5В010200 - Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

        Қазіргі таңда кафедрада білім қызметі құрылымы Мемелкеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының  мазмұны, мемлекеттік қызмет бақылау талаптары, әлеуметтік мемлекеттік саясат қағидаларына сай материалды-техникалық базаның дамыған жағдайында жүзеге асырылып отыр. Арнаулы кабинеттер мен дәрісханалар заманауи жабдықтармен (компьютер, интерактивті тақта және т.б.) жабдықталған. Кафедрада дайындалатын мамандықтар бойынша  білім алушыларға әлемдік және ұлттық руханият, имандылық пен адамгершілік тәрбиесі, ізгілендіру, қоғамның жоғары саналы азаматы ретінде қалыптасуына ықпал етіп, білім саласында кәсіби қызмет мазмұнын толыққанды меңгеруіне және сапалы кәсіптік білім алуына, мәдени танымының қалыптасуына мүмкіндік береді.

        5В010200-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша бакалаврлар мынандай кәсіби қызмет түрлерін атқара алады:

-жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сатысында;

-педагогикалық колледждер, білімді басқару департаментінде, білім жетілдіру және педагогикалық кадрларды қайта даярлау институттарында мамандығына тікелей қатысы бар мекемелерде.