Қозғанбаева Гүлнәр Бестібайқызы

Қозғанбаева Гүлнәр Бестібайқызы

Тарих ғылымдарының кандидаты

Қозғанбаева Гүлнәр Бестібайқызы 1968 жылдың 18 сәуірінде Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы, Ленгір қаласында туылған.1975 жылы Ленгір қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы №2 орта мектепке барып, 1985 жылы аяқтаған.

1985-1990 жылдары М.О.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтының тарих факультетінде білім алып, тарих және педагогика мамандығы бойынша бітіріп шықты.

Еңбек жолын 1991 жылы Шымкент қаласындағы облыстық аурухананың санаториялық мектебінде мұғалім болып бастады.

1994-1998 жылдар аралығында Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Түркістан университетінің аспиранты; 1999 жылы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Түркістан бөлімінде қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы қызметін атқарды.              

1999 жылы Ш.Уәлиханов атындағы археология және этнология институтының ғылыми кеңесінде «Монғолиядағы қазақ диаспорасының тарихы» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғап шықты.

1999-2000 оқу жылында Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ Түркістан бөлімінде  аға оқытушы;2000 жылдан Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ  ШИ тарих факультеті Қазақстан тарихы кафедрасының   аға оқытушысы қызметін атқарып келеді.

30-ға жуық ғылыми мақалалары, 10-нан астам оқу-әдістемелік және көмекші құралдары жарық көрген.