5В011200 - Химия

5В011200 – Химия мамандығы

Жалпы сипаттама

5В011200-Химия мамандығы бойынша студенттерге  білім беру ҚР МЖМБС, ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыз №1080 Қаулысына сәйкес жүргізіледі.

5В011200-Химия мамандығы бойынша кәсіби кадрларды дайындау мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде күндізгі, кешкі және қашықтан оқыту түрлерімен еуропалық ЕСТS жүйесіне сәйкес (ҚР БжҒМ 20.04. 2011 жылғы №152 бұйрығы).

5В011200-Химия мамандығы бойынша білім бакалаврының құзыреттілігін қалыптастыру үшін оқу жоспарындағы оқытылатын оқу пәндеріне бөлінген кредиттер көлемі жеткілікті. Бітіруші білім беру бағдарламасын меңгерген соң «Химия мамандығы бойынша білім бакалавры» біліктілігін иеленеді.

Оқу жоспарындағы барлық пәндер білім саласындағы маманның құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған. 5В011200 Химия мамандығы бойынша білім бакалавры міндетті:

  • қоғамдық ой-пікірлерге, салт-дәстүрлерге, қоғамдық нормаларға негізделген әлеуметтік-этикалық құндылықтарды білу және оларға өзінің кәсіби қызметімен жақындау;
  • іскерлік этика нормасын қадағалау, жүргізудің этикалық және құқықтық нормаларды иелену;
  • Қазақстан халықтарының салт-дәстүрлері мен мәдениетін білу;
  • әлемнің басқа халықтарының салт-дәстүрлері мен мәдениетіне толерантты болу;
  • Қазақстанның заңнамаларын және құқықтық жүйенің негіздерін білу;
  • Қоғамның әлеуметтік даму тенденцияларын білу;
  • әр түрлі әлеуметтік жағдайларға сәйкесінше бағдарлана білу;
  • топта жұмыс жасай білу, өзінің көз қарасын нақты жеткізу, жаңа шешімдер ұсыну.

Білім беру бағдарламасының мақсаты

«5В011200-Химия» білім беру бағдарламасының мақсаты болып табылады: Қазақстан Республикасының білім жүйесі үшін білім сапасын қамтамасыздандыру және бәсекегеқабілетті, инновациялық білім мен технологияларды меңгерген, біртекті кәсіби дамыған, әлемдік серіктестіктің глобалды жағдайларында сапалы білім қызметтерін көрсетуге қабілетті білікті педагогтарды дайындау.

Біліктілігі

5В011200-Химия мамандығы бойынша оқуын тәмамдаған бітірушіге «5В011200-Химия мамандығы бойынша білім бакалавры» академиялық дәрежесімен тағайындалған жоғары білім туралы диплом беріледі.

Құзыреттілік

ЖОО білім беру бағдарламасы білім алушының құзыретті жетістіктеріне бағытталған.

Түйінді құзыреттерге

            - қалыптастырушы: педагогикалық мақсат қою саласындағы білімдерді, біртұтас педагогикалық процесті жобалау және жүзеге асыру біліктері мен дағдыларын меңгеруі, позитивті ойлауға қабілетті болу, ұлттық құндылықтар жүйесінде орын алу, этикалық құндылықтар жолын ұстану, ізгілікке және оптимизмге бейім болу;

- жүйелеуші: синергетикалық, әлеуметтік, педагогикалық жүйелер (жүйелік тұрғы, педагогикадағы жүйелік принципі) саласындағы білімдерді меңгеру, психологиялық-педагогикалық білімдер бойынша іздену, формализациялау, құрылымдау және жүйелеу біліктері мен дағдыларын меңгеру, педагогикалық болмысты тұтас қабылдауға және жүйелі ойлауға қабілетті болу;

- зерттеушілік: гносеология, әдіснама, педагогика және психология саласындағы білімдерді меңгеру, ақпараттарды басқару дағдылары мен біліктерінің болуы, психологиялық-педагогикалық диагностика, талдау және синтез негізінде кешенді мониторингті жүзеге асыру, педагогикалық рефлекцияға қабілетті болу, зерттеу мәдениетін жетілдіруге ұмтылу;

Пәндік құзыреттерге:

- коммуникативті: қазақ, орыс, шетел тілдері, қарым-қатынас технологиясы, педагогикалық риторика және конфликтология, коммуникативті стратегия саласындағы білімдерді меңгеру, конструкциялық диалог ауқымындағы біліктері мен дағдыларының болуы, көпмәдениетті, көпэтникалы, көпконфессионалды қоғамдағы қарым-қатынас, педагогикалық ынтымақтастыққа қабілетті және толерантты болу;

- технологиялық: педагогикалық инноватика, педагогикалық технология саласындағы білімдерді меңгеру, педагогикалық технологияларды пайдалану мен осы салада іздену, бағалау, саралау және қолдану біліктері мен дағдыларын меңгеру, жаңашылдыққа қабілетті болу, педагогикалық шеберлікті жетілдіруге ұмтылу, ынталылығы мен еңбекқорлығын көрсете білу;

- бақылаушы: педагогикалық менеджмент саласындағы білімдерді меңгеру, педагогикалық мониторингті іске асыру, педагогикалық өлшемдер мен индикаторлар жүйесін жасау, бақылау-бағалау материалдарын әзірлеу, алынған нәтижелерді түсіндіріп беру біліктері мен дағдыларын меңгеру, өзін-өзі бағалау мен өзін-өзі бақылауға, әділдікке, ақиқатқа ұмтылу;

Арнайы құзыреттерге:

 - бағдарламалық: пәндік, психологиялық-педагогикалық және әдістемелік білімдер жүйесін, нақты әлеуметтік-педагогикалық жағдайды ескере отырып кәсіби қызметте теориялық білімдерді қолдана алу біліктері мен дағдыларын меңгеру, педагогтың кәсіби парызын ұғыну, педагогикалық қызмет нәтижесіне жауапкершілікпен қарауы;

- пәнаралық: педагогикалық интеграция теориясы саласындағы білімдерді меңгеру, педагогикалыұ міндеттерді шешуде түрлі пәндер салаларындағы білімдерді біріктіру біліктері мен дағдыларын меңгеру, әлеуметтік серіктестікке және педагогикалық ынтымақтастыққа қабілетті болуы;

- әлеуметтік: адам құқықтары (білім беру мен баланы қорғау саласындағы халықаралық нормативті-құқықтық актілер мен Қазақстан Республикасының заңнамалары) саласындағы білімдерді меңгеру, бала құқығы мен мүддесін қорғау біліктері мен дағдыларын меңгеру, кәсіби абырой мен педагог қадыр-қасиетін, сондай-ақ педагогикалық эитка нормаларын сақтау, педагог мамандығының әлеуметтік маңыздылығын ұғыну, балалардың азаматтық құқықтарын құрметтеуі;

- дамытушы: заманауи педагогикалық антропология саласындағы білімдерді меңгеру, жоғары кәсіби педагогтардың іс-тәжірибелерін оқып-білу, жинақтау, тарату және қолдана білуі мен дағдыларын меңгеру; педагогикалық қызметте жоғары мотивацияға ие болу, өз бетімен білім алуға және өзін-өзі тануға ұмтылуы;

- креативтік: шығармашылық қызметтің теориялық негіздері, шығармашылық психологиясы саласындағы білімдерді меңгеру, кәсіби қызметті қайта қарау, білім берудегі авторлық жаңашылдық идеяларды іске асыру, стандартты емес және альтернативті шешім таба білу біліктері мен дағдыларын меңгеру, сыни тұрғысынан ойлауға, жаңа педагогикалық идеяларды генерациялауға қабілетті болу;

- ұйымдастырушы-әдістемелік: оқу-инструктивті құжаттамалар, білім беру саласындағы нормативті-құқықтық құжаттар туралы білімдерді меңгеру, ағымдық оқу-ұйымдастыру құжаттамаларын (дидактикалық, бақылау-қлшеу материалдары және т.б.) жетілдіру біліктері мен дағдыларын меңгеру, жоғары орындаушылық тәртібі мен ұйымдастырушылық қызметті жүзеге асыруға қабілетті болу жатады.

 

 

Қызмет саласы

5В011200 – Химия мамандық бакалаврының кәсіби қызмет саласы болып табылады: білім, өндіріс, педагогикалық ғылыми-зерттеу ұйымдары, жобалау, өндірістік басқару және мекемелердің ұйымдастыру-технологиялық қызмет салаларында.

«Химия мамандығы бойынша білім бакалаврының» кәсіби қызмет нысандары болып табылады: негізгі орта және бейіндік мектеп, мамандандырылған мектеп, техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдар.

5В011200-Химия мамандығы бойынша бакалаврлар келесі кәсіби қызмет түрлерін орындай алады:

  • ұйымдастыру-басқару;
  • білімділік;
  • эксперименттік-зерттеу;
  • әлеуметтік педагогикалық;
  • оқу-тәрбиелік;

-  оқу-технологиялық.

Химия мамандығы бойынша білім бакалавры келесі қызметтерді атқара алады: химия мұғалімі, лаборант, инженер, кіші ғылыми қызметкер, әкімшілік қызметкер, оқу жөніндегі директор орынбасары, директор, үйірме басшысы және т.б. Оқу-тәрбиелік ұйымдардарда және жалпы орта білім мекемелерінде, кәсіби-техникалық білім беруде, арнайы орта білім беруде, мектептен тыс ұйымдарда және қосымшаландырылған білім және тәрбие мекемелерінде.