Жаңалықтар

"Бір   ел - бір кітап" 

22.11.19

     Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті филология факультетінің студенттері  "Бір   ел - бір кітап"  бастамасы аясында жазушы Әбіш Кекілбаевтың  "Аңыздың  ақыры"  романы  бойынша   "дөңгелек  үстел"  өткізді.

Университетіміздің 5 спортшысы әлем чемпионы атанды

15.11.19

 Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Анар Қайырбекова оқу ордасындағы даңқты спортшылармен кездесті. Ректор армрестлингтен әлем чемпиондары Қаржау Есболат, Ләззат Мәлікайдар, Нұрхат Қалдарбек және Мақпал Зиядулланы жеңіспен құттықтады. Бұл спортшылар жуырда ғана Румынияда өткен әлем чемпионатында алтыннан алқа таққан болатын. Сондай-ақ басқосуға дзюдо шебері Перизат Қадырбекова, бокстан халықаралық жарыстардың жүлдегері Бекзат Қашқын, футболшы Мерей Мауиз, спорт шебері Нысаналы Айбол да қатысты.

Медет чемпион атанды

14.11.19

         Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің спортшылары әлемдік рекордтарды жаңартуда. Гир көтеруден Сербияда өтіп жатқан әлем чемпионатында 1курс студенті Медет Әуесбек күміс медаль еншіледі. Ол бұдан бұрынғы әлемдік сайыста алтыннан алқа таққан болатын. Медет қысқа мерзімді демалысын соң жаттығуға қайта кіріспек. Ол енді бір айдан соң Қызылордада өтетін Қазақстан кубогында сайыс алаңына шығады. Медетке толағай жеңістер тілейміз!

Ізденімпаз Шемшет

13.11.19

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің 2 курс студенті Шемшет Алтыева - білім іздеп Түркіменстан Республикасынан келген талапты жас. Ол ағасымен бірге қазір жаратылыстану факультетінде оқып жатыр.  Болашақта жастарға химия және биология пәнінен сабақ беретін мұғалім болмақ. Ізденімпаз бойжеткенді сондай-ақ  еліміздің тарихы да қатты қызықтырады. Ол үнемі  университеттің  археологиялық көремесіне қойылған  жәдігерлерді қызықтап, зерделеп жүреді.

Қала әкімі университетке келді

08.11.19

      Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде болды.  Алдымен оқу ордасындағы  археологиялық көрмені тамашалаған шаһар басшысы  мұнан соң Назарбаев орталығын да аралап көрді. Университет ректоры Анар Қайырбекова қала әкімін "100 жаңа оқулық" коворкинг орталығының жұмысымен таныстырып, ондағы 10 жаңа оқулық туралы бейнероликті көрсетті.

Шетелдік атақты ғалымнан дәріс тыңдауда

06.11.19

 Ресей ғылым академиясы тіл меңгеру институты  этнопсихолингвистика секторының меңгерушісі,  филология ғылымының кадидаты Ольга Балясникова ОҚМПУ-нің филолог студенттеріне дәріс оқуда. Тілдік таным теориясы, БАҚ-тың тілдік ықпалы, грамматиканың психолингвисткалық  аспектілері тақырыбын 50-ден астам ғылыми еңбек жазған ғалым  енді бір апта бойына университет шәкірттеріне семинарлар өткізеді. Ғалым оқу ордасына академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шақырылып отыр.

Ректор студенттермен кездесті

04.11.19

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Анар Қайырбекова білім ордасының студент жастарымен кездесті. Жүздесу кезінде жастар басшыны студенттік ректорат жұмысымен таныстырды. Басқосуда сондай-ақ, "Лотос" қыздар клубы, "Болашақ" және "Аян" пікірсайыс клубының мүшелері, шетелдік студенттер, халықаралық, республикалық байқаулардың жүлдегерлері, даңқты спортшылар және студенттік сән театрындағы жастар өз ой-пікірлерін айтты. Студенттерді ыждағатпен тыңдаған ректор университеттегі атқарылып жатқан жұмыстар, алдағы жоспарлар жайлы баяндады.

"Жас ғалымдар" форумына қатысты

01.11.19

 Мәскеу қаласында ресей-қазақстан "Жас ғалымдар" форумы өтті. ⠀Аталған форумға Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті атынан бірініші курс докторанты Омаров Оралхан Темірханұлы қатысып, білім ордасының ғылыми даму тұжырымдамасы және алдағы стратегиялық жоспарлар бойынша баяндама жасады. Сондай-ақ ол Қазақстан және Ресей білім ордалары жас ғалымдарымен ынтымақтастық орнату аясындағы іс-шараларға қатысты.

Тарихи жәдігерлер табылды

29.10.19

"Казахстанская правда" (18 қазан 2019 жыл)  газетінде Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті археологиялық жасағының Өгем шатқалындағы қазба жұмыстары  жайындағы мақала жарық көрді. Тарих ғылымының докторы, Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры  Александр Подушкин жетекшілік ететін археологиялық топ тарихымыздың беймәлім тұстарына қатысты бірқатар жәдігерлер тауып отыр

https://www.kazpravda.kz/articles/view/kamennaya-kniga

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ОҚМПУ- ге келді

27.10.19

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетіне арнайы келді. Министр оқу ордасындағы археологиялық жасақтың қазба жұмыстары кезінде тапқан жәдігерлерінен жасақталған "Өркениет көшіндегі Ұлы Дала" көрмесін тамашалады. Сондай-ақ Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбектері қойылған "Назарбаев орталығы" мен "100 жаңа оқулық" коворкинг орталығының жұмысымен танысты. Айта кету керек, "Назарбаев орталығындағы" танымдық материалдар ғылыми-педагогикалық құрамның барлық деңгейіндегі мұғалімдер мен студенттер ге арналған. 

Беттер

Subscribe to RSS - Жаңалықтар