5В012200 - Орыс тілі мен орыс әдебиетін қазақ мектептерінде оқыту

Білім беру бағдарламасының мазмұны. 5В012200 - орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті бакалавр мамандықтың білім беру бағдарламасы теориялық, тәжірибелік-бағыттық талаптармен кәсіби және әлеуметтік құзырларға сәйкес дайындалған.

Тіл білімі кафедраларында, қазақ және әлем әдебиеті кафедрасында сапаның менеджментінің жүйесі іске асырылғандығы, үнемі жақсарту принципіне сәйкес дамуы жыл сайын өткізілетін институтішілік аудит негізінде расталған.

Тіл білімі мен қазақ және әлем әдебиеті кафедралары 5В012200 – орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті мамандығын дайындауда келесі міндеттердің ауқымын жүзеге асырады: білім беру кеңістігінің халықаралық ықпалдастығындағы бағдарламалар мен жобаларына қатысу; автоматтандырылған ақпараттық-талдау "Platonus" жүйесін пайдалануды кеңейту; ЖОО-да барлық үдерістерді (жоспарлау, орындалу, тексеріс, талдау, жетілдіру) тиімді ұйымдастыру есебінен мамандар дайындығының сапасын көтеру мен қазіргі білім беру технологиясын (кредиттік, қашықтықтан оқыту) дамыту; оқытушылардың кәсіби өзін-өзі жетілдіруі, құзырлық деңгейінің өсуі, мамандарды дайындау және қайта даярлау; инновациялық және инвестициялық жобаларға қатысу, патенттер мен куәліктер алу үшін құжаттар дайындау; алыс және жақын шетелдердегі партнер-ЖОО-дың филологиялық кафедраларымен ынтымақтастықтың аумағын кеңіту және белсендіру, өзара әрекеттестіктің жаңа пішіндерін іздеу; әдебиет пәндері топтамасы негізінде рухани-адамгершілікке, эстетикалық және еңбекке тәрбиелеу .

5В012200 - орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті бакалавр мамандығының жалпы білім беру бағдарламасының мақсаттары біліктіліктің еуропалық қалыптарымен келісілген дублин дескрипторлармен үйлестірілген.

5В012200 – орыс тілінде оқытпайтын мектептерде орыс тілі және әдебиеті мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы мазмұнының үш негізі бағыты анықталған: жалпы білім беретін бағыт,  негізгі бағыт профильдік бағыт. Білім беру бағдарламасының бағыты қажетті, біртұтасты қамтылған, маманның кәсіптілігі, бағытаралық мінезі, іргелі дайындықты байланыстыру, студенттің дәрісханалық жүктемесі және өзіндік жұмысы арасындағы байланысында анықталған. Білім құрамының мазмұны, теориялық және практикалық арақатынасы орынды анықталған. Білім беру технологиясының көзқарасының жетістікері, қойылған мақсатымен түрлері және оқу дәрістері анықталған.

5В012200 – орыс тілінде оқытпайтын мектептерде орыс тілі және әдебиеті мамандығы бойынша білім беру бағдарламасының мазмұны саясатты жетілдіру процедураларын қалыптастыру, студенттердің қажеттілігі, оларды қабылдау барысында сақталады. Бұл бағдарламаның қалыптасуы жұмыс берушінің еңбек жәрмеңкесіндегі қажеттілігін қанағаттандырады. 5В012200 – орыс тілінде оқытпайтын мектептерде орыс тілі және әдебиеті мамандығы бойынша жалпы білім бағдарламасының оқу жоспары сабақтастық, жалғастық, тиімділік ұстанымдары ескеріле отырып жасалынған.

5В012200 – қазақ тілінде білім беретін мектептердегі орыс тілі және әдебиеті мамандығы бойынша білім беру бағдарламасының мазмұны (ГОСО) БМЖС талаптарына сәйкес. Міндетті түрде білім беру жоспарлары белгілі бір талапқа сай келеді. Яғни, пәндік құрамның міндеттілігі және бөлінген кредиттердің саны, практикасы, дене шынықтыру сабағы толық оқу жоспарының талаптарына сәйкес.

Білім беру бағдарламаларын игеру үшін курстың қысқаша мазмұны, міндеттері мен күтілетін нәтижелері, құзіреттілік тізбесі, пререквизиттер мен постреквизиттері құрайтын таңдау пәндерінің каталогы жасалған. Таңдау пәндерінің каталогы қазіргі заманғы қоғам мен ғылымның жетістіктері,  пәннің өзектілігі мен жұмыс берушілер талаптары ескеріле отырып жасалынады.

5B012200 - орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті мамандығы шеңберінде жалпы білім беру бағдарламаларын өткізудің мүмкіндігі қашықтықтан білім беретін технологияларды қолдануы (ГОСО) БМЖС талаптарына сәйкес.

Институтта оқу жоспарының және қойылған міндеттердің орындалуын, сонымен бірге олардың орындалуын қайта сараптама жасау үшін тексеретін оқу-әдістемелік басқарма, оқу бөлімі қызмет етеді.

Білім беру бағдарламасының мақсаты. 5В012200 – орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдібиеті білім беру бағдарламасы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты миссиясына сәйкес іске асырылады және біліктілігі жоғары кадрлар – құзыретті және бәсекеге қабілетті, азаматтық көзқарасы анық байқалатын, аймақтағы да және бүкіл елдегі еңбек нарығында сұранысқа ие орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін үздіксіз және жүйелі даярлаумен байланысты.

5В012200 – орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдібиеті білім беру бағдарламасын іске асыру Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты құрылымында жүзеге асырылады,  мемлекеттік лицензиясы АБ № 0142692, білім және ғылым саласындағы бақылау Комитеті мен Әділет Министрлігінің ОҚО әділет Департаментінде 28 маусымда 245-1958-01-РМСК № 110740004288  мерзімі шектеусіз заңды тұлға ретінде тіркелген және ҚР 27.07.2007 жылғы №319-Ш «Білім туралы» Заңының барлық ережелерімен (2014 жылғы 14 қаңтардағы жағдай бойынша өзгерістер мен толықтыруларымен).

Стратегиялық мақсат орыс тілі мен әдібиеті мұғалімі педагогтарын (5В012200 – орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті ЖБ) даярлау арқылы үздіксіз білім беру моделін қалыптастыру мен еңбек нарығын осы білім беру бағдарламасының бәсекеге қабілетті түлектерімен қамтамасыз етуге негізделген. Бағдарламаның білім беру форматы кәсіби білімін біліктілік сипаттамасына сәйкес білім берудің әртүрлі мекемелерінде қолдана алатын және заманауи талаптарға жауап беретін кәсіби құзыреттіліктерге ие,  жаңа заманның орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлауға бағытталған.

5В012200 – орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының стратегиялық менеджменті ұзақ мерзімдік жетістіктер мен бағдарламаның тұрақтылығына көз жеткізуге бағытталған: білім алушылар  ҚР 6.08.068-2010  БМЖС-ында, ҚР білім және ғылым Министрінің  8.08.2011жылғы №349 бұйрығына сәйкес өзгерістер және толықтыруларымен  Білім және ғылым министрінің №514,  3.11.2010 жылғы бекітілген және іске кіріскен №514 бұйрығында анықталған кәсіби қызметтің типтік міндеттерін шешу дағдыларын иемденеді.

Білім беру бағдарламасыныңа спасын қамтамасыз ету саласындағы саясат сапаны басқарудың өзіндік жүйесін қалыптастыруға, жұмыс берушілердің құқықтық нормалары мен талаптарына сәйкес, білім алушыларға бағыт беру арқылы білім беру қызметтерінің жоғары сапасын қамтамасыз етуге бағытталғын. Мамандарды даярлау сапасы 07.06.2012 жылы «Русский Регистр» сертификаттау жөніндегі Ассоцициясының сапа менеджменті жүйесін сертификаттау жөніндегі органының ISO 9001:2008  стандарттары бойынша аттестатталған ОҚМПИ сапа менеджменті Жүйесіне сәйкес жүзеге асырылады (07.06.2012 жылғы №12.0522.026 сәйкестік сертификаты). 

Білім беру бағдарламасын дамытуды жоспарлау ҚР Білім және ғылым министрлігінің стратегиялық жоспарына, ОҚМПИ 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. Білім беру бағдарламасының мақсаттары қоғамның, экономиканың және еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып түзетіледі. ҚР Үкіметінің 23.08.2012 ж  №1080 Қаулысымен бекітілген ҚР БМЖС кіріспесіне сәйкес, «Тіл білімі», «Қазақ және әлем әдебиеті» түлек шығарушы кафедралары 5В012200 – орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бакалаврларды даярлауға арналған Модульдік білім беру бағдарламасын (МББ) әзірледі және бекітті. Бағдарлама бітіруші курс студенттерінің өндірістік іс-тәжірибесіне кредиттер санын арттыруды көздейді, ол өз кезегінде білім беру саласында қажетті мақты кәсіби дағдылардың қалыптасуына ықпал етеді. Осыған байланысты жұмыс берушілермен байланысты нығайтуға және студенттердің кәсіби іс-тәжірибесін өткізу базаларын тиімді таңдауға ерекше назар аударылады. Аталған міндеттің шешілуіне Шымкент қаласының № 1, 5, 7, 29 орта мектептерімен, лицейлерімен және гимназияларымен бірлескен әріптестік  және Оқу-ғылыми-өндірістік (білім беру) кешенін құру туралы келісімшарттар ықпал етеді.

 

5В012200–орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орысқ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының жалпы құзіреттілігі:

- лингвистикалық және әдебиеттану ғылымдарының негізгі теориялық ережелерін, әдістемелік қағидаттары мен категорияларын білу;

- қазақ, орыс тілдерінің құрылымы, тілдік бірліктері мен олардың қызметін, әдебиеттің негізгі даму сатылары туралы негізгі білімі болу;

- лингвистика және әдебиеттану салаларындағы талдаудың негізгі әдістерін меңгеру;

- тіл білімі мен әдебиеттанудың негізгі теориялық ережелерін, лингвистика мен әдебиеттанудың әдістері мен әдістемелік ұстанымдарын және филологиялық ғылымның пікірталас мәселелерін білу;

- қазақ тілі мен әдебиетінің тарихы әрі қазіргі қызметі және диалектілік пен әлеуметтік жағдайларға байланысты әр тұрғыдан талдай білу;

- тілдік және әдеби құбылыстарды зерттеуге аспектілік әрі кешендік тұрғыдан келе білу, тіл мен әдебиет дамуының тенденцияларын, сонымен бірге олардың өзге тілдер және әдебиеттермен генетикалық-типологиялық қатынастарын жеке және кешенді тұрғыдан талдай білу;

- тіл мен әдебиетті оқып білудің синхрондық және диахрондық амалдарын, орфография, орфоэпия, пунктуация мен сөйлеу мәдениетінің қабылданған нормаларын білу;

- әдебиет сынының мәселелері мен оның бағыттары бойынша бейімделуге және ғылыми әдістеме мен эстетика тұрғысынан көркем шығармаларға әрі әдеби үрдістің құбылыстарына сыни баға беру.

5В012200–орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының кәсіби құзіреттілігі:

- тіл жөніндегі оқудың негізгі теориялық ережелері, лингвистикалық және әдебиеттану ғылымдарының методологиялық ұстанымдары мен категорияларың тіл мен көркем әдебиет байланыстары, тіл мен ойлаудың ара қатынасы мәселелері, тіл мен әдебиетті оқып білудің синхрондық және диахрондық амалдары, қазіргі тіл білімі мен әдебиеттанудың дискуссиялық мәселелері, т.б туралы түсініктері болу; мамандықтың әдістемесі мен практикалық мәселелерін нәтижелі меңгерілуі үшін, қажетті мөлшерде, жалпы кәсіптік негіздерін білу;

- қазақ тілі мен әдебиеті теориясының пәнін, мақсаты мен міндеттерін, негізгі түсініктерін, даму тарихы мен қазіргі жағдайын білу;

-қазақ тілінің лексикалық қабаттарын, олардың әлеуметтік – қызметтік, қызметтік-стилдік және экспрессивті-стилдік мінездемесіне сәйкес ажырата білуге;

- теория мен тәжірбиеде әдеби тілдің орфографиялық, орфоэпиялық және стилистикалық нормаларын меңгеру;

- өнер түрі ретіндегі әдебиет пен оның түрлері мен жанрлары, көркем образ түсінігі мен типтеу әдістері жөніндегі және поэтикалық троптар мен өлең құрудың негізгі жүйелері туралы білу;

- әдеби бағыттарды, ағымдар мен мектептерді, көркем әдебиетке тән ерекшелікті, оның эволюциясы мен қазіргі жағдайын, әр түрлі тарихи-мәдени дәуірлердегі жазушылардың шығармашылығын білу;

- әдебиет тарихы дамуының негізгі кезеңдерін (қазақ, орыс, шетел алыс және жақын шетел әдебиеттерінің), олардың адамзат тарихы және халық мәдениеті тарихымен ара қатынасын, әдеби ағымдардың, бағыттардың, әдістердің түсініктік мазмұны мен зерттеудің қағидаттарын, сюжеттік-композициялық ерекшеліктері мен көркемдік бейнелеу амалдарын білу.