Командировка

06.11.15

Қазан айының  19-24 жұлдызында іс- тәжірибе бөлімінің басшысы Мамадияров Марат Дүйсенұлы арнайы іс-сапармен  Мақтарал, Сарыағаш, Созақ аудандарына білім бөлімдерімен  және мектептер мен мекемелерді негіздемеге ала отырып  екі жақты меморандумға қол қойды.

         Меморандумның мақсаты тараптардың арасында  мектептерге педагогикалық кадрларды дайындау мен қайта дайындауында және олардың біліктілігін жетілдіруіндегі ынтымақтастықты белгілеу болып табылады. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының  3-4 курс студенттері аудандардағы орналасқан мектептерге барып сол жақтан педагогикалық іс-тәжірибеден өтуге және  болашақта студенттерді жұмыспен қамту жайы да қарастырылады. Атап айтқанда: Мақтарал ауданы «Н.Ондасынов»,  «Б.Момышұлы», «Тұран»,. «Горьки» атындағы мектептермен, Сарыағаш ауданынан №3 «Ломоносов» атындағы жалпы орта мектебімен, Созақ ауданынан  «Шолаққорған» атындағы мектептермен  келісім - шарттар жасалынып қол қойылды.