Жаңалықтар

Ғылыми конференцияға шақырамыз

20.04.20

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті жас ғалымдар мен студенттерді жаратылыстану және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер бойынша республикалық ІХ ғылыми тәжірибелік конференцияның онлайн форматындағы пленарлық мәжілісіне қатысуға шақырады. Мәжіліс 2020 жылдың 24 сәуірі күні сағат 10.00-де басталады.

Академия мүшелігіне қабылданды

20.04.20

ОҚМПУ студенті  Тоқтамыс Нұрболат Баратұлы Үздік студенттер академиясының мүшесі атанды. Бұл -  "Bilim-orkenieti" ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының тұңғыш ұйымдастырып отырған жобасы.  Нұрболат университетіміздің жаратылыстану факультетінде оқиды.  Ол енді білім өркениеті сайтына оқу жылы бойында 5 мақала жазуға мүмкіндік алды.
Нұрболатқа Әлия Битемірова жетекшілік жасайды.

Ректор студенттермен тікелей эфирде сөйлесті

17.04.20

Ағымдағы жылдың 17 сәуірінде Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры міндетін атқарушы Гүлжан Дәулетбекқызы Сүгірбаева Instagram платформасында студенттермен тікелей эфир өткізді. Платформа кездейсоқ таңдалған жоқ, себебі бүгінгі таңда бұл мобилді қолданба жастар арасында үлкен сұранысқа ие.

Ақынмен болған сырласу

17.04.20

Ақын Әлімжан Әлішермен болған кездесу өте әсерлі сарында, сезімдерді тербеткен ауанда өтті. Кеш барысында ақынның өмірі жайлы,өнер жолындағы жетістіктері ,болашаққа деген жоспарлары жайында  хабардар болдық.  Тыңдармандардың сұрауына орай ақын  ғашықтардың "Қозы Көрпеш-Баян Сұлу" күніне  арналған өлеңдерін оқып берді.   Ақынға өз тарапымнан айтар бірді-екілі ескертпем де  бар. Әсіресе өзін ұстау этикасы мен өлең оқу мәнерін мұнан әрі жетілдіре түскенін қалар едім.

Zoom бағдарламасымен конференция өткізді

16.04.20

ОҚМПУ-нің педагогика-гуманитарлық факультеті бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығының 4 курс студенттері  педагогикалық тәжірибелерін қорытындылап,  конференция өтті. Конференция жұмысы Zoom  бағдарламасы арқылы  жүргізілді.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

16.04.20

     Қазақтан Республикасының Ұлттық қорының мақсатты трансферті есебінен жоғары оқу орындарында білім алуға білім беру гранттарын тағайындау туралы Түркістан облысы әкімдігінің 2020  жылғы  26 наурыздағы №1-21-ө-н/қ ӨКІМІМЕН төмендегі аты-жөні көрсетілген 1-курс студенттеріне білім беру гранттары тағайындалды.

2020 жылғы 15 сәуірде Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде «Онлайн режимінде оқу процесін ұйымдастыру: цифрлық оқу контенттерін дайындау» тақырыбында вебинар өткізілді.

15.04.20

2020 жылғы 15 сәуірде Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде «Онлайн режимінде оқу процесін ұйымдастыру: цифрлық оқу контенттерін дайындау» тақырыбында вебинар өткізілді.

Вебинарды ОҚМПУ ректорының міндетін атқарушы Сугирбаева Гүлжан Даулетбековна кіріспе сөзімен ашты.

Қашықтықтан оқыту лекцияларын дайындау бойынша нұсқаулық

15.04.20
ОҚМПУ Оқытушы-профессор құрамдарына қашықтықтан оқыту лекцияларын (видеолекция) дайындау нұсқаулығы мен компьютерлік бағдарламаларын ұсынамыз:

Беттер

Subscribe to RSS - Жаңалықтар