5В011100 - Информатика

5В011100 –Информатика мамандығы бойынша білім бакалаврын даярлауда білім беру бағдарламаларының негізгі мақсаты:

·         отансүйгіштік, Қазақстан Республикасы халықтарының достығы, әр түрлі мәдениеттерге, салт –дәстүрлерге құрмет көрсету рухында тәрбиелеу;

·         жалпы адамзаттық және әлеуметтік-тұлғалық құндылықтарын қалыптастыру;

·         экологиялық, дене мәдениетін, этникалық, құқықтық мәдениетті және ойлау мәдениетін қалыптастыру;

·         бакалаврды тілдік даярлау;

·         кәсіби қызметте қажетті іргелі білім, білік және дағдыны қалыптастыру болып табылады.

5В011100-Информатика мамандығы бойынша білім бакалаврын даярлау нәтижеге  бағдарланған және мәдениеттілікті, коммуникативтілікті меңгеретін жаңа формациядағы маманды дайындауды ұйғаратын, қызметтің педагогикалық саласындағы әлеуметтік мәнді қазіргі ғылыми –практикалық деңгейде шығармашылық және жоғары кәсіби шешуге қабілетті білім берудің ұлттық моделінде құрылады.

Базалық құзыреттіліктер

·         қолданушы деңгейіне өзінің педагогикалық әрекетіне ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды пайдалану:

·         жаңа оқыту құралдарын пайдалану, оқушыларға өз білімін жеткізе білу

Арнайы құзыреттілік

·         ұлттық білім беру жүйесі дамуының өзекті мәселелерін қамтитын, инновациялық педагогикалық технологиялар бойынша, информатиканы оқыту теориясы және теориялық әрекеттерге байланысты эмпирикалық және теориялық білімді, біліктілікті және дағдыны қамтитын жеке тұлғаның сапасын қалыптастыру болып табылады қажетті білім білік және дағдыларды меңгеркі тиіс.

·         күнделікті кәсіби қызметке жаңа білімдерді алу дағдыларын игеруі тиіс.

5В011100 – Информатика мамандығы бойынша білім бакалаврының біліктілік сипаттамасы

Кәсіби қызмет саласы

5В011100 – Информатика мамандығы бойынша білім бакалавры өзінің кәсіби қызметін білім беру саласында атқарады.

Кәсіби қызмет нысандары

5В011100 – Информатика мамандығы бойынша білім бакалаврының кәсіби қызметінің нысандары:

·  мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу ұйымдары;

·  бастауыш, негізгі және бейіндік мектептер;

·  мамандандырылған  мектептер;

·  техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдар болып табылады.

Кәсіби қызметтің пәні

5В011100 – Информатика мамандығы бойынша білім бакалаврының кәсіби қызмет пәні:

·      құндылық-мақсаттық бағдары, мазмұны, әдістері, формалары мен нәтижелерінің бірлігіндегі білім беру процесі;

·      информатика, педагогика, психология және оқыту әдістемесі саласындағы инновациялық, ақпараттық-сараптама қызметі болып табылады.

Кәсіби қызмет түрлері

5В011100 – Информатика мамандығы бойынша білім бакалаврының кәсіби қызмет түрлері:

·      білімдік;

·      эксперименттік-зерттеу;

·      ұйымдастыру-басқару;

·      әлеуметтік-педагогикалық;

·      оқу-тәрбиелік;

·      оқу-технологиялық қызмет болып табылады.

Кәсіби қызмет функциялары

5В011100 – Информатика мамандығы бойынша білім бакалаврының кәсіби қызмет функциялары:

·      білім беру ұйымдарында информатиканы кәсіби қызмет нысанға сәйкес оқыту;

·      қазіргі педагогикалық технологияларды пайдалану арқылы педагогикалық және тәрбие қызметтерін жүзеге асыру;

·      информатика бойынша сыныптан тыс жұмыстар өткізу;

·      өзінің еңбегін және өз бетінше оқуды ұйымдастыру үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ғылыми негізде тиімді пайдалану болып табылады.