Ғылыми жобалар

Ғылыми жобалар

Оңтүстік  Қазақстан мемлекеттік педагогикалық  университетінің  профессор-оқытушы құрамы  ҚР БжҒМ ұйымдастырған 2018-2020 жылдарға арналаған гранттық қаржыландыруға  19 жоба, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан ұйымдастырған мақсатты- бағдарламалық қаржыландыруға 1 жоба ұсынды, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі тарапынан ұйымдастырылған 2018-2020 жылдарға арналған мақсатты- бағдарламалық  қаржыландыру байқауына 6 жоба жіберілді.

Нәтижесінде, педагогика ғылымдарының докторы, доцент Р.Қадірбаеваның жетекшілігімен жасалған 1 гранттық жоба жеңіп алынды, жалпы қаржылаңдыру соммасы 14 млн 746 мың теңгені  құрайды. 2018 жылдың 10 қаңтарында жарияланған  Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың “Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері” атты Жолдауында  білім мен ғылымды дамытуда іске асырылатын біршама жұмыстарға талдау жасалды. Жолдаудағы маңызды мәселелердің бірі   «Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі.

Елбасы аграрлық саясат еңбек өнімділігін түбегейлі арттыруға және өңделген өнімнің экспортын ұлғайтуға бағытталуы қажеттігін сөз етеді. Осы мақсатта университеттің профессоры  А.М.Аширов «Ғылым қоры» АҚ-ның  ұйымдастыруымен өткен гранттық қаржыландыруға қатысып,    «Ауыл шаруашылық дақылдарының тұқымдарын алдын ала өңдеу» технологиясын коммерциялауға 2018-2020 жылдарға грант ұтып алды (190 млн. теңге). Осыған байланысты «SIC Eco-product» ЖШС-ін құрды. Профессор А.Аширов ұтып алған грант бойынша коммерцияландыру жұмыстарын жүзеге асыру үшін  жас ғалымдар мен студенттерді  тартуда.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жандандыру  мақсатында отандық келісім-шарттар негізінде бірлескен ғылыми семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер жүргізіліп отырады.

 

 

2015-2017  жылдарға институтта барлығы  13 ғылыми жоба жоспарланған, олардың ҚР Білім және Ғылым министрлігіне  жіберілгені - 9 жоба,  грантқа ие болғаны -1жоба.

Гранттық жоба тақырыбы «Қазақстан аймақтарының жағымды имиджін қоғамды біріктіру әлеуеті ретінде қалыптастыру»

Жоба мақсаты - полимәдени кеңістікте Қазақстан аймақтарының имиджін қалыптастырушы, қазақстандық қоғамның бірігуіне ықпал ететін немесе кедергі келтіретін объективті мен субъективті факторларды талдау және елдің аумақтық-кеңістіктік дамуындағы әлеуметтік-мәдени, экономикалық пен саяси теңгерімсіздікті жоюдың механизмдерін анықтау.

Жобаның ғылыми жетекшісі – Есимова Айгуль Бегеновна, тарих ғылымдарының кандидаты, Әлеуметтік пәндер кафедрасының доценті.

Сонымен қатар қыркүйек айынан бастап, институттың Ғылыми кеңесінің  шешімімен профессор-оқытушы құрамының зерттеуімен үш ғылыми-инновациялық жобалар өз жұмысын атқаруда. Олар: техн.ғ.к. Ғ.Исаевтың жетекшілігімен

 «Болашақ мұғалімнің кəсіби дамуында биологияны оқыту әдістемесі: дəстүрлері мен өзгерістері, заманауи педагогикалық əдістемелер, ХХІ ғасырдағы технологиялар», п.ғ.к., доцент,  Г.К Нурмуханбетованың жетекшілігімен  « Болашақ педагогтар мен мектеп оқушыларына үштілдікті оқытуда инновациялық технологияларды  қолдана отырып отансүйгіштікке тәрбиелеу», п.ғ.к.,  Р.Н Бегалиеваның   «Оқытудың инновациялық аспектілері» атты  ғылыми-инновациялық жобалар. 

Ғылым мен инновация менеджментін модернизациялау мақсатында  университетімізде біршама жұмыстар атқарылуда.

Универсиетте  ОПҚ ғылыми-зерттеу жұмыстарына оң баға беру мақсатында  сараптау жұмыстары жүргізіледі. Сараптау нәтижесінде  әр жылы ғылым саласында елеулі еңбектер жасаған университеттің профессор-оқытушы құрамының еңбек ақысына қосымша үстемелер қосылып, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, “Ғылым қоры” ұйымдастырып отыратын байқаулар мен жобаларға үздіктер ұсынылады. (Кесте 3, диаграмма 1) .

 

 

 

Жоба тақырыптарының атаулары

Тапсырыс беруші және қаржыландыру көзі

Жетекшінің аты-жөні, тегі

Келісім-шарттың жалпы сомасы мен мерзімі

1

Универсальный модуль для электромагнитной стимуляции продуктов обмолота зерноуборочном комбайном

ЖШС «Сапа» қорүнемдеу технологиялық ғылыми-өндіріс орталығы

Профессор

А.Аширов

 

20 млн. тг.

2014-2019жж

2

Болашақ математика мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін ақпараттық-коммуникациялық пәндік орталарды әзірлеу арқылы қалыптастыру.

2018-2020 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурстық құжаттамасы

п.ғ.к. Кадирбаева Р.И.

 

14 млн.

 

 

Гранттық жоба жетекшісі Р.И.Кадирбаеваның  2018 жылғы есебі Ұлттық Ғылыми кеңеспен мақұлданып, 2019 жылға қаржы бөлінді.