5В010500 - Дефектология

5В010500-Дефектология

Оқу мерзімі: 4 жыл.

Кәсіби қызмет саласы. 5В010500-Дефектология мамандығы бойынша білім бакалаврының кәсіби қызмет саласы – арнайы мектекпке дейінгі мекемелер мен арнайы мектептердегі (зиятында, естуінде, көруінде, тірек-қимыл-қозғалысында, психикалық дамуында ауытқуы бар балаларға арналған) түзету, оқыту тәрбиелеу процесі болып табылады.

5В010500-Дефектология мамандығы бойынша білім бакалаврының кәсіби қызметінің нысандары: мемелекеттік және меншік жалпы білім беру мекемелері; арнайы мектепке дейінгі мекемелер және мектептер; оңалтуорталықтары; түзету кабинеттері; ПМПК; ерте жастағы балаларға көмек көрсету кабинеттері; әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау; ғылыми-зерттеу ұйымдары бола алады.

Кәсіби қызмет түрлері. 5В010500-Дефектология мамандығы бойынша білім бакалаврының кәсіби қызметінің түрлері:

  • ұйымдастырушылық-технологиялық (дамуында әр түрлі ауытқулары бар балаларды оқыту және тәрбиелеудің түрлі ауытқулары бар балаларды оқыту және тәрбиелеудің түрлі әдістемелерін таңдау және іске асыру);
  • басқару- өндірістік (әдіскер-дефектолог, арнайы мектепке дейінгі және мектеп мекемелердің басқарушы);
  • жобалық (жалпы білім беру бағдарламаларын арнайы білім беретін мекемеле рдің нақты типіне бейімдеу; дамуында әр түрлі ауытқулары  бар балаларға оқыту-тәрбиелеу және түзете-дамыту көмек көрсету жоспарларын әзірлеу және жүзеге асыру);
  • ғылыми-зерттеу (мүмкіндіктері шектеулі оқыту, тәрбиелеу,  дамыту және түзету процесінің ерекшеліктерін зерттеу); педагогикалық (тандаған мамандығы бойынша: олигофренопедагог, сурдорпедагог, тифлопедагог, мұғалім-логопед, әлеуметтік педагог, мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешісі және әдіскер);
  • диагностикалық – кеңес берушілік (МШ балаларға диагноз қою, олардың ата-аналары мен педагогтарға әдістемелік кеңес беру жұмысын жүргізу);
  • жарнамалық-насихаттаушылық – әлеуметтік маңызды идеяларды, дәстүрлерді қолдау, дамыту және жалғастыру; мүмкіндігі шектеулі балаларға қызмет көрсету жарнамаларын ұйымдастыру; әлеуметтік жауапкершілік, қоғамға қызмет көрсету идеяларын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау болып табылады.