«Хабаршы» ғылыми журналы

Құрметті әріптестер!

Үсенбаева Салтанат Сейтханқызы

«ОҚМПУ хабаршысы – Вестник ЮКГПУ»

журналының жауапты хатшысы

Байтұрсынов көшесі, 13, 222 «А»- каб.

yukgpi_khabarshy@mail.ru

 

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты 2014 жылдың қыркүйегінен бастап «ОҚМПИ ХАБАРШЫСЫ – ВЕСТНИК ЮКГПИ» ғылыми-әдістемелік журналын шығара бастағанын хабарлаймыз. Жылына 4 рет, үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде) жарық көретін журнал Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінде тіркеліп, 6.06.2014 ж. №14373-ж куәлігі берілген.

Журнал 2016 жылдың наурыз айынан бастап Париж қаласындағы ISSN орталығында тіркелген. ISSN 2415-8186 (Online), ISSN 2415-8178 (Print)

2018 жылдың қаңтар айынан бастап Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті атауының өзгеруіне байланысты «ОҚМПУ хабаршысы – Вестник ЮКГПУ»  ғылыми-әдістемелік журналының  Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитетінің Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою, қайта есепке қою туралы  15.03.2018 ж. №16979-Ж куәлігі берілді.

Журналда білім беру мен ғылым саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеу нәтижелері жарияланып келеді. Таралу аумағы: Қазақстан Республикасы мен алыс, жақын шетелдер.

Журналға шығатын мақалалар қолжазбасы келесі бағыттар бойынша қабылданады:

1. Педагогика және психология

2. Жаратылыстану ғылымдары және математика

3. Тарих және қоғамдық пәндер. құқық және экономика

4. Тіл білімі және әдебиеттану

5. Кәсіптік білім, бейнелеу өнері. мәдениет және спорт

6. Жас ғалымдар ізденісі

7. Орта мектептегі оқыту мен тәрбие әдістемесі

Журналға мақала қолжазбасын қабылдау, рәсімдеу тәртіптері мен авторларға арналған ережелер үлгі: 1, 2-қосымшаларда тіркелген.

Журнал редакциясы іргелі жоғары оқу орындарының ғалымдары  мен мектеп, колледж мұғалімдерін, сондай-ақ жас ізденушілерді зерттеу нәтижелерін жариялауға белсене атсалысуға шақырады.

АВТОРЛАРҒА АРНАЛҒАН ЕРЕЖЕЛЕР

Үлгі (образец):

«ОҚМПИ ХАБАРШЫСЫ – ВЕСТНИК ЮКГПИ» Журналы №1 (01)

«ОҚМПИ ХАБАРШЫСЫ – ВЕСТНИК ЮКГПИ» Журналы №2 (02)

«ОҚМПИ ХАБАРШЫСЫ – ВЕСТНИК ЮКГПИ» Журналы №1 (03)

«ОҚМПИ ХАБАРШЫСЫ – ВЕСТНИК ЮКГПИ» Журналы №2 (04)

«ОҚМПИ ХАБАРШЫСЫ – ВЕСТНИК ЮКГПИ» Журналы №3 (05)

«ОҚМПИ ХАБАРШЫСЫ – ВЕСТНИК ЮКГПИ» Журналы №4 (06)

«ОҚМПИ ХАБАРШЫСЫ – ВЕСТНИК ЮКГПИ» Журналы №1 (07) 2016

«ОҚМПИ ХАБАРШЫСЫ – ВЕСТНИК ЮКГПИ» Журналы №2 (08) 2016