Жаңалықтар

Менің Туым, менің Отаным!

13.12.19

13 қазан күні Алматыда «НұрОтан» партиясының бастамасымен «Менің Туым, менің Отаным!» акциясы басталған болатын. Қазіргі таңда елімізде Мемлекеттік туды насихаттау,  дәріптеу акциясы өтіп жатыр.

Бұл шара  Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде жалғасуда.

Тәуелсіздік мерекесіне орай  өтіп жатқан жиынға «НұрОтан» партиясының Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нарымбетов Бахадыр Мәделіұлы қатысты.

Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» және оларды ЖОО білім беруде пайдаланудың өзекті мәселелері

12.12.19

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті факультеттері бойынша мемлекеттік «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» және оларды ЖОО білім беруде пайдаланудың өзекті мәселелері» атты арнайы семинар өтті. Тарихи кітаптар бойынша «Panorama:Дүниежүзі тарихы», 1-2-ші кітап (авторлар Росс Е. Данн, Лара Дж. Митчелл) ерте тарихқа қатысты жағының ерекшеліктері туралы т.ғ.к.

​Әкім жатақханадағы жағдаймен танысты

12.12.19

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде болды. Шаһар басшысы №1 студенттер үйінде тұрып жатқан жастардың жағдайымен танысты. 12 қабатты тұрғын жай бүгінгі таңда студенттер үшін салынған ең жайлы және үлгілі жатақхана саналады. Ол 500 орынға лайықталған. Мұндағы әрбір бөлме тұрмысқа қажетті жиһаздармен жабдықталған. Жуыну орны да жеке дара. Студенттер үйінде кітапхана, компьютер сыныбы, асхана, медициналық бөлме, кір жуу орны да қараcтырылған. Жастар WI-FI желісін тегін пайдаланады.

Озық үрдіс

11.12.19

 Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында британдық профессор, PhD докторы Александр Джозеф Ромишовски «Информатика» мамандығының 3-курс студенттеріне дәріс өткізуде. Сабақ барысында заманауи технологиялардың кең қолданысы қамтылып, оқып-үйренудің жаңаша тәсілдері ұсынылуда. Сонымен бірге, студенттер қазақстандық және шетелдік тәжірибе  негізінде практикалық дағдыларды дамытып, әлемдік стандарттарға сай  білім берудің озық үрдісімен танысуда.

Елбасы көшбасшылығының сабақтары

03.12.19

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде ҚР Тұңғыш Президент күніне орай «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті» коммерциялық емес АҚ-ы әкімшілік басқармасының басшысы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Парламент Мәжілісі үшінші шақырылымының депутаты, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері, Мақтарал, Сарыағаш аудандарының және Түркістан облысының құрметті азаматы, облыстық мәслихаттың депутаты Аяшев Оңалбай Аяшұлы студенттерге «Қазіргі Қазақстан.

Ректор өнерпаздармен кездесті

03.12.19

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Анар Қайырбекова республикалық және облыстық байқаулардың лауреаттарымен кездесті. Кәсіби шығармашылық факультетінің студенттері республикалық деңгейдегі өнер сайыстарына белсенді қатысып келеді. Оларға вокалды өнердің нағыз шеберлері үйретуде. Бұған студенттердің түрлі байқаулардан алған жүлделері мен марапаттары куә. Кездесуде өнерпаздар репертуар таңдау, оған сахналық киім үлгілерін үйлестіру жайын сөз етті. Университет ректоры жастарға шығармашылық өрлеу мен табыс тіледі.

 Оқытушылар семинарға қатысты

25.11.19

Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігінің (БСҚТА) ұйымдастыруымен 2019 жылғы 22 қараша күні институционалды және мамандандырылған (23 мамандық  бойынша) аккредиттеу бойынша өзін-өзі бағалау есебін даярлау мақсатында оқыту семинары өткізілді. Семинарды жоғары оқу орындары мен ҒЗИ аккредиттеу бөлімінің бас үйлестірушісі биология ғылымдарының докторы, профессор Имашева Бағдат Сәкенқызы өткізді. Семинардың мақсаты аккредиттеу стандарттары мен қағидаларын жүргізу рәсімдерін оқыту.

Студенттеріміздің "жұлдызды қолтаңбасы"

25.11.19

"Жұлдызды қолтаңба" республикалық байқауында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің екі бірдей студенті жүлделі бірінші орынды иеленді. Жансерік Оразбек пен Арман Бейсенбаев керемет өнерімен қазылар алқасы мен тыңдарманды тәнтті етті. Жүлдегерлерді құттықтаймыз!

"Бір   ел - бір кітап" 

22.11.19

     Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті филология факультетінің студенттері  "Бір   ел - бір кітап"  бастамасы аясында жазушы Әбіш Кекілбаевтың  "Аңыздың  ақыры"  романы  бойынша   "дөңгелек  үстел"  өткізді.

Университетіміздің 5 спортшысы әлем чемпионы атанды

15.11.19

 Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Анар Қайырбекова оқу ордасындағы даңқты спортшылармен кездесті. Ректор армрестлингтен әлем чемпиондары Қаржау Есболат, Ләззат Мәлікайдар, Нұрхат Қалдарбек және Мақпал Зиядулланы жеңіспен құттықтады. Бұл спортшылар жуырда ғана Румынияда өткен әлем чемпионатында алтыннан алқа таққан болатын. Сондай-ақ басқосуға дзюдо шебері Перизат Қадырбекова, бокстан халықаралық жарыстардың жүлдегері Бекзат Қашқын, футболшы Мерей Мауиз, спорт шебері Нысаналы Айбол да қатысты.

Беттер

Subscribe to RSS - Жаңалықтар