БАҚ Біз туралы

Қазақстан келбетін әлемге паш етер «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне ат салысамыз.

04.05.16

Шымкенттегі Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық институтына жиналған жаһан ғалымдары айтулы шараға дайындықты пысықтады. Ғылыми жиынға Ресей, Беларусь, Өзбекстан сынды мемлекеттердің ғұламалары арнайы келіпті.

Шымкенттік ұстаздар «100 нақты қадамға» негізделген энциклопедия жазуда

04.05.16

Шымкенттік ұстаздар «100 нақты қадамға» негізделген энциклопедия жазып жатыр. Онда 5 институционалдық реформаны жүзеге асыруға арналған Ұлт жоспарының барлық саласы қамтылмақ. Жол картасы үш тілде жарық көреді. Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық институтының ұжымы Елбасы ұсынып отырған «Білім мен ғылым және инновация» үштігі қазақ елін әлемдік білім беру үрдісінен бір саты да кем түспейтін деңгейге жеткізуді көздейді дейді.

«Студенттер үйiнде» үздiктер тұрады

04.05.16

Қала сәулетiне көрiк қосқан

Жатақхана – бұл студенттердің құтты ұясы, жылы мекені. 
Мұнда болашақ педагогтар үшін барлық жағдай жасалыпты. Әр жатын бөлмеде екі студент ғана тұрады.

Жұмыссыздықпен күресудің жолы – жауапкершілікті арттыру 16:14, 4 сәуір 2016 Басып шығару 176 - просмотров Болашақ мамандарды бірінші курстан-ақ жұмыспен қамтуды қолға алу керек.

04.05.16

0:002:08 Жұмыссыздықпен күресудің жолы – жауапкершілікті арттыру Сонда қолында дипломы бар жұмыссыздар болмайды. Биылдан бастап, тың тәсілді қолға алған Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік институтының ректоры Оңалбай Аяшев журналистермен болған брифингте осылай деді. Педагогика ғылымдарының докторы сондай-ақ,  білім жүйесіне енгізіліп отырған жаңа өзгерістер жайында да ой бөлісті.

Шымкенттегі кейбір ЖОО студенттерге қосымша техникалық білім беруді бастап кеткен

04.05.16

Онда студенттер бірнеше ай ғана оқып, тек сертификат алып шықпайды, кәдімгі маман болып шығады.

«Қазір бәсекенің заманы» дегенді жиі айтамыз. Бірақ, байыбына терең бара бермейміз. Нарыққа бейім өмір сүрудің ең басты талаптарының бірі — бірнеше мамандықты қатар игеру. Себебі, қосымша кәсіп үйренудің артықшылығы көп, қай кезде болсын далада қалмайсың. 

Баршагүл Исабек және Есенғали Ыбыраев: Н.Назарбаевтың атомды тек бейбіт мақсатта пайдалану туралы айтқанын әлемдік қауымдастық қолдап отыр 100 Соғыссыз әлемге бастайтын Елбасы манифесі ел ішінде қызу талқылануда.

04.05.16

Баршагүл Исабек және Есенғали Ыбыраев: Н.Назарбаевтың атомды тек бейбіт мақсатта пайдалану туралы айтқанын әлемдік қауымдастық қолдап отыр 100 Соғыссыз әлемге бастайтын Елбасы манифесі ел ішінде қызу талқылануда. Себебі, кез келген халықтың ең бірінші қалауы - бейбіт заманда қайғысыз өмір сүру.  «Нұрсұлтан Назарбаев антиядролық саммитте алғашқы болып баяндама жасады.

ОҚО-да 30 мың студенттің қатысуымен таңертеңгілік жаттығу өтті

04.02.16

Оңтүстік Қазақстан облысында 30 мың студенттің қатысуымен таңертеңгілік жаттығу өтті. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған шара бір мезетте Шымкенттегі жоғарғы оқу орындарымен қатар Түркістан және Жетісай қаласына да жалғасын тапқан.

Беттер

Subscribe to RSS - БАҚ Біз туралы