Хабарландыру

Хабарландыру

20.11.17

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтында 2017 жылдың 20-24 қараша аралығында 3-4 курс студенттері мен профессор-оқытушылар құрамына «Өрлеу» БАҰО АҚ Алматы қаласындағы филиалының лектор-эксперті Койлык Нургали Отарбайулы  «Педагогтың зерттеушілік қызметін дамыту» және «Оқушылардың жетістіктерін бағалаудың заманауи әдістері (критериалды оқу процесін бағалау және жоспарлау)» тақырыптарында семинар-тренингтерін бастады.

Өткізу орны: 231 мәжіліс залы.

Хабарландыру

20.11.17

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты Назарбаев Университеті Жоғары білім мектебімен бірлесе отырып

2017 жылдың 20 қараша - 8 желтоқсан аралығында «Менеджмент және кадрларды даярлау саласындағы халықаралық стандарттар негізінде педагогикалық мамандықтар бойынша отандық және шетелдік мамандардың оқытуы» бағдарламасы аясында төмендегідей тренинг-семинарлар өткізіледі:

Хабарландыру

15.11.17

                                                              Хабарландыру

Құрметті студенттер, 2017 жылдың 3 – 20 қараша аралығында ОҚМПИ-дің 80 жылдығына орай студенттер арасында «Тарихқа шолу» атты ең үздік эссе, презентация үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын тілдері) онлайн байқауы өткізіледі.

Ең үздік эссе мен презентация иегерлері марапатталады.

 

Бос лауазымдарға арналған конкурс

25.10.17

Хабарландыру

 

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты төмендегі лауазымдарға конкурс өткізу туралы хабарландыру жариялайды:

  1. Жаратылыстану факультетінің деканы.

Факультет деканының біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, ғылыми дәрежесі және кемінде 5 жыл білім беру ұйымдарында басшы қызметтегі немесе мамандығы бойынша еңбек өтілі, білім беру менеджменті бойынша біліктілікті арттыру курстарының өткендігі туралы сертификаты (куәлігі) болуы тиіс.

Беттер

Subscribe to RSS - Хабарландыру