5В011500 - Құқықтың және экономикалық негіздері

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ

География кафедрасының оқу-әдістемелік жұмыстар туралы мәлімет

5В011500- Құқық және экономика негіздері  мамандығы стандарттармен (ҚР Білім және Ғылым министрлігінің 03.11.10 ж. № 514 бұйрығымен бекітілген және іске қосылған,), типтік оқу бағдарламаларымен (ҚР БжҒМ N289 бұйрығымен 11.05.2005ж. енгізілген және бекітілген, Республикалық оқу-әдістемелік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру кеңесі 22 маусым 2006 жылғы мәжіліс хаттамасы шешімімен бекітіліп, іске қосылған) және типтік оқу жоспарымен толық қамтамасыз етілген.

5В011500 – Құқық және экономика негіздері мамандығы бойынша 2015-2016 оқу жылының 1 жартыжылдығында да 13 пән оқытылды, бұл пәндердің барлығынан силлабустар жасалды және олардың мазмұны типтік оқу бағдарламасына сәйкес келеді. 10 элективтік курстарға оқу бағдарламалары мен силлабустар дайындалды. Бұл мәселе кафедра мәжілісінде (№1 хаттама, 28.08.15ж. №1 хаттама) қаралып, талқыланған.

Элективтік пәндер каталогы 5В011600 - География мамандығы және 5В011500 – Құқық және экономика негіздері мамандықтары бойынша кафедрада жасалып талқыланды және бекітілген.

2015-2016 оқу жылында кафедрада жұмыс жасайтын оқытушылардың саны – 14. Оқытушыларға оқу жүктемелері ОҚМПИ-ның  профессор-оқытушылар құрамының жылдық жүктеме мөлшеріне сай, яғни ғылыми атағы мен дәрежесіне, біліктілігі мен біліміне қарай жоспарланды.

           Кафедрада 2015-16 оқу жылының 1 жартыжылдығында «Өрлеу» бағдарламасы бойынша 2 оқытушы Абиева А., Тулебаева С. Алматы қ., ал 3 оқытушы Мамадияров М.Д., Алпамысова Г.Б., Темирова Ж.Ж. Испания мемлекеті Валенсия қаласында,  2 оқытушы Тажекова А., Налмишева Қ.Н. Япония мемлекетінде ҚР педагог  қызметкерлерінің біліктілікті арттыру курсын  2 апта көлемінде біліктілігін арттырды.

           Кредиттік оқу жүйесінде студенттің өзіндік жұмысының (СӨЖ) орны ерекше, СӨЖ студент білімінің тереңдігі мен орнықтылығына, дағдыларына, білім меңгеруіне ықпал ететін оқу процесінің ең негізгі элементтерінің бірі болып саналады. СӨЖ орындау арқылы студент оқу процесінің  белсенді мүшесі болады және өз ойын еркін, дәлелдермен жеткізе алатын дағдыларды үйренеді және меңгереді.

        Кафедрада студенттердің өзіндік жұмысын жүргізуде оқу жоспарында белгіленген сағаттар толығымен сақталынады. Кафедрада СӨЖ-ді қабылдау кестесі ілінген.  СӨЖ тапсырмаларын орындаудың әр түрлі формалары, атап айтсақ рефераттар жазу, коллоквиум қабылдау, түрлі диаграммалар, кроссвордтар дайындау, эссе, т.б. түрлері қолданылады. СӨЖ-дің кестесі жыл басында кафедра мәжілісінде бекітілген (№1 хаттама, 28 тамыз 2015 ж. ). СӨЖ-ді ұйымдастыру және оның сапасы туралы мәселе кафедра мәжілісінде (№4 хаттама, 24.11.15ж.) қаралып, ол бойынша кемшіліктер анықталып, ұсыныстар талданды. Жалпы, студенттердің өз бетінше жүмысын жүргізу ісі кафедрада дұрыс жолға қойылған. 

            Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар мен оқытудың жаңа әдістерін ендіру  мен студенттердің танымдық қызметін белсендіру саласында бірқатар жұмыстар жүргізілді. Кафедра оқытушылары лекция және семинар сабақтарының барысында жаңа педагогикалық технологияларды қолданды. Атап айтқанда, проблемалық оқыту әдісі, ынтымақтастық педагогикасы, ізгілендіру технологиясы, дамыта оқыту технологиясы, деңгейлеп және саралап оқыту технологиялары, бағдарламалы оқыту технологиясы.

            Осы педагогикалық технологияларды сабақ барысына енгізу студенттердің пәнге деген қызығушылығын және белсенділігін арттырады.

Кафедра оқытушылары инновациялық әдістерді қолданудың студенттердің танымдық деңгейін арттырып, оларда тыңғылықты, дәлелді білім қалыптастыратынын есепке ала отырып, 2015-2016 оқу жылында оқу процесіне инновациялық әдістерді енгізуді қолға алуда.

Кафедрада өткізілетін пәндер бойынша лекция, зертханалық және практикалық сабақтардың мазмұндылығын, өту сапасын арттыру мақсатында профессор-оқытушылардың өзара сабаққа қатысу кестесі жасалған, ол кафедра мәжілісінде (№1 хаттама, 28.08.15ж.) қаралып, кестесі бекітілген. Профессор-оқытушылар өздері қатысқан сабақтардың талдауын арнайы өзара сабаққа қатысу журналына тіркейді. Онда жетістіктері, кемшіліктері, қолданған көрнекі құралдары туралы нақты жазылған.

      2015-2016 оқу жылының 1 жартыжылдығында оқытушылардың 9 өзара сабаққа қатысу жоспарланып, ол дер кезінде орындалған. Оның ішінде 7 лекция және 2 семинарлық сабағы.Өзара сабаққа қатысу құрылған кесте бойынша орындалып,  сабаққа қатысып,  пікір білдіру өзара сабаққа қатысу журналына толтырылды. Оның кестесі жыл басында кафедра мәжілісінде бекітілген (№1 хаттама, 28.08.2015 ж. ).

     Биылғы оқу жылының І-ші жартысында кафедрада 2 ашық сабақ өткізу жоспарланған. Оның кестесі кафедра мәжілісінде (№ 1 хаттама, 28.08.15 ж) бекітілген. Бұл жоспар толығымен орындалып, ашық сабақтардың сапасы, деңгейі туралы пікірлер кафедра мәжілістерінде (№ 4 хаттама, 24.11.15ж.) талданды және ұсыныстар берілді, қорытындысы арнайы журналға тіркелген.

Оқу, оқу-әдістемелік жұмыстары жоспарланған  жоспар бойынша орындалып отырды. Оқу, оқу-әдістемелік жоспарда қарастырылатын мәселелер СМЖ талабы бойынша орындалып, оқытушылар жариялаған оқу, оқу-әдістемелік құралдардың сапасы кафедра мәжілістерінде талқыланады (хаттама №3  20.10.14ж. ). 

Кафедрада ғылыми-әдістемелік семинар үздіксіз жұмыс атқарып келеді. Семинар отырысы жүйелі түрде өткізіледі. 2015 жылдың қаңтар айынан бастап семинарда 3 баяндама жасалған.

2015-2016 оқу жылында СМЖ тапсырмалары бойынша оқытудың сапасын жетілдіру, оны оқу-әдістемелік кешендермен толықтырып және жаңартылып тұруын қамтамасыз ету мақсатында 1 жартыжылдықта 3 оқу құралы, 1 электронды оқулық, 1 акт, 2 оқу-әдістемелік  нұсқаулар және барлық пәндерден оқу-әдістемелік кешендерді дайындау тапсырмалары берілген. Оқу жылының 1 жарты жылдығына барлығы 5 оқу  құралдары мен нұсқаулар және барлық пәндерден оқу-әдістемелік кешендер дайындалып, жоғарыдағы көрсетілген СМЖ тапсырмалары орындалды.

Кафедра ПОҚ-ы шығарған әдебиеттердің сапасы талапқа сай, барлығы қазақ тілінде 5. Оқытушылардың дайындаған оқу-әдістемелік құралдары кафедра мәжілісінде талқыланып, оның сапасына көңіл аударылып отырады.Сонымен қатар кафедрада оқытылатын пәндердің барлығынан оқу-әдістемелік кешендер дайындалды.