ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ЕРТЕҢІ - БІЛІМДІ ЖАСТАР МЕРЕЙІ

04.11.15

ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ЕРТЕҢІ - БІЛІМДІ ЖАСТАР МЕРЕЙІ

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық  институтында «Тәуелсіз елдің ертеңі-білімді жастар мерейі» деген тақырыппен жастар арасындағы пікірсайыс турнирінің финалдық ойыны өтті. Оны ұйымдастыруға «Білім» және «Жастар» қоғамдық қоры қолдау білдірді. Ой жарысына облысымыздың 10 аудан қаласынан жеңімпаз болып шыққан озық ойлы жастар тобы мен Шымкент қаласындағы жоғары оқу орындары студенттерінен жасақталған 4 команда қатысты.

Сайысқа төрешілік еткен облыс әкімінің орынбасары Е.Айтаханов, ОҚМПИ тәрбие ісі жөніндегі проректоры А.Байғұт  бүгінгі жастардың ой-өрісінің кеңдігіне, талап-талпынысына ризашылық танытып, ертеңіне зор сенім білдірді.