5B010700 - Бейнелеу өнері және сызу

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Жаңа технология және өнер факультеті «Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері» кафедрасы

5В010700-Бейнелеу өнері және сызу мамандығы

1969 жылдан бастап Шымкент педагогикалық институтында жалпы білім беретін орта мектептерге арналған «Бейнелеу өнері және сызу» пәні мұғалімдерін дайындау қолға алына бастады. Физика математика факультеті жанынан құралған «Бейнелеу өнері және сызу» кафедрасын аға оқытушы Е.М.Кан басқарды. Студенттер құрамының артуына байланысты үш кафедрадан тұратын «Көркемсурет және графика» факультеті болып қайта құрылды. Факультетті аға оқытушы И.У.Кәдеев басқарды.

Кафедраның қалыптасып дамуына  Ю.И.Ломакин,  Ж.И.Халмуратов,  

Қ. Тастимиров, Л. Ф. Жиляковалар үлес қосты. Сонымен қатар кафедраның түлектері педагогика ғылымдарының докторы, профессорлар Қ.Е.Ералин, І.С.Сманов, У.Ибрагимов, А.Қ.Ниязов, М.Ж.Танирбергенов, С.Қ.Бейсенбаев, педагогика ғылымдарының кандидаттары, доцент Қ.Тастимиров, Л.Н.Павловский, Х.И.Михаилиди, С.Н.Жаңбыршиев, Ж.Ж.Бейсенбеков, Ж.С.Көшенов, С.Р.Матаева, Т.С.Бүркітбаевтар қызмет атқарды.

2011-2012 оқу жылынан бастап Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының Ғылыми кеңесінің 31.08.2011 жылдың №10 мәжіліс шешімімен «Кәсіптік білім және бейнелеу өнері» кафедрасы құрылды. 2011-2013 оқу жылдары п.ғ.к., доцент С.Қ. Бейсенбаев, 2013-2014 оқу жылдары п.ғ.д., доцент М.Ж.Тәңірбергенов, 2014-2015 оқу жылынан бастап  п.ғ.к., доцент м.а. Байбатшаева Айдайқыз Еркінбекқызы кафедра меңгерушісі қызметін атқарып келеді.

Қазіргі таңда кафедрада мамандыққа сәйкес келесі ғылыми бағытта жұмыс жүргізеді:

  1. ЖОО - да бейнелеу өнерін оқытудың жаңаша технологиясы мен әдістемесі.

Ғылыми жетекшісі: п.ғ.д.,профессор Танирбергенов М.Ж.

Орындаушылар: п.ғ.д.,профессор Кемешев Д.А.

                    ҚР.Мәдениет қайраткері Шуланбеков Б.Л.

                    ҚР.Мәдениет қайраткері Жорабеков С.К.

                    Магистр аға оқытушы Жолдасбекова Г.Д.

                    Магистр Аға оқытушы Калыков А.Ш.

                    Магистр оқытушы Ахметова К.

                    Магистр оқытушы Жүнісбекова М.А.

                    Магистр оқытушы Ерназарова Ж.

5В010700 «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы жалпы білім беретін мектептерде «Бейнелеу өнері және сызу» пәні  мұғалімін даярлайды.

«Академиялық кескіндеме» дәрісханасы

Бейнелеу өнері мамандығы студенттерінің шығармашылық көрмесі.

   

                                                                                                                                                                                                                

Студенттер  ....................................     сабағында

Студенттер бейнелеу өнерінің қыр-сырларын меңгеруде.

Студенттер кескіндеме сабағында.

«Ұлан даланың Ұлы топырағын ұлықтайық!» атты оқытушылар және студенттердің  шығармашылық көрмесі.

«Ұлан даланың Ұлы топырағын ұлықтайық!» атты оқытушылар және студенттердің  шығармашылық көрмесі.

«Ұлан даланың Ұлы топырағын ұлықтайық!» атты оқытушылар және студенттердің  шығармашылық көрмесі.