Сүгірбаева Гүлжан Дәулетбекқызы

Сүгірбаева Гүлжан Дәулетбекқызы

      Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент

 Сүгірбаева Гүлжан Дәулетбекқызы  1964 жылдың 21 қарашасында Оңтүстік Қазақстан облысы, Ленгір қаласында дүниеге келген. 1972  жылы Шымкент қаласындағы №8 орта мектебіне барып, 1982 жылы Ленгір қаласындағы №5 мектепті бітірген.

            1982-1987 жылдар аралығында Шымкент қаласындағы Н.К.Крупская атындағы Шымкент педагогикалық институты тарих-педагогика факультетінде білім алып, тарих және педагогика мамандығы бойынша бітірген.

            Еңбек жолын 1987 жылы Шымкент қаласындағы №41 орта мектепте тарих пәнінің  мұғалімі болып бастады.

1988-1993 жылдар аралығында №29 орта мектепте мұғалім; 1994-1995 жылдары Шымкент педагогикалық институты  жалпы тарих кафедрасында оқытушы; 1995-1999 жылдар  аралығында Қазақ ұлттық академиясы Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының аспиранты; 2000-2002 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ ШИ Бүкіләлем тарихы кафедрасының аға оқытушысы; 2002-2010 жж. кафедра меңгерушісі қызметін атқарды.

            2000 жылы «Узбекское население Казахстана в 20-30 е годы ХХ в.: проблемы истории и культуры» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғап шықты.

            Орта мектептерге арналған «Қазіргі заман тарихы», «Новейшая история», «ХХ ғасырдағы дүние жүзі», «Мир в ХХ веке» оқулықтарының авторы.

2009 жылы ҚР БжҒМ «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері болды.

            2013-2014 оқу жылында Қазақстан және әлем тарихының доцент қызметін атқарды.

            2014-2015 оқу жылынан бастап Сүгірбаева Гүлжан Дәулетбекқызы Қазақстан және әлем тарихы кафедрасының меңгерушісі қызметін атқаруда.