Алиев Равиль Кәрімұлы

Алиев Равиль Кәрімұлы

     Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент

            Алиев Равиль Кәрімұлы 1948 жылдың 9 мамырында Ташкент қаласында дүниеге келген. 1955-1965 жылдар аралығында Шымкент қаласындағы №5 М.Калинин атындағы орта  мектепте оқыған. 1967-1969 жылдар аралығында Кеңес әскері қатарында әскери борышын өтеген.

1970-1975 жылдары Шымкент педагогикалық  институтының тарих факультетінде  білім алған.

      1976 жылдан В.И.Ленин атындағы Ташкент мемлекеттік университетінің  тарих факультетінде оқытушы; 1998-2001 жылдар аралығында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті саясаттану және әлеуметтану, философия кафедрасының  меңгерушісі қызметтерін атқарған.

      1961 жылы кандидаттық диссертациясын қорғап шыққан.

    Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының «Құрмет Грамотасымен» марапатталған.