға шақырды

Беттер

Subscribe to RSS - Жаңалықтар