5В010300 - Педагогика және психология

Жалпы педагогика кафедрасының құрылымы

Жалпы педагогика кафедрасы өз алдына дербес құрылым ретінде  Шымкент педагогикалық институтының  құрамында 1937 ж. ашылған. Осы уақыт аралығында кафедраны ғылым кандидаттары Махашев Ж., Ысқақов Ж., Жарқынбеков У., Қаражігітова К., И.С. Сманов, С. Тілеуова, А. Рысбекова, Ш. Арзымбетовалар басқарған.

Қазіргі таңда, кафедраның жұмысын жалғастырып, басшылық жасау педагогика ғылымдарының кандидаты М.Е. Сыдықовқа жүктелді.

Кафедра дайындайтын мамандық - 5В012300 – «Әлеуметтік педагогика және өзін -өзі тану».

5В012300- Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану  мамандығы бойынша бакалаврды дайындау 2011-2012 оқу жылынан басталады. 5В012300- Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану бакалавриаты бойынша білім беру бағдарламасын іске асыратын Жалпы педагогика кафедрасы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты, Гуманитарлық және әлеуметтанудың ғылыми мектебінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. 5В012300 «Әлеуметтік педагогика және өзін – өзі тану» мамандығы  қазіргі уақытта білім беру бағдарламасы жоғары кәсіптік профессор-оқытушыларымен қамтамасыз етілген, олардың ғылыми бағыттағы базалық, бейіндік білімі бар. Мамандар дайындауда кафедрада  17 оқытушы, оның ішінде 5-профессор, 2-ғылым доценті, 3-ғылым кандидаты, 7-магистр жұмыс істейді. Кафедрада жалпы штаттағы оқытушылар мен қатар қызмет ететін барлығы 17 оқытушы, оның ішінде 5-профессор, 3-ғылым кандидаты және 5-ғылым  докторы бар, ғылыми әлеуеті  60%.

Кафедрадағы педагог - оқытушылар құрамының кәсіби біліктілігі білім бағдарламаларына толық сай келеді. Базалық және профильді пәндерді оқыту 100 пайыз штаттағы оқытушылармен қамтамасыз етілген. Оқытушылардың жалпы саны пәндер санын, оқу жүктемелері нормативтерін, студенттер контингентін есептей  отырып анықталады. Штаттағы оқытушылардың орта жасы 50-жас.

Білім беру бағдарламасы бойынша бакалаврды 5В012300 – «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы бойынша даярлау ОҚМПИ-да Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі 28.07.2011 жылы берген АБ сериялы №0142692 мемлекеттік лицензия бойынша іске асырылып келеді. Лицензияның жарамдылығы шектелмеген  5В012300 мамандығы үшін лицензияға қосымша №0111670 нөмір берілген

5В012300-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығы бойынша білім бакалаврын даярлауда білім беру бағдарламаларының негізгі мақсаты:

- отансүйгіштік, Қазақстан Республикасы халықтарының достығы, әр түрлі мәдениеттерге, салт-дәстүрлерге құрмет көрсету рухында тәрбиелеу;

- жалпы адамзаттық және әлеуметтік-тұлғалық құндылықтарын қалыптастыру;

- экологиялық, дене мәдениетін, этикалық, құқықтық мәдениетті және ойлау мәдениетін қалыптастыру;

- бакалаврды тілдік даярлау;

- кәсіби қызметте қажетті іргелі білім, білік және дағдыны қалыптастыру болып табылады.

5В012300- Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығы бойынша білім бакалаврын даярлау – педагогикалық іс-әрекет саласында әлеуметтік маңызды міндеттерді қазіргі ғылыми-практикалық деңгейде шығармашылық және жоғары кәсіби тұрғыда шеше алуға қабілетті, еуразиялық көп мәдениеттілікті, коммуникативтілікті, технократтықты меңгерген жаңа қоғам маманын даярлауға бағытталған білім берудің ұлттық моделіне негізделіп құрылады.

Білім беру бағдарламасының мақсаты дәл және анық түрде берілген, бұл мақсаттары мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттардың талаптарына сәйкес келеді.  5В12300- Әлеуметтік педагогика және өзін- өзі тану мамандығы бойынша білім бакалавры кәсіби қызмет түрлеріне сәйкес мынадай міндеттерді шешуі:

 - әлеуметтік педагогика және өзін- өзі тану саласына толыққанды және сапалы кәсіптік білім алу, кәсіптік құзыреттілікке қол жеткізуі;

- адамға, қоғамға, қоршаған ортаға қарым-қатынасты реттейтін этикалық және құқықтық нормаларды, гуманитарлық мәдениетті меңгеруі;

- педагогикалық іс-әрекет үшін маңызды танымдық, ақпараттық- комуникативтік, конструктивтік, жобалау, ұйымдастыру дағдыларын дамыту;

- әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану саласына кәсіби құзыреттерін қалыптастыру, педагогикалық  шеберліктің негіздерін қалыптастыруы;

- ойлау мәдениетін, өздігінен білім алу және еңбекті ғылыми ұйымдастыру дағдыларын дамыту;

- балалардың жеткіншектер мен жастардың толыққанды әлеуметтенуі мен тұлғалық дамуын қамтамасыз ететін педагогикалық технологиялардың кең таралған түрлерін меңгеруі;

- студенттердің жеке білім беру бағдарламаларын таңдауы;

- жоғары кәсіптік білім берудің келесі сатысында білімді жалғастыруы тиіс.

         5В012300-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығы бойынша білім бакалаврының кәсіби қызметінің саласы – жалпы білім беретін ұйымдарда, арнайы (түзетуші) білім ұйымдарында, пеницитарлық типтегі мекемелерде, сауықтыру орталықтарында балалар мен оқушы жастарды әлеуметтендіру және тұлғалық дамыту процесі болып табылады.

Мамандықтың негізгі мақсаты институттың миссиясына сәйкес келеді.

Институттың миссиясы– нәтижеге бағытталған білім беру негізінде қоғам мен мемлекетік мүдде қажеттілігіне сай білікті кәсіби педагогтарды дайындау.

Ал мамандықтың миссиясы - 5В012300-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығы бойынша білім беру бакалаврын дайындау.

Мамандық дайындауда кафедраның миссиясы: 5В012300- Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығы бойынша қоғам мен мемлекеттің сұранысына сәйкес білім мен ғылымның дамуына үлес қосуға қабілетті, заманауи талаптарға сай педагогикалық білім жетістіктерін меңгерген  және оны ғылыммен ұштастыра білетін біліктілігі жоғары кәсіби педагог мамандарды даярлау.

Стратегиялық мақсаты: Білім берудің инновациялық әдістері  мен ғылыми-зеттеу жұмыстарын дамыта отырып,   қоғам қажетіліктерін қанағаттандыратын жоғары білім беру және тәрбие жүйесін қалыптастыру.

Стратегиялық дамудың бағыттары:

1-бағыт. Оқу-әдістемелік жұмыстарды жетілдіре отырып сапалы білім беру қызметтерін қамтамасыз ету.

Осы бағыт бойынша мынадай міндеттер алға қойылды:

-  Кадрлық әлеуетті арттыру;

-Білікті кадрларды дайындауды қамтамасыз ететін  кәсіптік оқу бағдарламаларын дайындау (ағылшын тілінде);

- Қайта даярлау және  біліктілікті арттыру негізінде профессор-оқытушылардың біліктілігін арттыру.

- Білім сапасын арттыру үшін студенттердің пайдалануына арналған оқу-әдістемелік құралдарды дайындау;

 2-бағыт. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту.

Бұл бағыт бойынша төмендегідей міндеттер қойылды:

- Ғылыми-зерттеу  жобаларының жоспарлануы мен іске асырылуы;

- Кафедра  ПОҚ-ның халықаралық басылымдардағы үлесін арттыру;

-Жоғары импакт-факторлы журналдарда ғылыми мақалалар жариялау;

-Ғылыми-зерттеу нәтижелерін оқу үрдісіне ендіру;

 -Өндірістік мекемелер және мектептермен келісім шарттар жасау.

3-бағыт.Тәрбие жұмыстары. 

 -  Студенттерді қайырымдылық және спорттық  акцияларға қатыстыру;

- Студенттердің рухани мүмкіндіктерін дамыту, патриоттылық рухында тәрбиелеу;

- Салауатты өмір салтын қалыптастыруға  арналған іс-шаралар жүргізу.

5В012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін -өзі тану мамандығы бойынша білім бакалаврлары мынадай кәсіби қызмет түрлерін атқара алады:

-     әлеуметтік – педагогикалық – жергілікті халықтың әлеуметтік қорғансыз бөлігіне: мүмкіндігі шектеулі адамдарға, оралман отбасыларына, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына гуманитарлық-әлеуметтік қолдау көрсету; олардың толыққанды өмір сүруіне арналған тиімді жағдайлар құруға көмектесу;

-    оқу-тәрбиелік – балалардың жеткіншектер мен жастардың әлеуметтенуі және тұлғалық дамуы; тәрбиелеу және оқыту процестерін ұйымдастыру, педагогикалық процесті басқару;

-   ұйымдастырушылық - әдістемелік–орталықтар мен әлеуметтік қызмет көрсету органдарын құру, әлеуметтік жұмыс тәжірибесін зерттеу, қорыту, тарату; жергілікті халықты заң шығарушы және басқа да құқықтық актілермен таныстыруды ұйымдастыру;