5В010100 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

5В010100-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Оқу мерзімі: 4 жыл.

Біліктілігі. Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы бойынша білім бакалавры өзінің кәсіби қызметін білім беру салаларында атқарады.

Кәсіби қызмет объектісі. 5В010100-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы бойынша білім бакалаврының кәсіби қызмет нысандары: мектепке дейінгі ұйымның түрлі типтері мен түрлері, шағын және дамытушы орталықтар, отбасылық балабақшалар, мектеп-балабақша, педагогикалық колледж, білімді басқару департаменті, білім жетілдіру институты болып табылады.

Кәсіби қызмет түрлері. 5В010100-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы бойынша білім бакалавры кәсіби қызмет түрлері: білімдік (педагогикалық) – мектепке дейінгі балаларды оқыту, тәрбиелеу, жеке тұлғасын қалыптастыру және дамыту; мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық процесті басқару, педагогикалық іс – әрекеттің нәтижесін жобалау, диагностикалау, түзету; мектепке дейінгі білім беру шеңберіндегі алдыңғы қатарлы тәжірибелерді тарату; эксперименттік – зерттеу; ұйымдастыру – басқару; әлеуметтік – педагогикалық; оқу – тәрбиелік; оқу – технологиялық болып табылады.