Оразбаева Эльмира Бейсенбайқызы

Аты-жөні: Оразбаева Эльмира Бейсенбайқызы

Білімі: жоғары, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент институты, 1995ж.

Ғылыми және академиялық дәрежесі: ф.ғ.к., аға оқытушы, 2010 ж. ҚР БжҒМ Ғылым комитеті А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында   ф.ғ.д., профессор Е.Ә.Керімбаевтың жетекшілігімен   «Ә.Кекілбаевтың тарихи романдарындағы жалқы есімдердің этномәдени, лингвостилистикалық, лингвоконцептологиялық ерекшеліктері» деген тақырыпта 10.02.02 – қазақ тілі мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғадым.

Кәсіби біліктілігі: орыс мектебіндегі қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі;

Жүргізетін пәндері: қазақ тілінің стилистикасы, көркем мәтінді лингвистикалық талдау, қазақ диалектологиясы

Осы ұйымда жұмыс істеген мерзімі: 1995 жылдан бастап

Жұмыс күні: толық

Академиялық тәжірибе:

Осыған дейінгі өзге білім беру ұйымдарындағы жұмысы: 1988-1990жж «Гүлдер» бала-бақшасында тәрбиешінің көмекшісі (Кентау қ.), 1990-1991жж бала-бақшада тәрбиешінің көмекшісі (Төлеби ауданы)

Академиялық емес тәжірибе: жоқ

Кәсіби ұйымдарға мүшелік: жоқ

Куәліктері немесе кәсіби тіркеу (патенттер) –

Марапаттар мен сыйлықтар: ОҚМПИ «Үздік тәлімгер» сертификатының иегері, 2013ж.

Соңғы бес жылдағы аса маңызды жарияланымдар мен презентациялар – атауы, қосалқы автор (егер болса), жарияланымның немесе презентацияның жарияланған жері, жылы – «Қазақ тілі» (Б.Ысқақпен бірге) атты оқу құралы (Шымкент, 2011 ж.); «Қ.Жұмаділовтің «Дарабоз» тарихи романдарындағы топонимдердің ұлттық-мәдени ерекшеліктері», «Қазақ жазуының латын графикасына көшуі – заман талабы» атты Халықаралық ғылыми-әдістемелік симпозиум материалдарының жинағы. Алматы, 2013; «Қазақ антропонимдерінің лингвомәдени бірлік ретінде қарастырылуы» атты мақала «Педагогикалық құзыреттілік» журнал, №2, Шымкент, 2013; Көркем мәтінде прецеденттік антропонимдердің қолданылуы Байтанаев оқулары – 2. Шымкент, 2014.