5В011300 - Биология

Биология кафедрасында білім беру бағдарламасы ҚР БҒМ 28.07.2011 жылы берілген №0142692, сериясы АБ мемлекеттік лицензиясы негізінде іске асырылады.

Биология кафедрасы мамандығы 5В011300-БИОЛОГИЯ,  академиялық дәрежесі – биология мамандығы бойынша білім бакалавры, біліктілігі: биология мұғалімін даярлайды.

Оқу мерзімі:

орта біліммен -4 жыл (күндізгі)

орта біліммен -5 жыл (кешкі)

орта кәсіптік біліммен – 3 жыл (күндізгі, қысқартылған)

жоғары кәсіби біліммен – 2 жыл (қашықтықтан, жеделдетілген)

Бакалавриаттың бiлiм беретiн бағдарламасы жоғары білікті мамандарды биологтарды даярлауға арналған жеке тұлғаның қалыптасуы үшiн қажеттi құзыреттілікке ие болатын мамандандырылған мамандардың әзiрлеуiне бағытталған. Сонымен бiрге, қазақстандық және шетел жоғары оқу орындары, мектептер, гимназиялар және лицейлер, педагогикалық колледждер, мемлекеттiк және мемлекеттiк емес бағыттағы мекемелер қажеттiлiктерін қанағаттандыруына байланысты.

     Бағдарламаның мақсаты – білім беру саласында жоғары білікті биолог мамандарды даярлау:

- жаратылыстану пәндер бойынша іргелі білімдерді игерген, биологиялық білімнің мақсаттары мен міндеттерін түсінуде құзырлы болуы;

- психологиялық педагогикалық іскерліктің маңыздылығы және спецификаны түсінетін және психологиялық педагогикалық жағдай бойынша сараптаманы талдай алатын;

- ғылыми зерттеу жұмыстарының негізін білетін және оқу-зерттеу жұмыстарын жеке орындауға мүмкіндігі бар, бітірушілер ғылыми дәреже алу мақсатында әлемнің кез келген жетекші университеттерінде немесе ғылыми орталықтарда зерттеулерді жургізу мақсатында білікті мансап құруда, шетелде және жетекші жоғарғы оқу орындарында биологиялық,  педагогикалық негіздегі білімді өнеркәсіпте және ауылшаруашылықта пайдалануға дайын болу керек;

- осы күнгі ақпараттық технологияларды, ағылшын тілін, өзін қалыптастыру үшін дағдыланған болуы керек.